Home » Мақалалар » Тігін өндірісі пәндер сабақтарында білім сапасын арттыру жолдарын орынды қолдану

Тігін өндірісі пәндер сабақтарында білім сапасын арттыру жолдарын орынды қолдану

Сабақ – әр білім алушының шығармашылық жұмысы. Оқытушының кәсібі қаншалықты жоғары болса, ол оқытып, тәрбиелеген оқушы да соншалықты сауатты.

Соңғы кезде елімізде білімге деген көзқарас өзгерді. Егер бұрын «ғылым-өндіріс-білім» деп қараса, қазір «мәдениет-білім-тарих» деп қарайды. Осыған байланысты кәсіптік білім берудің мақсаты: алған білімнің, кәсіби дағдыларының негізінде өмірдің өзгермелі жағдайларында еркін бағдарлай алатын, өзінің білім-тәжірибесін іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және адамгершілік тұрғыда өз бетінше дұрыс, жауапты шешім қабылдауға қабілетті тұлға қалыптастыру.

Арнайы пәндер сабағын беретін оқытушы әр сабаққа шығармашылықпен дайындалуға тиіс. Көп іздену, дайындалу, көрнекіліктер, қосымша әдебиеттерді орынды қолдана білу – негізгі мақсат. Арнайы пәндер мамандарының іскерлігі, білімі мен біліктілігі, ой ұшқырлғы өте қажет. Қазіргі кезеңде білім беру саласында әлемдік білім кеңістігіне ұмтылуға байланысты жасалынып жатқан талпыныстар кәсіптік колледждің білім алушыларының дербестігін, іздемпаздығын, белсендігін дамытып, білім мен біліктерін өмірдің жаңа жағдайында пайдалана білуге үйрету қажеттілігі туындайды. Арнайы пәнін оқытудың сапасын көтеру мәселесі оқытушының шығармашылықты, іздемпаздықты талап етеді, сондықтан мұндай тапсырмаларды орындау кезең – кезеңімен жүзеге асырылады. Ол кезеңдер: тақырыптың өзектілігін табу; мақсаты мен міндеттерін анықтау; зерттеу әдіс – тәсілдерін белгілеу; болжам құру; болжамды тексеру; нәтижесін шығару.

Шығырмашылықпен айналыса отырып оқытушы оқу сапасын арттырады, білім алушының төмендегі жеке дара қасиетін кеңейтеді.

Ол білім алушының зеректігін, іздемпаздығын, еңбекқорлығын, шабытын, белсендігін, қызығушылығын, ұстанымын күшейтеді. Жақсы арнайы пән маманы білімнің құрамы мен құрылымын, білім сапасын қамтамасыз ету жолдарын анықтайды.

Білім сапасын қамтамасыз ету жолдарының ерекшелігі неде? Мәселе «Не үшін оқытамыз?» деген сұраққа жауап алудан басталды. Бұл сұраққа жауап ретінде алынатын соңғы нәтижелер нақтыланады. Бұдан кейін шешілетін мәселе «Білім алушыны оқуға қалай үрету?» деген сұрақпен байланысты. Демек оқытушы негізінен білім алушыларға жүйеленіп, өңделген оқу материалын дайын күйінде ұсынбайды, баланы өз бетімен ізденуге , өзіне қажет білімді іздестіруге керекті қасиеттермен қаруландырады. Білім алушылардың білім сапасын қамтамасыз ету тікелей оқытушының теориялық білім деңгейіне байланысты. Сондықтан қазіргі оқытушыға ұсыныс: өздігінен білім жетілдіруге бағыт алу; зерттеушілік жұмыспен айналысу; білім алушылармен зерттеушілік жұмыс жүргізу.

«Халық кемеліне келіп, өркендеуі үшін ең алдымен азаттық пен білім керек» деп ұлы ғалым Шоқан Уәлиханов айтқандай, азаттық пен егемендікті ту етіп отырған жас ұрпақтың жаңаша ойлауына, дүние танымының қалыптасуына әлемдік сапа деңгейінде білім қажет. Сондықтан да білім алушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беру ісін жаңа талап тұрғысынан өзгертіп, оқыту тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыруға міндеттіміз. Осы орайда арнайы пәндерін оқытудың сапасын арттыруда жаңа технологияларды оқып-үреніп, оны іс-тәжірибеде қолдану керек:

1) шығармашылық жұмыстармен айналысу арқылы білім алушылардың ой өрісін дамыту және іскерліктерін дағдылау;

2) тігін өндірісі пәндерін оқылатын сатылай кешенді талдау;

3) ұжымдық тәсілмен оқыту;

4)деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту;

5) модульдік оқыту технологиясы;

6) сабақта ойын элементтерін қолдану т.б.

Арнайы пән сабақтарын оқытудың сапасын көтеруде ақпараттық технологияның берері көп. Арнайы пәндерге арнап шығаралатын электронды оқулықтар санын, түрін көбейту бізге міндет. Интербелсенді оқыту тәсілдері күнделікті өмірге енсе, жаңа қоғам сұранысына кәсіптік колледж жауап бере алады. Колледждегі арнайы пәндерді сапалы дәрежеге көтеруге мүмкіндігі мол дүние – интернет жүйесі. Интернетті арнайы пәнін оқытуда қолданудың дидактикалық мақсаты: арнайы пәндерді болашақта түрлі колледждерге әдістемелік тәжірибелерді таратудың оңай әрі тез жолын ұстану; арнайы пәндерді оқыту ісін тез арада жетілдіру және оны пайдалану.

Алдамызда отырған әр шәкіртті бәсекеге қабілетті қабілетті, өмірде өзін-өзі дамытуға бейім, үздіксіз білім жүйесінде белгілі бір құндылыққа жетелейтін Қазақстан азаматы ретінде тәрбиелеуіміз үшін білім алушының  ықыласын оятып, өзінің ғана емес, өзгенің өсуіне де ықпал ететіндей деңгейге жеткізуге тиіспіз.

   

Тулегенова Айнур Есиркеповна

Шымкент қаласы, «№5 колледж» МКҚК

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.