«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты білім беру ұйымдарындағы инновациялық педагогикалық озат тәжірибелермен алмасу, зерделеу және кәсіби қолдау мақсатында «Педагогикалық білім: дәстүрлері, инновациялары, ізденістері, келешегі» тақырыбында облыстық әдістемелік семинар ұйымдастырды.
Мектепке дейінгі ұйым басшылары мен балабақша әдіскерлері қатысқан әдістемелік семинар жұмысы 2 бөлімнен тұрды. Теориялық бөлімде Атырау қаласының №43 «Арман» балабақша меңгерушісі Бектемирова Гүлдана Қайырқызы мектеп жасына дейінгі балаларды ерте жастан дамыту бағытында іс-тәжірибесімен бөлісті.
Семинардың тәжірибелік бөлімі бойынша Атырау қаласының №43 «Арман» балабақшасының әдіскері Джульмагамбетова Мауезия Газизқызы мектепке дейінгі жастағы балалардың өз бетінше үйрену дағдыларын дамыту мәселесіне тоқталса, аталмыш балабақша тәрбиешісі Ержанова Арайлым Ержанқызы «Бауырсақ» ертегісін ІІ сәбилер тобымен театрлық қойылым қойды.
Пікіралмасу мен қорытындыланған шара ұсыныстар қабылдаумен аяқталды.
Қаленова Г.С.
«Өрлеу»БАҰО»АҚ филиалы Атырау облысы бойынша ПҚБАИ