Ниет етіп намазға,
Бой түзейік құбылаға.
Иман сұрап бір қадам,
Жақындайық Аллаға.
Орындап әрбір парызын,
Тұрғанда бойда жалының.
Ерте болсын қадамың,
Келме тұрып ажалың.
Әрбір күн – әрбір сабағың,
Мәпелеген ата менен ананың
Қадірін ерте білгейсің,
Дұрыс болып амалың.
Күлімдеп қарап бауырға,
Қиындық келсе басыңа
Тәубе қыл сабыр, төзіммен,
Бақ та келер жаныңа.
Аулақ ұстап бойыңды,
Түзей жүріп ойыңды.
Күнәдан қолың таза боп,
Жарық қылып жүзіңді.
Адал еңбек, адал ас,
Болмас сонда қарның аш.
Салихалы ұрпақты
Тәрбиелеп, жолыңды аш.
Тіленіп Құдай жолында,
Иман берсін ғұмырға.
Пенделерге жар бола гөр,
Жаратушы бір Алла.
Динара Жалғасова