Құрметті әріптестер!
Астана қаласының №83 мектеп-гимназиясы 2016 жылғы 11 қаңтарда есігін айқара ашып, алғашқы оқушыларын қарсы алды. Аталған қысқа мерзімде педагогикалық ұжым мемлекеттік стандартқа сай білім берумен қатар, заманға сай инновациялық үрдісте орта білім мазмұнын жаңарту аясында мектеп-гимназияда көптеген жұмыс атқарып келеді.
Мектептің педагогикалық ұжымында 80 мұғалім еңбек жолын жалғастыруда, оның 19-ы жас маман. Бірінші күннен бастап мектептегі жұмысты жаңа тұрғыдан бастау мақсатында инновациялық үдеріске бет алып, білім беруге қатысты бүкіл қауымдастыққа сауалнама жүргізілді. Ата-аналар, оқушылар және ұстаз қауымы жұмыстағы басымдықтарды жылдам анықтады. Объективті себептермен түсіндірілетін жан-жақтан жиналған оқушылардың білім сапасы мен тәрбиелік деңгейі көрінді. Жұмыстың басымдығы – оқу мен оқыту сапасына назар аударды.
Оқушылар ғана емес, сондай-ақ оқытушылар да TALIS халықаралық сауалнаманың қорытындысында кәсіби өсудің, құзыреттіліктің шыңдауының қажеттілігін көрсетті. Мектепті дамыту командасы құрылды. Мектеп-гимназияны дамыту жоспары бекітіліп, ең алғашқы болып кәсіби құзыреттілікті жетілдіру мәселесі жоспарланды. 80 мұғалімнің 13 ұстаз деңгейлік курстан сертификатталған: 3 – тиімді оқыту курсынан және 7 – көшбасшылық курсынан. 14 мұғалімді орта білім мазмұнын жаңарту аясындағы курстан өткіздік.
Мектептің жұмыс циклограммасында бекітілген дарынды және талантты оқушылар, үлгерімін жақсартуы қажет оқушыларға жұмыспен қатар инновациялық жұмыстар да жүйелі, жоспарлы түрде өткізіледі.
Мектептің жоғары жиыны педагогикалық кеңестерде жаңа форматта жоспарланып қызу мен қызықты диалогтік алаң ретінде өткізіледі. Мысалы, осы оқу жылынның алғашқы екі педагогикалық кеңесі: 28 тамыздағы кеңес орта білім беру мазмұнын жаңарту мәселесіне арналса, екіншісі – 7 қарашада өткен кеңес «Үштілді білім беру саясатын жүзеге асыру. Әлем бірлестігінің жағдайында бəсекеге түсе алатын көптілді тұлғаның лингвистикалық құзыреттіліктерді қалыптастыру» мәселесін мектептің тіл білімі мұғалімдері қалай шешетіндіктерін ортаға салды.
2016-2017 оқу жылында педагогикалық ұжым алты шығармашылық топқа бөлінді. Мұғалімдердің педагогикалық жұмысына өзгеріс енгізу, көшбасшылықты дамыту.
Мектепті басқарудың барлық деңгейінде әртүрлі органдардың қызмет ету мазмұны мен функциялары нақты айқындалған. Олардың негізгі бағыттары –педагогикалық ұжымда ортақ ұстаным мен құндылықтарды қалыптастыру, оқыту мен оқуды жақсартуға үнемі ұмтылу арқылы бүкіл оқушылардың табысты болып, жақсы оқуын қамтамасыз ету. Әртүрлі басқару жүйесінің жұмысы өзара тығыз байланысты. Басқару шешімдерінің тиімділігі оқыту мен оқудың үздіксіз кәсіби дамуын жоғарлатады, мектеп қоғамдастығының бүкіл мүшесіне жоғары стандарт белгілеп, өзара құрмет көрсетуіне ықпал етеді.
Оқыту сапасы | Бүкіл оқушылардың оқуын жақсарту |
Мектеп мәдениетінің жағымдылығы | Мектеп бүкіл оқушыларға үміт арттады |
Үздіксіз кәсіби даму | Бүкіл оқушылардың мүмкіндіктері бірдей |
Зерттеуге негізделген тәжірибе | Зиялы жауапкершілік пен бақылау |
Мектеп-гимназия тәжірибесіне өзгеріс енгізудің түйінді факторлары:
Бүгінгі тәжірибе алмасу семинарының тақырыбы ретінде «Сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары арқылы оқушылардың оқуын жақсарту», осы оқу жылының жоспарланған коучингтері толық осы модуль төңірегінде жүргізіледі.
Әр оқушы мен мұғалім өз деңгейінде көшбасшы болса, еліміздің ертеңі жарық болмақ.
Қ.Б.Ботабекова,
№83 мектеп-гимназиясы
директордың ғылыми-әдістемелік
жұмысы бойынша орынбасары,
Астана қаласы