Home » Балабақша » СИҚЫРЛЫ ОРМАНҒА САЯХАТ

СИҚЫРЛЫ ОРМАНҒА САЯХАТ

Қорытынды  кешенді ұйымдастырылған оқу-қызметі
Ортаңғы  топ

Б.М: Жыл бойы алған білімдерін жалпылау; 5 ке дейін санауды; заттарды көлеміне қарай салыстыруды; уақытты және кеңістікті бағдарлауды; геометриялық пішіндерді ажыратуды; орман мекендеушілерін, жәндіктер мен құстар, ағаштардың кейбір түрлерін атауды; салыстыра білуді; дәстүрден тыс сурет салу түрлерін бекіту.

Д.М: Балалардың қабылдауын  сенсорлық тәжірибесі арқылы кеңейту; Ақыл-ой әрекетінің тәсілдеріне (талдау, синтез, салыстыру, жалпылау, байланыстың себеп-салдарын орнату) үйрету арқылы көрнекі-әрекеттік және көрнекі-бейнелік ойлауларын арттыру.

Т.М: Ұжымда жұмыс жасауға қызығушылыққа тәрбиелеу.

Білім беру салаларымен байланысы: қатынас, таным, әлеумет, шығармашылық (сурет).

Құрал-жабдықтар: жемістер, көкөністер мен орман сыйының  муляждары, жабайы және үй жануарлары; аңдар көрінісі бейнеленген суреттер; жыл және қыстайтын құстар бейнеленген суреттер; көктемдегі құстардың дауыс жазбасы, акварель, поролон мөртаңбалары, мақта таяқшалары, акварель, қағаз майлықтар, магниттер, тақта.

Үштілділік компонент: қоян-заяц-hare ,қасқыр-волк- wolf,аю-медведь -bear, жолбарыс-тигр-tiger, түлкі-лиса-fox; алма-яблоко- Apple, сәбіз-морковь- carrot, банан-банан- banana т.б

Музыка «Орман үні».

Сабақ барысы:

  • Қайырлы таң, балалар! Көңіл-күйлерің қалай?
  • Ал оданда тамаша болу үшін барлық әлеммен амандасып бір-бірімізге қарап күлімсірейік.

Қайырлы таң достым!

Қайырлы күн достым!

Міне менің қолым.

Жылуыңа жылу қостым!

  • Балалар, қазір қандай жыл мезгілі?
  • Көктем мезгілінің айларын айтайықшы?
  • Ал, сендер саяхатқа барғанды ұнатасыңдар ма?
  • Қиыншылықтардан қорықпайсыңдар ма? Менің ойымша, біздің қайда баратынымызды  сендердің қатты білгілерің келіп тұрған сияқты. Ол үшін мына жұмбақтың шешуін табу керек.

Қонаққа бізді күтеді,

Ағаштары әдемі.

Құстар, гүлдер, шөптердің

Таңғажайып әлемі.

Жүреді көптеген аң,

бұл жасыл… (орман.)

  • Ия, мен сендерді орманға сиқырлы саяхат жасауға шақырамын. Біз өте тар жолмен жүреміз, шөпті майыстырмау үшін, гүлді сындырмау үшін, қоңыздарды баспау үшін бір-біріміздің артымыздан тұрамыз.

Міне, орманға да келіп жеттік. Қараңдаршы қаншама ағаштар! Олардың атын айтайықшы.

  • Балалар, қараңдаршы, ақ қайыңның жанында хат жатыр. Не барын ашып көрейік.  Орманшының хаты екен.
  • Сендер Орманшы деген кім екенін білесіңдер ме?
  • Орманшы – ормандағы аңдарды атқызбайтын, ағаштарды сындыртпайтын, гүлдерді жұлдыртпайтын, қоқыстарды шашқызбайтын, жалпы орманды қарап отыратын адам.
  • ХАТ: Салеметсіңдер ме, балалар? Мен сендермен кездесуді көп күттім. Сендер ақылды және еңбексүйгіш деп естідім. Орманды ретке келтіріп, маған көмектесулеріңді сұраймын. Сендердің қолдарыңнан келеді деп үміттенемін.
  • Балалар, орманды ретке келтіруге көмектесеміз бе?

