Home » Білім және тарих » Тәуелсіздік тұтқасы – бізге аманат

Тәуелсіздік тұтқасы – бізге аманат

Халқымыздың ең ұлы мақсаттарының бірі – ұлттық тәуелсіз мемлекет құру болды десек, биыл Қазақстанның өз алдына тәуелсіздік алып, егеменді ел болғанына 25 жыл. Біз үшін бұл кезең тұтас бір дәуірмен пара-пар, өйткені Тәуелсіздік – ата-бабаларымыздың жүздеген жылдармен өлшенетін арман-аңсарының шын мәнінде жүзеге асуы болды.

Тәуелсіздіктің 25 жылында біздің еліміз елдікті нығайту мен әлеумет ахуалын жақсартуда ауқымды жетістіктерге жетті. Тәуелсіздік алғаннан бастап Қазақстан өзін әлемдік аренада үлкен күш қуатты мемлекет ретінде танытты. Мұқият ойластырылған, мақсатты саясат, күшті жобалар Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына қарай батыл мүмкіндік берді, сонымен қатар, білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыты өскелең ұрпақты тәрбиелеу жүйесін дамытуға негіз болды.

Елбасының «кез-келген елдің болашағын оның жас ұрпағы құрайды» деген қағидасына орай жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру мемлекеттің басты назарында. Бұл жаңа қоғамның қол жеткізген жетістіктерін, ондағы әрбір ұлтжанды азаматтың өткенін екшеп, болашағын болжауына тұратын мерзім. Жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беруден жалықпаған ұстаздар әулетінің де өз міндетін орындап, еліміздің ертеңі – оқушы жастарды тұлға ретінде қаншалықты қалыптастыра алғанын да бағамдау уақыт талабы.

Білімге көңіл бөлу – ел болашағын ойлау. Елбасының «Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі – халқының білімділігімен анықталады» дегені көрегендіктен туған сөз. «Білімсіз – ғылым, ғылымсыз – жаңалық та, даму да болмайды». Жаңалық жаршысы – шәкірт бойына білім мен тәлімді мейлінше көп сіңіруге өзіндік үлесін қосушы ұлағатты ұстаздар мен ғылым жолында іркілмей ізденуші ғұлама ғалымдар.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай әр жерде, әр мекемеде түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілуде. Осы мақсатта «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты 23 қыркүйек күні «Біліктілікті арттыру жүйесі: педагогтің кәсіби әлеуетін дамытудағы инновациялық шешімдер» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция өткізді. Конференция жұмысына ғалымдар, біліктілікті арттыру ұйымдарының, облыстық (қалалық/аудандық) білім басқармалары мен бөлімдерінің басшылары мен қызметкерлері, жоғары оқу орындары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқытушылары, мектепте дейінгі, жалпы орта білім беру ұйымдарының педагогтері, адами ресурстарды дамыту мамандары, докторанттар мен магистранттар қатысты. Осы конференцияда педагогтар мен ғалымдар отандық және халықаралық педагогикалық мамандарды даярлау тәжірибесі және олардың кәсіби дамуы туралы мәселелерді талқылады.

Таяуда Қарағанды облысының білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнап өткізген X облыстық кәсіподақ спартакиадасының қорытындысы да шығарылды.

Спартакиадаға қатысушылар командасын қарсы алу салтанатына басқа да көрермендермен және құрметті қонақтармен бірге «Өрлеу» педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру Институтының директоры С.Д. Муканова қатысты.

Осы спартакиадада педагогтер өзара спорттың ұлттық түрлері, волейбол, шахмат және басқалар бойынша жарысты. Жеңімпаз Дипломын жалпы командалық есепте Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы ауданның педагогтері иемденді.

С.Д. Муканова өзінің құттықтауында, спартакиадаға қатысу – алға ұмтылуға қадам, айналадағыларға, оның ішінде – оқушыларға үлгі» екендігін атап көрсетті. Облыста спартакиада қозғалысының кеңеюі қуантарлық жайт.

«Өрлеу» Институтының ұжымы – Қарағанды облысының білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының белсенді мүшесі. Алдағы уақытта «Өрлеу» Институтының қызметкерлері де осындай спартакиадаға қатысады деп үміттеніміз.

Тәуелсіздік – тәуекел еткенге бұйыратын бақыт. Ендеше, келер күнге үмітпен қарап, тәуекел етейік!

Мырзакова Салтанат Баймухатовна,

«Өрлеу» БАҰО» АҚФ Қарағанды облысы бойынша

ПҚ БАИ әкімшілік-ұйымдастыру мәселелері бойынша басқармасының бас маманы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.