Home » Ашық сабақтар » Тұқым және жеміс. Умиткалиева Фарида Аралбаевна

Тұқым және жеміс. Умиткалиева Фарида Аралбаевна

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға өсімдіктердің өніп-өсуі, жетілуі жайлы ұғым беру, құрғақ және шырынды жемістермен таныстыру.

Күтілетін нәтиже: Өсімдіктердің өніп-өсуі, жетілуі жайлы, олардың түрлері, таралу жолдары туралы түсінеді, шығармашылықпен жұмыс жасап, өз ойын жүйелі айта алады, табиғатқа қамқор болады.

Әдіс-тәсілдері: Топтастыру, түртіп алу, түсіндіру, сұрақ – жауап.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, үлестірмелі парақша, жеміс, электронды оқулық, «Менің шөжелерім» мультфильмі.

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

/Менің шөжелерім видео/ Дәндер тарату арқылы топқа болу

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

— Балалар, мына тақтадағы ағашқа қарайықшы. Жапырғынан айырылып ұсқынсыз боп тұр екен. Қазір мына жапырақтардың артындағы сұрақтарға жауап беріп, ағашқа әсемдік сыйлайықшы. Жапырақ артындағы сұрақтар үй тапсырмасы бойынша.

Сұрақ – жауап әдісі арқылы:              

Өсімдік мүшелерін ата.

Жапырақтардың пішіндері қандай болады?

Жапырақ қандай қызмет атқарады?

Жапырақтар неліктен сарғаяды?

Қураған өсімдік қалдықтарының қандай пайдасы бар?

— Міне, көрдіңдер ме, балалар, ағаштың көркі — жапырақ екен. Сендердің білімдеріңнің арқасында ағашымыз қандай әдемі болды, иә?

ІII. Операциялық орындаушылық кезең.

Оқушыларға әртүрлі жемістерді көрсетемін.

Балалар, менің қолымдағы нелер?

Алма, алмұрт, қызанақ, сәбіз, картоп, банан, шие т.с.с.

Ал осылардың барлығын бір сөзбен не деп атайды?

Жемістер дейді.

Ал енді мысалы мына алманы қазір ортасынан бөліп көрейік.

Ортасында не бар екен?

Бұл жемістің тұқымы екен.

-Ендеше, балалар, бүгінгі өтетін жаңа сабағымыз «Тұқым және жеміс» деп аталады.

Олай болса, осы тұқым және жеміс туралы электронды оқулық арқылы білімізді жетілдірейік.

  1. Практикалық жұмыс.

Дарынды оқушымен жұмыс

— Балалар, мен осыдан бірнеше күн бұрын Жігерге тапсырма берген болатынмын. Қазір ол өзінің үйінде жасаған тәжірибесімен бөліспекші.

Оқулықпен жұмыс

Өсімдіктер не арқылы көбейеді?

Жемістер қалай бөлінеді?

Өсімдіктердің тұқымдары қалай таралады?

Ширату «Ағашта-жерде»

Қияр, өрік, қызынақ, алма, картоп, шие, сәбіз, алмұрт, банан

  1. Топтық тапсырма.
  2. Тұқымы жемістердің ішінде болатын өсімдіктердің суретін салу;
  3. Суреттер бойынша шырынды, құрғақ жемістерді ажырату;
  4. Үлпілдек тұқымды өсімдіктің суретін салу;
  5. Суреттегі өсімдіктердің жемісі мен тұқымын сызық арқылы қосу.
  1. Экологиялық тапсырма.
  2. Әдемі қызыл гүл көрдің. Не істейсің?
  3. Табиғатты қалай қорғайсың?

— Қазақстан Республикасының «Қоршаған ортаны қорғау Заңы» бар. Сол Заңның 38 бабында Табиғатты қорғау, оны таза ұстау – әр адамның міндеті делінген. Демек, оқушылар, келешекті көркейтетін – сендерсіңдер! Олай болса, айналамызды көгалдандыруға қатысайық. Табиғатты қорғаңдар! Өсімдіктерді көбірек өсіріңдер!

 

VII. Жұмбақ шешу.

  1. Көктемде жерге сенемін

Ылғалда өсіп өнемін.

Менің өскен жемісім,

Қыс бойғы сенің қорегің. (тұқым)

 

  1. Аспай піскен.

Қайнамай түскен. (жеміс)

VIII. Қорытынды бөлімі.

  1. Өсімдік не арқылы көбейеді?
  2. Тұқым қалай тарайды?
  3. Жемістер қалай бөлінеді?.

IX. Үйге тапсырма

  1. «Тұқым және жеміс» мәтінін оқу.
  2. Жемістердің суретін салу.

Х. Бағалау.

Умиткалиева Фарида Аралбаевна,

М. Әуезов атындағы орта мектеп,

Атырау облысы, Индер ауданы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.