Home » Жаңалықтар » Өз балаңа үлгі бол

Өз балаңа үлгі бол

Ата аналарға психо-педагогикалық көмек көрсетіп, барынша пайдалы ақпарат беру мақсатындағы осындай ауқымды іс — шараны БЖҒ министрлігі ұйымдастырып отыр.
Ата-аналар жауапкершілігіне арналған «дөңгелек үстелге» ҚР БҒМ Балалар құқығын қорғау комитетінің төрағасы Ержан Ерсайынов, Қазақстан ата-аналар қауымдастығының басшысы – Отбасылық тәрбие институтының бас директоры Софья Евдокимова, «Балалар үйі» қоғамдық қорының директоры Балия Әкімова, «Отбасылық академия» дамыту орталығының басшысы Шолпан Байболова, ішкі істер балалар құқығын қорғау жөніндегі қызметкер Әсет Омаров, өзіне қол салудың алдын алу психологы Светлана Богатырева қатысты.

 

Дөңгелек үстелдің қатысушылары отбасылық білім берудің маңызды бағыттарын, отбасылық құндылықтарды жандандыру, психологиялық оңалту жұмыстарын жүргізу, әлеуетті асырап алушыларға арналған семинарлар өткізу тәжірибесімен бөлісті, моральдық санатты тәрбиелеуге бағытталған арнайы бағдарламалардың әдістері мен тиімділігі туралы әңгімеледі.
Шара барысында қазақстандық ата-аналар балалар үшін өздері жауапты екені белгілі болды.
Сондықтан «Қазақстанның 21 ғасырдағы ата-аналар үшін жаңа ТРЕНД  «өз балаңа үлгі бол»

 

Қуантай АМАНТАЙҰЛЫ
БІЛІМ АЙНАСЫ

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.