Ендеше, 1-тапсырманы  тыңдаңдар: (Слайд суреттер көрсету )

Тәулік бөліктерін білесіңдер ме? Мен сендерге суретті жұмбақ жасырамын, сендер тәуліктің қай  бөлігінде болатынын табыңдар.

Апта күндерін атап айтқызу.

2-тапсырма: /ортаға шығып орындау/ /ағылшынша айтқызу жемістерді/

Орманның бізге берген сыйын яғни, себеттегі көкөністер мен жемістерді реттеу. Жемісті вазага, көкөністі себетке салу керек.

  • Жарайсыңдар, балалар! Қанша  жеміс, қанша көкөніс барын санап, атап  шығайық.

Балалар, қараңдар ағаштың түбінде  тағы хат жатыр, қолыма алып, ашып оқиын. Келесі қандай  тапсырма орындайтынымызды білейік.

3-тапсырма: /тақтаға орындату/ /ағылшынша айтқызу жануарларды/ /қандай ертегіде кездесетінін сұрау/

-Балалар, қараңдаршы мұнда бір қателік кетіпті. Ол қандай қателік?

Ия, оларды бөлек айтқызады, жабайы және үй жануарлары. Себебі?

4-тапсырма: /құстың дауысын қою/ /қандай ертегіде кездесетінін сұрау/

Балалар, біздің орманымызда көптеген құстар бар екен. Қыстап қалатын құстар  (қарға, сауысқан, торғай, шымшық, тоқылдақ ) және жыл құстарын топтастыру (қарлығаш, ұзақ, үйрек, қараторғай). /суреттің артына пальма мен шыршаны жапсырып қою/

Жарайсыңдар, балалар! Сендер бұл тапсырманы да қиындықсыз орындадыңдар.

Балалар, орманшы сендердің шалғындықтың әсемдігін  көргендеріңді қалайды. Бірақ, орман мен шалғынның арасын кең өзен бөліп жатыр. Өзеннен өту үшін бізге қайық жасау керек. Менің үстелімде шыны, тас, ағаш тақтайы және қатты қағаз жатыр. Суда осы заттардың қайсысы батпайтынын тәжірибе  жасау арқылы анықтаймыз./Тәжірибе/

-Суда не батпайды?

Ендеше, қайықты ағаштан жасаймыз. Ол үшін қандай геометриялық пішіндер қажет?

-Жарайсыңдар, балалар, сендерде өте әдемі және қызықты қайықтар шықты.

-Міне, керемет шалғын. Қанқыз шалғындағы әдемі гүлдер мен көбелектерге қарауға ұшып келіпті. Қанқыз көбелектердің соншалық көп екенін және олардың бір-бірімен дос екенін көріп, өзінің де сондай достары көп болғанын қалады.

-Балалар, қанқызға дос  жасап береміз бе?

Балалар поролоннан жасалған қанқыздың шаблонын қызыл бояуға батырып, шалғын бейнеленген қағазға басады. Сосын мақта таяқшаларымен қара нүктелерін жасайды.

Балалар, барлық тапсырмаларды дұрыс орындадыңдар. Орманды ретке келтіргенімізге орманшы қатты қуанатын болды.

Сұрақтар қою.

Балалар, біздің бүгінгі сиқырлы саяхатымыз  осымен аяқталды. Егер сендерге саяхат жасаған ұнаса-қолдарыңа күнді, ал егер ұнамаса-қолдарыңа бұлтты алыңдар.

Мадешова Алуа Архабаевна,
«Тілек» бөбекжайы
Қарағанды қаласы

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.