Адамға ең бірінші білім емес, рухани тәрбие берілуі керек «тәрбиесіз берілген білім -адамзаттың қас жауы ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» — Әл –Фараби айтқандай балаға әуелі білімнен бұрын тәрбие берілуі тиіс.
Бала тәрбиесі — қиын да қүрделі процесс. Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата-ана алдына нәзікте қиын қыр – сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады. Ол бала тәрбиесі: Ата-ана бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Бала үшін олардан асқан тәрбиеші жоқ.
Адамгершілік, бауырмалдық, қайырымдылық, татулық, әдептілік сиякты касиеттер отбасынан бастау алатыны белгілі. Тәрбие балаға сөзбен теориямен дарымайды, үлкендердің, үлгісімен сіңеді.
Сондықтан да дана халқымыз «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер » деген ғой. Ия бала тәрбиесінде әке мен ана бірдей жауапты. Үңіле қарағанда балаға әкеден гөрі ана жақын тұратын сияты болып көрінуі мүмкін. Жасыратын ешнәрсе жоқ, бала тәрбиесінің көп салмағын аналар көтеретіні де рас.
Алайда ата — ана деген сөзіміз қалай қосарланып қатар айтылса, бала үшін екеуінің де орны ерекше. Балаға ата-ана орысыз ұрсып, зекіп сұрағына дөрекі, келте жауап беру немесе әділ талап коя алмау ата-ананың беделін жояды. Ұл мен қыз мінез – кұлқыңда, жүріс тұрысында, сабаққа дайындығында қандай өзгерістер бар? Болашақта кім болғысы келеді? Мұндай сұрақтар әкесін де, шешесін де тең ойландырған дұрыс. Бала тәрбиесінде ұсақ түйек деп қарайтын ешнәрсе жоқ. Ол үшін әкенің де, шешенің де өзімдік орны бар. Өмірге әкелген бала алдында ата – ана өз жауапкершілігін дұрыс түсінсе, тәлім – тәрбиенің алатын ұясы – отбасы мен мектеп бірін – бірі байытып, толықтырып жатса, алынбайтын қамал, кол жетпейтін биік болмас еді.
Садакова Жайсыгүл,
Павлодар облысы, Баянауыл ауданы
Ш. Айманов атындағы жалпы
орта білім беру мектеп-интернатының тәрбиешісі