Home » Жаңалықтар » Тұңғыш латын тіліндегі  диктант

Тұңғыш латын тіліндегі  диктант

 Бүгін  елімізде  тұңғыш рет  2018 жылы   қазақ тілі әліпбиін латын графикасына   2025  жылға  дейін  кезең-кезеңімен  көшіру  жөніндегі  іс-шаралар  жоспарына  сәйкес  республика  бойынша бір мезетте  жалпыхалықтық  диктант жазу ұйымдастырылды.  Жалпыхалықтық диктант жазуға   жасы 15 жастан  асқан   еліміздегі  барлық азаматтар  қатысып, арнайы орындарда  және мекемелерде  диктант жазды.

Жалпыхалықтық  диктант  жазудың  негізгі  мақсаты — латын  негізді  қазақ тілі әліпбиінің, «Қазақ тілі емлесінің негізгі ережелері» жобасының практикалық тұрғыда меңгерілуін  жан-жақты  қамту, нақтылай түсу, өзін-өзі бағалау, бейімделу. Қазақстан Республикасының тіл саясатын жүзеге асыру, жалпыхалықтың  латын  негізді қазақ тілі  әліпбиін меңгеруі және тілді меңгеруге деген  қызығушылықты арттыру.
Дәл осы мақсатты назарға  алған  Қызылорда қалалық білім бөлімінің № 14 «Самал» балабақшасы КМҚК-да  аталған  шара  ұйымдастырылды.  Елімізде ұйымдастырылып отырған латын графикасын терең меңгеруге бағытталған  жалпыхалықтық диктантқа  балабақшадан  36 қызметкер  қатысып,  латын   тілінде  диктант жазып  бақтарын сынады.

Диктант жазу барысында арнайы ережеге сай  диктант жазу туралы  алдын  ала  ақпараттандыру жұмыстары  жүргізіліп, қатысушыларға бекітілген диктант  мәтіні  аудиожазба  үлгісі  тыңдатылды.  Ережеге сәйкес қатысушылар ең бірінше  диктантты тыңдайды, жазады содан соң тексереді.

Диктант жазуға  қатысқан барлық қызметкерлер  нәтижесінде емле ережесін қаншалықты меңгергендерін  көріп, латын тілін меңгеруге деген қызығушылықтары артты  десем  болады.

Әлемдік деңгейдегі ақпараттарды  терең меңгеру үшін латын әліпбиін меңгеру баршамызға  міндет. Латын  әліпбиіне көшу- ұлтымыздың санасын бұғаудан босату. Жаһандық әлеммен тікелей қарым-қатынас жасауға  бастар жаңа жол.

Абуова  Сағыныш Өмірсерікқызы
№ 14 «Самал» балабақшасы КМҚК-ң меңгерушісі
Қызылорда қаласы

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.