Home » Жаңалықтар » ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ НЕГІЗІ – ҰЛТТЫҚ БІРЕГЕЙЛІЛІК  

ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ НЕГІЗІ – ҰЛТТЫҚ БІРЕГЕЙЛІЛІК  

Бұрынғы елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында атап көрсетілген біздің санамызды өзгертуге тиісті алты басты бағыттың ішіне ұлттық бірегейлікті сақтау деген болатын. Бүгін тарих төрінен орын алған көшбасшымыз Н.Ә.Назарбаевтың аталмыш бағдарламалық мақаласының жарияланғанына екі жыл толуына орай  Петропавл қаласындағы «№ 17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешені» КММ  «Қазақ елі – ұлттық бірегейлік мекені» атты іс-шара өтті. Өткізілген іс-шараның басты мақсаты, бұрынғы Елбасының саясатындағы ұлттық бірегейлік, ұлттық сана-сезім, ұлттардың тату-тәтті өмір сүру деңгейін арттыру, Қазақ еліне деген патриоттық сезімдерін ояту болып табылды.

Н.Ә. Назарбаевтың қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірлік, ұлтаралық және дінаралық қатынастардың қазақстандық моделі бейбітшілік пен келісімнің берік іргетасын  бекіткендігі.

«Қазақ елі – ұлттық бірегейлік мекені» атты шараға облыстың ардақты азаматтары, ардагер ұстаздар және «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «СҚО бойынша ПҚ БАИ» директоры п.ғ.д., профессор А.Ж.Мурзалинова, Петропавл қалалық білім бөлімінің басшысы А.А.Сұрағанова,  республикалық жоба  «Рухани жаңғыру» бағдарламасының  Солтүстік Қазақстан облысындағы бөлімшесінің меңгерушісі, қалалық мәслихаттың депутаты, ф.ғ.к., профессор Ж.С.Таласпаева,  М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың «Қазақстан халықтар ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі т.ғ.к., доцент Гривенная Людмила Александровна, қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Гүлмира Жәкенқызы қатысты.

Мектеп директоры Ләззат Жұмағұлқызының құттықтау сөзінде барлық кешке жиналған қонақтарға көтеріңкі көңіл-күй тілеп, ұжым жұмысына қысқаша тоқталды. Біздің шығармашылық ұжым көп ұлттың балаларын оқытып қана қоймай, оларға рухани тәрбиемен қатар Қазақстанда тұратын әрбір халықтың салт-дәстүрін қастерлеуге, олардың тілдерін құрметтеуге үйретеміз. Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен 1-наурыз Қазақстан халықтарының алғыс айту күні болғаны белгілі. Осы бастаманы жалғастыру біздің басты мақсатымыз. Қазақстан бойынша ұлттық өркендеу мектебі Павлодар мен бізде ғана. Солтүстік Қазақстанда тұратын басқа ұлттың балаларының бірден-бір білім ошағы. Сол себепті, жылдағы дәстүр бойынша ұлттардың алғысымен бірге санасы да, тілі де рухани жаңғырып жатыр. Оған қазір өздеріңіз куә боласыздар, — деді.

Келесі құттықтау сөзді «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «СҚО бойынша ПҚ БАИ» директоры п.ғ.д., профессор А.Ж.Мурзалиноваға берді. Қазақстанның өсіп-өркендеу жолындағы ең биік бастаманы осы мектептің ұжымы атқарып отыр. Бір ғана ұлттың тағдыры емес, барлық ұлттың тағдыры мен тілін, ділі мен сал-дәстүрін өркендетудегі үлесі зор мекеме,- деп айтсам артық емес.

Қазақстан әрқашан да көпэтносты мемлекет болады және ешкім, ешқашан қандайда бірұлттық тазартуды жүргізбейді, біздің көпэтностығымыз – орасан зор мәдени, экономикалық және саяси ресурс», сондықтан біз осы қарапайым екі ақиқатты ұғынып, келесі ұрпаққа жеткізуге тиіспіз», деген болатын, Н.Ә.Назарбаев.

Сахна төріне көтерілген М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың «Қазақстан халықтар ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі т.ғ.к., доцент Гривенная Людмила Александровна болса Қазақстанда өмір сүріп отырған әрбір халық Қазақ деген елге, қазақ деген халыққа алғыс айтуы керек, деп ойлаймын. Себебі, біздің шалқып, тасып бейбіт күннің астында қам-қаракетсіз өмір сүруіміздің кепілі – Қазақстан. Мен өз атымнан және осы елді мекен ететін басқа ұлттардың атынан бас иемін, — дейді. Расында да жаныңа қуат, жүрегіңе тебіреніс ұялатқан сәттері көп болды. Қазақстан ешкімді жатырқамай бауырына баса білді.

Ал, Петропавл қалалық білім бөлімінің басшысы А.А.Сұрағанова болса: «Ең бірінші «Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру» бағдарламасының екі жылдығы. Осыған орай қала мектептері мен балабақшаларда әртүрлі іс-шаралар өткізіліп жатыр. Бүгінгі іс-шарамыз өткізіліп жатқан іс-шаралардың бір бөлігі. Мұндай мерекелік шаралар оқушыларымыз бен ата-аналарымызды патриоттыққа жетелеп, қазақ халқының қонақжайлылығын бойына сіңіруге мүмкіндіктер алады. Елбасының көрсетіп берген рухани құндылықтарға басымдылық танытып, ұлттық кодымызды өзге ұлттың балаларының бойына сіңіру»,- дейді.

Оқушылардың «АЛЖИР»  туралы қойған сахналық көрінісі өте тартымды, әрі шынайы шықты.  «Отанын сатқандардың Ақмола лагері» – иә, тұтқын әйелдер оны осылай қалжыңдап атайтын. Мұнда этаппен 20 мыңнан астам әйелдер өткен, ал 8 мыңнан астам әйел «АЛЖИРде» «қоңыраудан-қоңырауға» дейінгі мерзімдерін отырып шыққан. Негізінен олар аттары Одақ көлеміне кеңінен танылған: Әзиза Рысқұлова мен оның анасы Әрипа Есенғұлова, Дәмеш Жүргенова, Рабиға Асфендиярова, әнші Лидия Русланова, жазушы Галина Серебрякова, маршал Тухачевскийдің отбасындағы әйелдер, жазушылар Борис Пильняктың әйелі Кира Андронникошвили, Юрий Трифоновтың әйелі Евгения Лурье, Болат Окуджава мен Мая Плисецкаяның аналары және т.б сынды мемлекет, саясат және қоғам қайраткерлерінің әйелдері еді.

Кеш соңында әсем ән мен мың бұралып билеген көп ұлттың балаларының өнеріне куә болдық. Бұл кештің бір ерекшелігі барлық өзге ұлттың балалары қазақ тілінде сөйлеп, қазақша ән орындап, өлең оқыды. Яғни, бұлда рухани жаңғырудың алғашқы баспалдағы екені сөзсіз.

 

Көкбасқызы Жазира
«Білім айнасы»,
СҚО, Қызылжар қаласы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.