1991 жылдың 16 желтоқсаны күні Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы» мемлекеттік құжатқа қол қойылып, Тәуелсіздік күні ретінде жарияланды. Дәл осы күні біздің халқымыздың барлық ұрпақтарының арманы орындалып, ежелгі қазақ жерінде жас мемлекет орнатылды.
Қазақстан Республикасы 25 жылдық тәуелсіздігі уақытында саясат пен экономикада үлкен жетістіктерге жетті. Бүгінгі таңда Қазақстан тек зор мүмкіндіктері бар республика ретінде ғана емес, осы мүмкіндіктерді жүзеге асыратын ел ретінде танымал. Бұл жылдары көптеген өндірістік кәсіпорындар ашылды, күн сайын ғылым мен техника, модернизация үрдісі дамып келеді.
Бүгінгі күні Қазақстанды әлемнің 120 мемлекеті мойындайды. Қазақстан 800-ден артық мемлекетаралық келісімшарттар мен келісімдердің қатысушысы. Біз ұлттар мен халықтардың бейбітшілігі және теңдігі жасап тұрған мемлекетте тұрамыз. Ұлттық-мәдени құндылықтарға, ұлтаралық келісімге, мейірімділікке, балаларға деген махаббатқа толы жаңа ғасырды бастадық.
Қазақстан дамудың жаңа шыңына шығып, ертеңгі күнге сеніммен қарайды.
Берілген құралдың мақсаты – жас ұрпақтың патриоттық сезімдерін, өз Отанына деген мақтанышын, ата бабалардың мәдениетіне, тарихи өткен жақ пен қазіргі уақытқа деген құрмет қатынасын тәрбиелеу.
ТӘУЕЛСІЗДІК
Тәуелсіздік, ту көтерген тұғырым,
Шартарапқа жетті сенің дүбірің.
Байтақ елдің желбіреген байрағы,
Ұзақ болсын ұрандаған ғұмырың!
Тәуелсіздік, туын биік туған ел,
Шаттығынды шапағатпен жырла, кел!
Желтоқсанның жаңғырығын ұмытпай,
Қазағыма қаһармандық тұлға бер.
Байтақ елім барша ғалам таныған,
Түледің сен желтоқсанның қанынан.
Байлығын да, бақытын да бостандық,
Ырысың да, қылышың да жаныған.
Теңіз болып толқып жатқан ұлысың,
Жанарымның жалындаған нұрысың.
Ең қымбаттым, ең аяулым қастерлі,
Сенің тұрып сиынатын пірімсің!
Ата берсін азаттықпен мына таң,
Аспан түстес жалауыңды ұнатам.
Тәуелсіздік, мен де сенің перзентің,
Тізе бүгіп, тәубе етемін, ұлы Отан!
Молдагалиева Лена
Н.Наушабаев атындағы Затобол мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі
Қостанай обл., Қостанай ауд.
Сәлеметсіздер ме! мына өлеңнің авторы неге көрсетілмеген, бұл менің өлеңім ғой. маған автордың телефоны керек. Неге менің өлеңімді өз атынан жариялайды?