Тәрбиешінің айналысатыны – үнемі қозғалып, өзгеріп,
өсетін, өркендейтін тірі адам болғандықтан, біркелкі әдістен табан аумай шектеліп қалуға болмайды…
Сабақ беру – үйреншікті жәй шеберлік емес, ол – үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер…
Ж. Аймауытов
Иә, баланың ақылды, саналы, тәртіпті болуы тікелей тәрбиеші, педагогтарға байланысты.
Біз айналамызға көңіл аударсақ:
— Тұнып тұрған әсем табиғатты;
— Еңбекке жұмылып жатқан адамдар өмірін;
— Көшелер, үйлер, ғимараттардың әдемілігін;
— Өмірдегі, өнердегі сұлулықты көреміз.
Ал бұл сұлулықты балалардың бойына сіңіру үшін балалар бақшасындағы тұрмыс эстетикасынан бастауымыз керек.
Тұрмыс эстетикасы:
— Көркем қарапайымдылықтан;
— Күнделікті тұтынылатын заттардың ақылмен таңдалып алынуынан;
— Әр заттың өз орнында жарасып тұруынан;
— Басы артық еш нәрсенің болмауынан көрінеді.
Сонымен бірге балалар бақшасын безендіруге қойылатын талаптар:
— Жиһаздардың пайдалылығы, жабдықтардың практикалық тұрғыдан қажеттілігі;
— Тазалық, қарапайымдылық, әдемілік;
— Әрбір заттың көзге сүйкімді, анық көрінуін қамтамасыз ететіндей түс пен жарықтың дұрыс ұштасуы;
— Безендірудің барлық құрамдары біртұтас ансамбль құрайтын болуға тиіс.
Міне, бұл да балалардың бойында эстетикалық тәрбиені қалыптастыруда маңызды мәселе.
Сол себепті бүгін сіздермен «Тәрбиешінің кәсіби құзыреттілігін, эстетикалық мәдениетін дамытуда шеберліктерін шыңдау» тақырыбында шеберлік сыныпта ой толғамақпыз.
Ол үшін біз алдымызға мақсат қоя отырып жұмыс жасауымыз керек.
Мақсаты:
— Сөз, ән, сурет, би, драматизация арқылы бейнелеп жеткізу тәсілдерін меңгерту;
— Көркем шығармашылық қабілетін дамыту;
— Саналы көркемөнерге баулу;
— Ауыз әдебиетіндегі ертегілерді сахналауды тереңдетіп үйрету.
Ал, мақсатқа жету үшін міндетті түрде міндет болуы керек.
Міндеттері:
-Балалардың эстетикалық қабылдауын, сезімі мен ұғымын дамыту;
-Балалардың творчестволық қабілетін дамыту;
-Эстетикалық талғам негіздерін қалыптастыру;
-Ауыз әдебиетке деген сүйіспеншілігін арттыру;
-Бейнелеу өнері, би, музыка құдіретін сезініп, ой елегінен өткізуге баулу.
Эстетикалық тәрбие көркем әдебиет, бейнелеу, музыка, дене тәрбиесі, құрастыру т.б. білім бөлімдерінде қолданылады. Соның ішінде көркем әдебиетте балалар ертегіні сахналау арқылы:
— Киімнің әдемі үйлесімді болуын;
— Рольді нағыз актерлік шеберлікпен ойнауды;
— Кейіпкерлермен шынайы қарым-қатынас жасауды үйренеді, біледі.
Ал, енді осы жерде мен сіздердің ойдан ертегі құрастыру қабілеттеріңізді тексеремін.
I –топтағы тәрбиешілер, сіздер ертегінің басын, ортасын құрастырасыздар;
II-топ тәрбиешілері, ертегінің шарықтау шегін және соңын қорытындылайсыздар.
