Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің, Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің. Бүгінде бар әлемге даңқың жетті, Тәуелсіз Қазақстан – елім менің!
Еліміздің тәуелсіздігіне биыл 25 жыл толып отыр. Тәуелсіздік біздің елімізге оңай келген жоқ. Бұл тәуелсіздік қазақ халқының ежелгі арманы еді. Тәуелсіздік жолында талай адам қиыншылықты бастан кешірді. Бірақ, ешқашан да мойымады, күресе білді, азаттық таңы туатынына кәміл сенді.
Тәуелсіздігіміздің негізгі себепкері Алматыда өткен 1986 жылғы желтоқсан көтерілісі еді. Бұл көтерілісте елім, жерім, атамекенім деген батыр аға-апалары-
мыз бас көтерді. Олар әділдік үшін көтеріліске шықты.
Ата-бабамыз аңсаған азаттық таң, армандаған тәуелсіз күн арайлап атып, көк туымыз көкте желбіреді. Еліміз 1991 жылы 16-желтоқсанда тәуелсіздік алды. Тәуелсіздік алғаннан кейін өз рәміздеріміз дүниеге келді. Олар: Әнұран, Елтаңба, Ту. Рәміздеріміз біздің еліміздің бостандығын, еркіндігін, егемендігін білдіреді. Осылайша елбасымыз сайланды. Ол – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Осы 25 жыл ішінде еліміз көптеген жетістіктерге жетті. Еліміз күннен-күнге көркейіп, әлемдегі аса дамыған 50 елдің қатарына енді. Ең үлкен жетістіктеріміздің бірі ЭКСПО -2017 көрмесі. Әлем елінің ғылымдағы,өндірістің сан саласындағы жеткен жетістіктері де осы көрмеге қойылады. Жаңа ғасырдың көптеген көкейтес-
ті мәселелері талқыланатын, ғаламшар экологиясын жақсартуға қатысты ұсыныстар айтылатын жер де осы — көрме. Қазір елімізде ақпараттық технологияның дамыған кезеңі. Еліміздің жастары білім алуы үшін жағдайлар жасалды. Көптеген мектептер мен бала-бақшалар, ауруханалар салынды.Осындай жетістіктерге жетуіміз, елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың көрегендігінің арқасы деп білемін. Мен ол кісіге шексіз ризамын және алғыс айтамын. Өзім де осындай өсіп-өркендеген, күн санап дамыған мемлекетте туып – өскеніме қуанамын және мақтанамын. Мен өз елімді сүйемін! Өз еліме тілерім, әрқашан биік шыңдардан көріне бер деп тілеймін.Біз секілді балалар өз еліне адал қызмет етуден жалықпасын. Өйткені, біз өз еліміздің болашақ жастарымыз.
Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз. Сондықтан да, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!
Астана қаласы
№61 орта мектептің
4 «Д» сынып оқушысы
Тұрлыбек Гүлназ Азатқызы
Сынып жетекшісі:Спиянова Ұлжарқын