Біздің халқымыз тарихтың қатпар-қатпар қыртыстарына тамырын терең жіберген қиын да қызықты, талайлы тағдыр кешті. Ол негізінен тәуелсіздік жолындағы күрестен өтті.
Бүгінгі Қазақстанның алдына уақыт қойыпрған міндеттердің ауқымы мен артар жауапкершілік жүгін әлгіндей оқиғалардың жанды тізбегін, ата-бабаларымыздың жүздеген ұрпақтарының жанын жай таптырмаған азапты ізденістерін ескермей тұрып бағалау да қиын.
Қазақстанның тәуелсіздік тарихы аппақ парақ бетіне күні кеше түсе қалған жоқ. Оның көне дәстүрлері бар. Бүгінгі күнді түсініп-түйісу үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де, кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек. Бүгінгі әлемге біз өзімізбен-өзіміз болып, томаға тұйық күй кешкен күннен келіп отырмыз. Өз бетімізбен, талай жерге сүріне-қабына жетіп отырмыз, бірақ осылай етпесек, онда біржола тоқырап артта қаламыз. Біз онсыз да бұл істі кешігіңкіреп қолға алдық. Енді баяуласақ осы қалғанымыз қалған.
Тәуелсіз Қазақстан – мәңгі жасыл, діңгегі берік, көпжылдық ғұмыры бар қарағай ағашы іспетті, неге десеңіз қарағай діңгегі берік – бұл біздің бірлігіміз, қылқанжапырағы бұл біздің – халқымыз, көп жылдық өмірі – біздің тәуелсіздігіміз, мәңгі жасыл түсі – біздің ашық аспанымызбен кең пейілді көңіліміз.
Биылғы жылы еліміздің тарихындағы елеулі кезең Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеудеміз.
Бұл жырма бес жыл – ел тарихындағы жаңа алтын ғасырдың бір ширегі болса да, осы аз уақыттың ішіндегі ғасырда жасалатын ұлы істердің жүзеге асырылуының куәсі болып отырмыз!
Еліміз осы аз ғана уақыт ішінде Елбасының салиқалы саясаты мен мақсаты айқын Бағдарламасын жүзеге асыра отырып, әлемдегі озық отыз елдің қатарында болуға ұмтылып, соған лайықты ірі жеңістердің жеңімпаздары болуда. Бұл ұлы істердің жүзеге асырылуына біздің Тараз
қаласының айтулы азаматтары да өздерінің нақты, әрі елеулі үлестерін қосып, айтылу мерекеде елеулі еңбектер атқаруда.
Тәуелсіздік тарихының 25 жылдығында тәуелсіз елдің тал бесігінде тербеліп өскен бүгінгі ұрпақ, бүлдіршіндерге білім беріп, 2050 жылғы Қазақстанның жаңа бейнесін қалыптастыратын жастарды тәрбиелеудеміз.
Қасиетті Отанымыз – Тәуелсіз Қазақ елінің мерейі үстем болып, Тәуелсіздігі тұғырлы болғай!
Жамбыл обл., Тараз қаласы, №36 орта мектеп.
Бастауыш сынып мұғалімі — Қонақбаева Кульзахира Тлеукуловна.