Home » Жаңалықтар » Тіл мен пәнді кіріктіріп оқыту

Тіл мен пәнді кіріктіріп оқыту

2018 жылдың 27 тамызы күні  «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» базасында Мұғалімнің кәсіби дамуын психологиялық-педагогикалық тұрғыдан қолдау кафедрасының аға оқытушысы Нұрсәуле Қылышбекова Ұқанбайқызы «Тіл мен пәнді кіріктіріп оқытуда (CLIL) қолданылатын инновациялық әдіс тәсілдерді насихаттау» тақырыбында Алакөл, Талғар аудандары мен Талдықорған қаласындағы орта мектеп, гимназиялардан 30-дан аса мұғалім қатысқан облыстық шеберлік сыныбын өткізді.

Облыстық шеберлік сыныбының мақсаты – қатысымдық тапсырмаларды қолдану жолдарын меңгерте отырып, пән мұғалімінің кәсіби құзыреттілігін дамыту, педагогтардың кәсіби өсуін зерделеу, тәжірибе алмасу.

Іс-шараны «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы АОПҚБАИ директорының ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары, саяси ғылымдарының докторы, доцент Толқын Ауелгазина ашып, көптілде білім беру – көптілді тұлға қалыптастырудың негізі екендігіне, адамның тұлғалық дамуының көптеген сипаттарын айқындайтын, оның кәсіби тұрғыда бәсекеге қабілеттілігі мен әлеуметтік ұтқырлығының қалыптасу деңгейін көрсететіндігіне тоқталып өтті.

Аға оқытушысы Н.Қылышбекова іс-шараның мақсат-міндеттерімен таныстыра келе, Алматы облысының әр түкпірінен келген мұғалімдердің шығармашылық қызметтеріне сәттілік тіледі. Сонымен қатар, Нұрсәуле Ұқанбайқызы білім беру ұйымдары үшін ұйымдастырылған бейне-сабақтар мен бейне-дәрістердің «Педагогикалық идеялар панорамасы» конкурсына өтінім қабылдау жалғасып жатқандығын айтып өтті. Шараға қатысушы ұстаздар  «Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық конкурсына ерекше қызығушылық танытып, қатысуға үмітті екендіктерін жеткізді.

Шеберлік сыныбы жұмысы аясында қатысушы мұғалімдер іс-шараның бағдарламасына сәйкес баяндамалар оқып, тақырып бойынша дайындаған жұмыстарының презентациясымен таныстырды, сабақ үлгілерін көрсетіп, тәжірибе алмасты.

Облыстық іс-шараны қорытындылай келе, «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» директорының ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Толқын Ауелгазина іс-шараға қатысып, белсенділік танытқан мұғалімдерге алғыс хаттар табыс етті.

                 Қылышбекова Н.Ұ.

«Өрлеу» БАҰО АҚФ,

Алматы облысы бойынша педагог

 қызметкерлердің біліктілігін арттыру

институтының аға оқытушысы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.