Home » Жаңалықтар » Тілашар білім бастауы

Тілашар білім бастауы

 


Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі – білім қазынасы.
Білімнің мәнін «Ақылдан қымбат байлық жоқ», «Ақылды сатып ала алмайсың», «Ақыл — тозбас киім, білім — сарқылмас булақ» деген халықтың даналық сөздерінен-ақ байқауға болады. Білім жолына аттаған қадамдарына сәт-сапар тілей отырып, балаларыма мынадай өлең жолдарынмен бастаймын:
Айналайын балалар,
Алдыңда Мектеп-Ана бар!
Өздеріңнен өседі,
Өнерлілер,даналар.
Өтті қызық көп күндер,
Жеті жасқа жеттіңдер.
Құтты болсын қадамың
Құтты болсын талабың
Мағжан атам айтқандай
Білім отын жаға біл. – дегендей алғаш мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндерді білім алуға, оқуға шақыру мақсатында өткізіліді, тек Тілашар тойы той ретінде емес, білімге бастау, білім жолын ашу арқылы оқуға ынтасын арттыру,мектепке деген сүйіспеншілігін оятуда 1 « А» сыныпта «Тілашар» мерекесі керемет өтті. Онда ән тақпақ, қызықты ойындар, көрініс, нақыл сөздер және басқа да өз өнерлерін көрсетті. Әрин бұл мереке тек оқушыларға ғана қызықты болған жоқ, ата-аналарға да өте ұнады. Ата-аналарда, оқушыларда өте жақсы көңіл- күйде болды. Ақылдың көзі – білім- демекші, балаларыма әрқашан жолдары ашық, елімінің елеулі, қалаулы азаматы болуын тілей отырып, мына өлең жолдарын жолдаймын.
Ғылымның сырын ұғына,
Шығыңдар білім шыңына.
Ұқыптылық пен зеректік,
Жеткізер сендердей өренді
Білімнің нәрлі сырына.
Оқитын әрі жазатын,
Білімге қол созатын.
Құтты болсын балдырған. – дей отырып, бүгінгі жас ұрпақ – ертең¬гі мемлекет тұтқасын ұс¬тау¬шы білікті маман, ел тағ¬дырын шешуші азамат болыңдар.

Олжаева Мырзагүл Олжақызы

№33 жалпы орта білім беру мектебі
бастауыш сынып мұғалімі,
Павлодар қаласы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.