Home » Сценарийлер » Тәуелсіздік күні

Тәуелсіздік күні

Шайжанова Мира,
ШҚО, Жарма ауданы,
Балықтыкөл негізгі
мектебінің мұғалімі.    

Мақсаты: Балалардың бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру. Тәуелсіздік күні туралы терең мағлұмат беру. Тәуелсіздік үшін күрескен, желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, желтоқсан құрбандарының ерлігі жайында әңгімелеу. Туған жерін, елін сүюге тәрбиелеу.
Зал іші мерекеге сай әсем шарлармен, әдемі безендірілген.
Гимн  қосылады.
 1 жүргізуші:

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Бүгін біз Тәуелсіздігіміздің 27 жылдық мерекесін тойлағалы отырмыз. Бәрімізге мереке құтты болсын!
Менің байтақ Отаным,
Бір өзіңсің Мұхтар, Абай, Шоқаным.
Тәуелсіздік –сәбиімнің күлкісі,
Тәуелсіздік ақ батасы атамның.
Мерекелік шарамызды бастамас бұрын Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұранына кезек береміз.
«Тәуелсіздік» — ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі осынау қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті. Балалар, сендер тәуелсіз қазақ елінің жас ұландарысыңдар. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиіс екендеріңді естен шығармайық.
Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.

