Home » Бастауыш » Тәрбиеші туралы ой толғау

Тәрбиеші туралы ой толғау

Астана қаласы,
78 «Асыл» балабақшасы
«Балдаурен» тобыны
ң тәрбиешісі
Бакирбасова Гүлжан Жұмағалиқызы

                                                              Ақырын жүріп анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға.
Абай.

         Жаңартылған білім мазмұнының ғылыми-әдістемелік негіздеріне алынған дамыта оқыту идеясы, болжап оқыту, даралап-деңгейлеп оқыту идеялары бүгінгі таңдағы педагогтан зор білімді, үлкен жауапкершілікті, қажырлы еңбекті, шағырмашылық белсенділікті, ой ұшқырлығын, ізденушілік қабілетті талап етеді.

Жаңа ғасырдағы адамды тәрбиелеу, әлемдегі білім беру деңгейіне, өркениетке көтерілу оңай шаруа емес. Тәрбиеші еңбегі баланың жан-жақты дамуымен өлшенеді. Тәрбиеші еңбегінің күрделілігі – әрбір баланың жүрегіне жол табуында. Әрбір баланың бойындағы қабілетті дамыту арқылы өзін өмірді, әлемді тануға, қоғам алдындағы жауапкершілікті, адамгершілік қадір-қасиетті сезіндіру.

Бүгінгі тәрбиеші – дүниежүзілік мәдениетті танитын, төл мәдениетін қастерлейтін, сыйлайтын, оны өзгеге таныта алатын, сыйлата алатын, рухани дүниесі бай,  интеллектуалдық деңгейі жоғары, білімді, білікті болу керек.

Тәрбиеші – саяси сауатты, жан-жақты білімді болуы керек, ол өз бойындағы білімді балалардың жүрегіне еркін, шеберлікпен жеткізе білетіндей, әдіскерлік икемділігі баланың психологиялық ой-өрісін бақылай алатын сезімтал психолог. Әрбір тәрбиешінің бойында өз ісіне деген, балаларға деген сүйіспеншілік болуы қажет.

Бүгінгі күрделі процестің бірі – кадр, яғни маман. Өйткені кез келген өзгеріс білікті мамансыз заман талабына жете алмайды.

Біріншіден, тәрбиеші – шығармашылықпен жұмыс істеуші тұлға.

Екіншіден, тәрбиеші – өз беделін өзі көтеруге міндетті екендігін ұмытпаған жөн. Тәрбиеші әрбір оң процесінде балаларды таң қалдыруды ұмытпағаны жөн.

Ғұлама ұстаз әл-Фараби: «Адамға, ең алдымен, тәрбие беру керек, тәрбиесіз білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне опат әкеледі», – деп бекер айтпаған.

Мен «Балапан» ересектер тобындағы 5-6 жасар  балаларға арналған зияткерлік дамыту жаттығуларына аптасына бірнеше рет 20-25 минут бөлемін. Балаларға тапсырманы түсіндіріп, өз беттерінше орындатамын. Мұнда балалардың зейіні, есте сақтау, ойлау қабілеттері дамиды.

Оқыту мен тәрбиелеудің маңызды  міндеттерінің бірі – ұлттық нышандарға, яғни: Туға, Елтаңбаға, Әнұранға, ұлттық мерекелерге балаларды патриоттық сезімде болуға, оларға құрметпен қарауға мақсатты түрде тәрбиелеймін. Патриоттық  тәрбие беруде топта «Туған тіл – тұғырың», «Менің тұңғыш Президентім», «Тәуелсіздігім тірегім» т.б. тақырыптарында ашық танымдық оқу іс-әрекеттерін өткіздім. Ондағы мақсатым: балаларда өз мемлекетінің азаматтары ретінде санап, ана тілімізді, рәміздерімізді құрметтеп қастерлеуге үйрету. Өз еліне деген патриоттық сезімдерін ояту.

«Балапан» ересектер тобына алған менің әдістемелік тақырыбым: «Сюжеттік-рөлдік ойындар»

Мақсатым: сюжеттік-рөлдік ойындар арқылы балалардың сөздік қорларын байыту, тілдерін дамыту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде қолданып, қарым-қатынасқа түсе білу қабілеттерін дамыту. Балалардың күнделікті өмірде басқа рөлге кіріп, сол кейіпкердің өмірінде өзін сезіне алуына жол ашу. Сөйлеу екпінін, интонациясын, мимика, ым дағдыларын қалыптастыру.

Тобымда әр мерекелік ертеңгіліктерде әдістемелік тақырыбымды пайдалана отырып, қойған мақсаттарымды орындаймын. Айта кететін болсам,  «Төрлет, Жаңа жыл»  ертеңгілігінде «Аңдардың достастығы» атты ертегіні балалар сахналады. «Жыл басы – Наурыз» ертеңгілігінде ұлттық  салт-дәстүрімізді «Ат қою», «Бесікке салу», «Тұсау кесу» сияқты рәсімдерді сахналық көрініс арқылы көрсетті. Әртүрлі ертегілер оқып, ондағы кейіпкерлерді өздерінің қалаулары бойынша таңдап, рөлдерге бөліп сомдайды.

Олай болса, білім беру, білім бере отырып тәрбие беруді әрбір тәрбиеші ұстаз  жадында ұстауы қажет. Үлкен құрмет пен зор беделге жету оңай емес. Ол жылдар бойы жинақталады. Сондықтан ұстаздың бойында төзімділік, сабырлылық, байсалдылық сияқты аса қажетті қасиеттер болуы керек. Осы талаптарды әрбір тәрбиеші ұстаз тұрақты ұстанып, басшылыққа алып отырса, тәрбиешінің күш-қуаты, көңіл-күйі әрдайым жоғары, еңбегі жемісті және балаларына сенімі зор болады.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.