Мысалы: Ерте, ерте, ертеде бір кемпір мен шал өмір сүріпті. Олар бір перзентке зар болған екен. Әжей құдайдан бір перзент сұрап жылап отырғанда көз жасының тамшысынан бармақтай бала пайда болыпты. Бармақтай бала күн санап өсіпті. Ол ер жетіп, елін, жерін қорғайтын батыр болып өсіпті. Осылайша, атай, әжей — үшеуі бақытты өмір сүріпті.
Балаларға ертегіні ойдан құрастырып айтуды үйреткенде біз балалардың сөзді әсем қолдануын, сөйлемді бір-біріне байланыстыра білуін, ойлау қабілеттерінің ұшқырлығын қалыптастыра алады екенбіз. Балалар ертегіні тыңдай отырып музыканы да тыңдады, табиғатты көрді, түстерді де ажыратты.
Барлық эстетикалық сезімдерді сөзбен жеткізу мүмкін емес. Сезімнің музыкада терең және толық жеткізілетін қырлары бар.
Ол туралы композитор П.И. Чайковский былай деген: «Сөздің шамасы келмеген жерде ең әдемі тіл — музыка құдіреті болып табылады».
Ал, енді музыка мен түстің арасында қандай байланыс бар екен, соны көрейік:
Сіздерде «музыка» және «түс» дегенде қандай ой туындайды, нені елестетеміз?
Мысалы:
Музыка Түс
-қуанамыз -көңіл-күй
-күлеміз -қиялдау
-ләззат аламыз -кемпірқосақ
-әуен -бояу
-би
-сезім
Енді мына алдарыңызда тұрған 16 парақшаға қойылған әуенге сәйкес сезініп, әр парақшаға түстерді бояйсыздар. Мысалы: қорқынышты әуен-қара түсте, көңілді әуен-жасыл немесе сары түсте т.б.
Енді осы жасаған жұмыстарыңыздың ішінен өздеріңізге ұнайтын 3 түсті таңдап алыңыздар. Таңдап алған түстеріңізді қалай түсінесіздер, соны алдарыңыздағы дәптерге 3 түсті 3 қатарда жазасыздар. Мысалы: жасыл -жасыл жайлау, көк – көк аспан т.б.
Келесі тапсырма: Сіздердің шығармашылық бейнелеу қабілеттеріңізді байқау үшін 2 топ болып плакатқа мына стол үстіндегі гуаш, желім, майлы бояу, тіпті жаңағы қағазға бояған 16 түсті де қолданып сурет саласыздар.
Міне, осы жұмыстарды жүргізген кезде біздер мынадай нәтижеге қол жеткіземіз:
Күтілетін нәтиже:
-Адамгершілік, рухани, ақыл-ойы жағынан дамыған;
-Еліне, жеріне деген сүйіспеншілігі мол;
-Сөздік қоры, тілі, сөз мәнері дамыған;
-Эстетикалық талғамы биік тұлғаларды көре алады екенбіз.
Енді осы нәтижені мына кесте арқылы көретін болсақ:
Тәрбиеші Балалар
Көрермен Әртіс
Дирижер Көңілді кеңесші
Көңілді кеңесші Дирижер
Әртіс Көрермен
Еліміздің жарқын болашағы, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының болашағы біздің тәрбиешілердің ізденісіне, балаларға деген сүйіспеншілігіне, кәсіптік деңгейіне байланысты екенін жақсы түсінеміз. Шындығында тәрбиешінің алдында балаларға білім мен тәрбие беруде үлкен жауапкершілік тұр. Әрбір баланы оқытып, тәрбиелеуге байланысты мәселелерді өздігімен және шығармашылық ынтамен шешуге қабілетті жаңашыл тәрбиеші керек. Білім сапасын көтеруде тәрбиешінің кәсіби құзыреттілігін дамыту — білім сапасын көтерудің басты шарты.
Айдана Бижанова,
«Шұғыла» бөбекжай-балабақшасы, әдіскер
Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы, Оранғай а\о,