Егемендік — ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!
2-жүргізуші: Біз осы тәуелсіздікке оңайлықпен қол жеткізген жоқпыз. Оның бір көрінісі желтоқсан оқиғасы. Желтоқсан оқиғасында еліміздің болашағы үшін жанын құрбан еткен көптеген аға-апаларымыз Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхаметжанова, Қайрат Рысқұлбеков болды. Олар ерен ерліктерімен көзге түсті. Айта кететін болсақ солардың бірі – Қайрат Рысқұлбеков. Ол қыршын жасын қиды. Оған үлкен айып тағылды.
Ерлігіңе қуанам да, сүйінем,
Қайрат аға рухыңа мен иілем.
Бәйшешектің солғанына ах ұрсам,
Әділ жанның қазасына күйінем.
Қазір сіздердің назарларыңызға желтоқсан оқиғасы жайында бейнефильм тамашалаңыздар.
«Болмыс» бейнефильмі
Жүргізуші: Осыдан 32 жыл бұрын, яғни 1986 жылы Алматының бас алаңына жастар жаман оймен барған жоқ. Олар бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысқан. Енді міне, осы желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апаларымыздың арқасында ата-бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік.Бас алаңда ел жосқан,
Жастар қаны жуған түн.
16 желтоқсан — Тәуелсіздік туған күн!
«Он алтыншы желтоқсан» әні (Диляра)
2-Жүргізуші: -Міне, балалар, бүгінгі таңда Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Тәуелсіз дегеніміз-еркіндік, бостандық деген мағынаны білдіреді. Біз тәуелсіздігімізді 1991 жылы 16 желтоқсанда алдық. 1991 жылдың 1 желтоқсанында халқымыз Н.Ә.Назарбаевты Елбасымыз етіп сайлады. Тәуелсіз мемлекет болғанымызға биыл 27 жыл толып отыр. Қазіргі таңда біздің өзіміздің мемлекеттік рәміздеріміз, елбасымыз бар, Егеменді Қазақстан мемлекетіміз.
1-жүргізуші Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,
Мықты болсын елімнің керегесі.
Тату-тәтті боп халқымыз әрқашан,
Кетпесін туған жердің берекесі.
Тәуелсіздік туралы өлеңдер оқылады /5-9сынып оқушылары/
«Көк байрақ» биі (3-4 сынып қыздары)
Ендеше осы мереке қарсаңында мектебіміздің сабақта, қоғамдық жұмыста белсенді оқушыларын «Жас ұлан», «Жас қыран» қатарына қабылдау салтанатын өткізейік. Қазақстан күннен-күнге өркендеп, гүлденуде. Біз, осындай елде туғанымызға бақыттымыз. Бүгін ұстаздар және оқушылар Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау рәсіміне куә болғалы отыр.
2 жүргізуші: Олай болса ортамызға республикалық «Жас Ұлан» бірыңғай  балалар мен жасөспірімдер ұйымына    қабылданатын оқушыларды шақырамыз.«Атамекен» әнінің музыкасымен «Жас Ұлан» ұйымына қабылданатын оқушылар саппен кіреді. Белгіленген орынға келіп тұрады./«Жас Қыран» тобына
Амангелді Сұлтан
Есенгелді Алихан
Кенесханов Темірлан
Мұхамеджанова Күмісай
Сағимұрат Балауса
Чайкубаева Гүлім
«Жас Ұлан» қатарына :
Кенесханов Амир
Мәми Ернұр
Нұрлан Шыңғысхан
Орынғазиев Сұлтан
Оразғали Қайсар   қабылданбақ.
1-жүргізуші: Білімді-көкіректе нұр деп түсін,
Жігерім, жалынды отты жыр деп түсін.
Аталған мақсат талап ережені,
Орындауға бәрің де міндеттісің!
Ұланбасы: Ұйым түзел, тік тұр!
Ұланбасы: Құрметті Серік Сағимұратұлы ! Республикалық бірыңғай «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына Балықтыкөл негізгі  мектебінің оқушыларын қабылдауға рұқсат етіңіз!
Директор: Рұқсат етіледі
Ұланбасы: «Жас Ұлан» ұйымының қатарына кіруге дайынсыңдар ма?
Оқушылар: Дайынбыз!
Ұланбасы: «Біздің ұран»
Оқушылар: «Қазақстан – Нұрсұлтан – Жас Ұлан» — 3 рет.
1-жүргізуші: Құрметті қонақтар және ұстаздар, сіздерді «Жас Ұлан» ұйымына қабылданған оқушыларға туымыз түстес көгілдір галстук және төс белгілерін табыстау рәсіміне шақырамыз.
Ұланбасы: Ант қабылдансын!
Оқушылар:
Біз – Республикалық бірыңғай «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер қатарына кіре отырып:
Өз Отаным –Қазақстан Республикасының патриоты болуға.
Мемлекеттік Рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге туған елім, жерім, Отанымды мақтан етуге, ата-анамды қадірлеуге, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге, білімге табандылықпен ұмтылуға, салауатты өмір салтын ұстауға, табиғатты аялауға «Жас ұлан» Ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымнан талап етуге ант етемін!
Біздің жерлестеріміздің даңқты ерлігі, өнегесі негізінде ерлікке үйренуге және Отанға шексіз қызмет етуге салтанатты түрде
БАРЛЫҒЫ БІРГЕ: АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН!
Ұланбасы: «Ұйым түзел, тік тұр!»
/«Жас Ұлан» әнұраны орындалады/
1 жүргізуші: Құттықтау сөз кезегі құрметті қонақтарымызға беріледі.
2-жүргізуші: Құрметті «Жас ұлан» ұйымының мүшелері! «Жас Ұлан» ұйымына қабылдануларыңызбен құттықтаймыз! Егеменді еліміздің еңселі азаматы болуға тілектеспіз.
1-жүргізуші ендеше «Тәуелсіздік күні»  мерекесіне орай  және де  сіздердің «Жас Ұлан»  ұйымына қабылдануларыңызға орай мектеп оқушылары дайындаған концерттік қойылымдарды тамашалаңыздар.
1-сынып орындауында «Астана» әні және қазақ биі.
2-сыныптар орындауында «Туған жер» әні
3-4 сынып орындауында «Туған жердей жер болмас» әні
5-сынып орындауында «Қазақ елі»әні
6-сынап орындауында «Егемен елім»әні
7-8-сынып қыздарының орындауында «Жаса Қазақстан» әні
9-сынып орындауында  «Атамекен » әні
Жүргізуші: Құтты болсын ағайын,
Тәуелсіздік мереке.
Тілейміз біз сіздерге
Ырыс ,бақыт,береке.
дей келе тәуелсіздігміз мәңгілік болсын,аспанымыз ашық болсын,ел іргесі тыныш болсын. Мәңгілік ел болайық деген тілектермен бүгінгі мерекелік жиынымызды аяқтаймыз.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.