Home » Ашық сабақтар » Түлкіде қонақта

Түлкіде қонақта

Мақсаты: Балаларды әр түрлі түстер бойынша заттарды топтастыруға, әр түрлі пішінмен заттарды салыстыруға үйрету,тұздық қамырды алақан арасында домалақтау, жалпақтау дағдыларын қалыптастыру, балалардың қызығушылығын арттыру, тапсырмаларды соңына дейін аяқтауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: Түсіну, көрсету, сұрақ-жауап, мадақтау.

Алдын ала жүргізілетін жұмыстар: жаңылтпаш, санамақ жаттап, ертегілерге шолу жасау

Қажеттті көрнекті құралдар: теледидар, тақтайша, қамыр, орамал, пішіндер, ұнтақ.

Қостілділік компонент: лиса-түлкі,қамыр-тесто, шалқан-репка

Балалар шеңберге тұрып «Шаттық» шеңберін орындайды

Алақанды ашайық,

Күннің нұрын салайық.

Алақанды ашайық,

Достық мейірін салайық.

Алақанды ашайық,

Жүрек жылуын салайық.

Осы жақсы лебізді,

Бір-бірімізге арнайық.

— Балалар, енді қонақтармен амандасайық

Балалар:-Сәлеметсізбе! Здраствуйте! Hello!

Түлкі теледидардан: Сәлеметсіңдер ме, балалар ?

Мен сендерді қонаққа шақырамын.

— Ендеше, балалар түлкіге қонаққа паровозбен барайық

Қатар-қатар тұрайық,

Сапты бірге құрайық.

Қане, кімнің бойы ұзын,

Паравозы сол пойыздың.

Пыш-пыш пыш-пыш, біз кеттік,

Жүрісті біз үдеттік.

Балалар, міне, біз «Қоянның» аялдамасына жеттік.

Қоян теледидардан: -Сәлеметсіңдер ме, балалар менің аялдамамнан бірнеше тапсырмалар орындағаннан кейін өтесіңдер

  1. Тапсырма. «Қандай жаңылтпаштар білесіңдер?»

Мынау қай арал,

Қайыңды арал талды арал,

Талға қарға ұялар.

Есет атам ет асатар,

Ет асатса бес асатар.

Шеше, шеше,

Несе кесе сынды кеше№

  1. Тапсырма: «Сендер санамақ айта аласыңдар ма?»

Бір үйде біз нешеуміз,

Кел санайық екеуміз.

Бас бармағым-әкем,

Балан үйрек-анам.

Ортан терек-ағам,

Шылдыр шүмек-мен,

Кішкентай бөбек-сен,

3 Тапсырма: «Сендер ертегі білесіңдер, оны сахналай аласыңдар ма?»

«Шалқан» ертегісін сахналау

-Жақсы, балалар, біз қоянның тапсырмасын орындадық,ендеше әрі қарай жүре берейік.

«Аюдың» аялдамасы

Аю: -Сәлеметсіңдер ме, балалар! Менің сендерге дайындаған тапсырмам бар.

— Балалар аю бізге сиқырланған ұнтақ дайындаған екен. Қане, келіңдер, ұнтақта не жасырылған екен?

Балалар ұнтақққа қолдарын салып пішіндерді алып, түстерін атап, құрастырады.

-Ал енді сендерге арналған менің ойыным бар.

«Таяқшаларды түсіне қарай орналастыр».

Мақсаты:Түстерін ажыратуға, шардың таяқшаларын түстеріне қарай орналастыра білуге, ойын шартын бұзбай ойнауға үйрету.

— Жарайды балалар біз аюдың тапсырмаларын орындадық.

Балалар әрі қарай әуенмен жүре береді.

Балалар міне бізді күткен түлкіде қонақтамыз. Ендеше біз түлкіге печенье жасап берейік. Печенье жасауға балаларды шақыру.

Тұздық қамырды илейміз, алақанға салып, домалақтаймыз, жалпақтаймыз, әртүрлі пішіндермен кесеміз. Жасаған печеньелерін түлкіге береді.

Түлкі балаларға рахметін айтып, риза болады

Ал енді балалар түлкімен бірге би билеп алайық:

Аяғымыз топ-топ,

Ал қолменен холп,холп,холп.

Бір оңға, бір солға,

Айналайық кел мұнда.

Секіремін жоғары,

Қиын емес секіру.

Бір оңға,бір солға,

Айналайық кел мұнда.

— Сендер қандай тапсырма орындадыңдар?

— Түлкіге не жасап бердіңдер?

— Сендерге қандай тапсырма ұнады?

Ендеше сендерге түлкі де жақсы қатынасқандарың үшін сыйлық тарту етпек

Түлкі балаларға жұлдызша таратып берді

 

 

Нұргүл Насиқызы Хисина,
№10 «Балапан» бөбекжайының тәрбиешісі,
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.