Home » Білім және өнер » Мұхтар Әуезовтің мемориалдық мұражай үйінде…

Мұхтар Әуезовтің мемориалдық мұражай үйінде…

Түскі уақытта тамақтан кейін тонымызды арқалап 9 “б” сыныбы жазушы, ғалым Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің мұражайына бардық. Бүгінгі күнімді керемет өтті дер едім, себебі бүгін Әуезов туралы тың мәліметтермен танысып қайттым.

Мұхтар Әуезов – қазақ халқын әлемге мәшһүр еткен, жазушы тұлға. Ал біз сол кісінің 1897-1961 жылдары өмір сүріп, табаны тиген асыл мекенінде болдық. Мұхтар атамыздың тебірене отырып, түрлі пьесалар мен түрлі туындыларды жазған, шағын кітапханасына кіргенде бойыңа шымырлап шабыт келіп, ойыңа озық ақыл кіреді екен. Мұражай үйдің үлкен қонақ бөлмесіне кіргенде ерекше әсерге бөленгеніміз соншалық, ішкі сезімімізді сөзбен жеткізу мүмкін емес. Сонда біреуі: «Кеңес үкіметінің иісі» дегені бола ма? – Ия, көне бір ескі заманға кіріп кеткендей күй кешесің.

Бүгінгі Мұхтар атамыздың мемориалдық мұражай үйіне жасаған саяхатымды негізге ала отырып, алған әсеріммен бөліскім келді. Осылайша ойлана келіп, өз, дара пікірімді қара өлең арқылы жеткізуді ұйғардым. Қазақ халқы – Мұхтарымен жазушы, Мұхтарымен ақын халық!

 

 Н.Д.Асылғазы №56 мктеп-лицейінің 4 «В» сынып оқушысы Жетекшісі:
Б.А.Ишатова №56 мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалім

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.