Home » Мақалалар » Тұрмыстық қатты қалдықтар полигондарын салу қажет пе?

Тұрмыстық қатты қалдықтар полигондарын салу қажет пе?

Тұрмыстық қалдықтар мен қоқыстарды жоюдың бір жолы оларды орналастыру орындарын, яғни полигондарды  ұйымдастыру. Полигондар – бұл пайдалануға жарамайтын қалдықтарды зиянсыздандыру мен көмуге бағытталған арнайы табиғат қорғау құрылыстары. Полигон құрудың негізгі мақсаты —  қалдықтарды көмсуге бөлінген жерлерді экономикалық тұрғыдан тиімді түрде пайдалану арқылы топырақты, атмосфераны, жер асты мен бетіндегі суларды улы компоненттермен ластануды сақтау.

Полигондар ретінде пайдаланылатын жер 20-25 жылдай мерзімге бөлініп беріледі (бұл өнеркәсіптік қалдықтар үшін анықталған көрсеткіш). Олар халық орналасқан жерлерден қашығырақ, санитарлық қорғау аймағынан шамамен 3 км болғаны дұрыс деп ескеріледі. Полигонның орналасуы ауылшаруашылық егістік жерден және транзитті жолдардан 200 м-ден, орман алқабынан 50 м-ден кем болмауы ескеріледі.

Полигондар оңашалау, үйлер салынбаған, жақсы желденетін, жаңбыр жауғанда, қар ерігенде, су тасқыны болғанда судың астында қалмайтын жерлерге орналыстырылады. Полигонды жиі жел тұратын бағытты анықтап , ел тұратын жердің ық жағында, су алатын жерденуылдырық шашатын және балықтардың мекендейтін жерлерінен төмен, су жинауға арналған ашық қоймалардан тыс аймаққа орналастыру қажет. Полигон аймағында жер асты сулары 20 м-ден артық тереңдікте жатуға тиіс. Сонымен қатар, полигон орналасқан жерде топырақтың фильтрация коэффициенті 1 мкм/тәул. Артық болмауы керек. әсіресе ішуге қолданылатын жер астындағы сулардың үстінде қалдықтарды көмуге болмайды.

ҚТҚ (қатты тұрмыстық қалдықтар) полигонында тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттардың, сауда нысандарының, қоғамдық тамақтанатын орындардың, көшедегі, бақша-парктердің, құрылыс қалдықтары және кейбір өндірістік қатты қалдықтар (қауіптілігі III – V сыныптағы), сондай-ақ қауіптілік сыныбы тәжірибе негізінде анықталатын қауіпсіз қалдықтар қабылданады. Мұндай қалдықтардың тізімін жергілікті территорияның санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандары белгілейді.

ҚТҚ-мен бірге көмілетін өндірістік қалдықтардың ылғалдылығы 85 %-н аспауы керек. Қалдықтардың жарылғаш, өздігінен жанғыш болмауы шарт. Сұйық және қоймалжың қалдықтар ҚТҚ (қатты тұрмыстық қалдықтар)  полигонына қабылданбайды. Қауіптілігі IV сыныптағы өндірістік қалдықтар полигонға есептеусіз қабылдана береді. Өйткені, олар оқшаулағыш материал ретінде пайдаланылады. Бұл қалдықтар оттегін биологиялық және химиялық тұтынуы – 1 л-ге 300-ден жоғары емес көрсеткіштермен және құрамындағы  ұсақтығының өлшемі 250 мм-ден кем емес біртектілікпен сипатталуы тиіс.

Қауіптілігі IV және III сыныптағы өндірісітк қалдықтар шектелген мөлшерде  қабылданады (ҚТҚ массасының 30 %-н аспауы тиіс). Қауіптілігі  IV және III сыныптағы өндірістік қалдықтарды территориялық санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандарымен келісім негізінде ғана қабылдауға болады.

Полигонда қызмет көрсететін мекемелердің және қалдықтардың түрі мен мөлшерінің тізімі болуы қажет. Полигонға әкелінетін өндірістік қалдықтардың әрқайсының санитарлық талаптарды қанағаттандыратын анықтамасы болады.

ҚТҚ (қатты тұрмыстық қалдықтар) полигонына химиялық қалдықтар мен эпидемиологиялық қауіп туғызатын қалдықтарды қабылдауға тиым салынады немес мұндай қалдықтар залалсыздандырылған деген ыдыстарымен келуі керек.

Полигондарда өндірістік қалдықтарды уақытша сақтау және орналастыру, екінші рет пайдалану үшін жинап алуға рұқсат етілмейді.

ҚТҚ (қатты тұрмыстық қалдықтар)  полигонының құрылысын салуға болатын учаскені таңдау барысында ол жердің климаты, географиялық, геологиялық, гидрологиялық жағдайлары және топырақ ерекшеліктері ескеріледі.

Полигондарды:

  1. Су көздері және минерал көздерін санитарлық қорғау аймағының территорияларына салуға;
  2. Барлық демалыс орындарының аймағына;
  3. Халық жиі демалуға келетін және сауықтыру мекемелері территорияларына;
  4. Жаныстардың жер бетіне шығып жатқан жерлеріне;
  5. Жер асты суларына жақын жерлерге салуға болмайды.

Полигон салынатын жер бөлігі бас жобада немесе жоспарланған жобада болуы керек. Полигонды тегіс жерлерге орналастыру тиміді. Полигон учаскесінің ауданы 0,02-0,05 га-дан жылына 1000 т қалдық орналасатындай және 20 жыл пайдалануға жарайтындай есеппен салынады.

Полигон шекарасынан елді-мекен шекарасы 500 метрден кем болмауы міндетті.

ҚТҚ (қатты тұрмыстық қалдықтар) полигондарына қабылданатын өндірістік қалдықтар полигон зертханасында технологиялық бақылаудан өткізіледі. Зертхана полигонға келіп түсетін қалдықтарды фракциялық, морфологиялық және химиялық құрамы бойынша бақылайды. Жұмыстық аймақтағы контейнерлердің жуылу тәртібін, атмосфералық ауаның күйін, ашық сулардың құрамын, жер асты суларының жағдайын тексеруден өткізіп отырады.

Полигонның маңайындағы және оған жақын орналасқан аймақтардың ашық сулары, жер асты сулары, атмосфералық ауасы, топырағының құрамы белгіленген мерзім бойынша үнемі тексеруден өткізіледі. Топырақтың құрамындағы аммиак, нитриттер, нитраттар, гидрокарбонаттар, кальций, хлоридтер, темір, сульфаттар, литий, органикалық көміртегі, қышқылдық-сілтілік тепе-теңдік, магний, кадмий, хром, цианидтер, қорғасын, сынап, мыс, барий, құрғақ қалдықтардың мөлшері бақыланады.

Қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған полигонның сұлбасы. 1 — орман қорғау алқабы; 2 — аралық жекелегіш қабат; 3 — қалдықтар; 4 -сыртқы жабынды өсімдік қабаты; 5- табиғи немесе жасанды су өтпейтін саз қабаты.

Қызылорда «Қызмет» колледжі
Тұрымбетова Жарқынай

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.