Home » Балабақша » Мектеп жасына дейінгі балаларға дене тәрбиесін дұрыс жүргізу

Мектеп жасына дейінгі балаларға дене тәрбиесін дұрыс жүргізу

Мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыстағы негізгі міндеттердің бірі- дене тәрбиесін дұрыс жүргізу болып табылады. Дене тәрбиесі – жалпы тәрбиенің құрамды бөлігі. Ол денені жетілдіруге, яғни денсаулықтың, дене дамуының және дене әзірлігінің жоғары деңгейіне жетуіне бағытталған. Мектепке дейінгі жастағы балалар дене тәрбиесінің басты міндеті – өмірін қорғау және денсаулықты нығайту, балалардың организмін шынықтыру болып табылады.

Балабақшадағы қосымша білім берудің бір нұсқасы ретінде жаңа инновациялық технология бойынша денсаулық технологиясына 2014-2015 оқу жылының желтоқсан айынан бастап «№8 «Алтын сақа балабақша» МКҚК меңгерушісі А.Қ Абилованың бекітуімен дене шынықтыру пәнінің мамандары А.Ш.Айтбаева және С.С Даулетовтың ұйымдастыруымен мектепке дейінгі ересектерге арналған денсаулықты жаттықтыру жүйесіндегі степ-аэробика кешені ересек топтардың оқу іс әрекетінің жылдық жоспарына енгізілді.

Степ аэробика жаттығуларын оқыту барысында техникалық элементтер деңгейінің мониторингін жүргізуге мүмкіндік беретін диагностикалық нұсқаулығы бар бағдарлама.

Бағдарламаға ену тәсілі: мектеп жасына дейінгі мекемеге баратын 5-7 жас аралығындағы балалар мен ата-аналар қалауы. 5-6 және 6-7 жастағы балаларға арналған оқу тақырыптық жоспар 2 жылға түзілген. Әрбір этаптағы жұмысты өткізген сайын балалар белгілі бір білім мен дағдыларды меңгеруі тиіс. Балалар классикалық аэробикада степ-аэробика, футбол-гимнастика элементтері бар жаттығуларды меңгереді. Бағдарлама бойынша жұмысты ұйымдастыру мектепке дейінгі мекемеде жұмыс істейтін медицина қызметкерлерімен қарым-қатынаста бола отырып жүзеге асады. Үйірме жұмысын ұйымдастыру, жүзеге асыру баланың жеке ерекшеліктерін, денсаулық жағдайын, іс-қимылдарды меңгеруін, көңіл-күйін, қалауын ескеруді талап етеді. Сабақ өткізу барысында тыныс алу гимнастикасының жаттығуларын, релаксация, медитация ойындарын өткізуге кеңес беріледі. Сабақ өткізу баланың қызметіне арналған кестеге сай, аптасына 2 рет өткізіледі. Оқытудың келесі ұстанымын ескеру керек. Қол жетімділік ұстанымы – балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, дене дайындығына сай жаттығуларды қолдану. Жеке тұлға ұстанымы – әртүрлі жастағы бала мен жұмыс жасау. Реттілік және жүйелілік ұстанымы – қарапайымдылықтан күрделіге көшуді реттілікпен орындау, қимыл-іс дағдыларын қалыптастыруда тыңғылықты болу қажет. Жүктемені алмастыру ұстанымы – балалардың шаршауын қадағалау үшін маңызды және жаттығуларды орындағаннан сауықтыру әсерін бақылау үшін. Кепілділік және нәтижелік ұстанымы – қажетті көмек пен қолғабысты алуда бала құқығын жүзеге асыру. Жас ерекшеліктері мен дайындығына байланысты оң нәтижеге қол жеткізу кепілі. Белсенділік және сезіну ұстанымы – жаңа қимылдарды меңгеруде баланың қызығушылығын қалыптастыру, шығармашылығын қалыптастыру, өзін-өзі бақылау, сезіну дағдыларын меңгерту.

Педагог үшін қимылдарының әдемілігі жеткіліксіз, сонымен қоса оқытып отырған балалардың техниканы меңгеруі тиіс. Техниканы нақты түсіндіруі, қажеттіліктерді дер кезінде жөндеп отыруы керек. Фитнес-аэробиканың негізгі қимылы айна алдында орындалуы, дыбыстық бағыт қолдану (санау, шапалақ ұру) арнайы таңдап алынған музыка, жаттығуларды орындауда музыкалық көлемнің сәйкестігі. Күрделі емес қарапайым жаттығуларды орындауда (жүру, қадам жасау сияқты) жалпылама тәсілі қолданылады. Координация бойынша күрделі жаттығуларды үйреткенде оқытудың сатылама әдісін қолданған жөн. Ойын қолдану әдісі оқу-тәрбие жұмысына ерекше әсер береді, жаттығуларды есте сақтау мен меңгеру үдерісін жеңілдетеді, элюционалдық әсерін күшейтеді, баланың шығармашылық қабілетінің артуына септігі тиеді.

Аталмыш бағдарламаны жүзеге асырғанда шығатын нәтиже түрлері: балалардың мектепке дейінгі мекемелерде өткізілетін іс-шараларда өнер көрсету. Мысалы: «Балабақшаның туылған күні», «Отан қорғаушылар күні», концерттік мереке; ата-аналар үшін ашық есік күні; келешекте қала педагогтарының алдында өнер көрсету.

Біздің балабақшада қазіргі таңда жоспарға сай степ аэробика кешені күнделікті оқу іс-әрекетіндегі жалпы дамыту жаттығулары ретінде қолданылып келеді. Жаттығулар өте оңай, балаға ешқандай зияны жоқ әуенмен сүйемелдеп отыратын жаттығулардан тұрады. Балалар степ жаттығуларын өте қызығушылықпен орындайды. Степ жаттығуларын орындағанда түрлі құралдарды пайдалана отырып орындауға болады. Степ платформалардың өзінде бір құрал ретінде пайдалана беруге болады. Жаттығу түрлерін атап отер болсақ:

ЖДЖ степте доптармен және допсыз:

  1. Степке міну, доп қолда, жартылай отырып қолды алға созу, б.қ. оралу 6 рет.
  2. Степке міну, доп қолда. Қолды жоғары көтеру, оңға, солға иілу, б.қ. ор. 6 рет.
  3. Степке міну, доп оң қолда, екінші қол белде. Қолды алға созып иыққа тигізу. Сол қолға қайталау 4 реттен.
  4. Степке отыру, доп қолда. Аяқ арасын ашып допты алға қарай домалату, кері домалату 4 рет.
  5. Степке отыру, доп қолда. Аяқты алға созып, допты аяқ ұшына тигізу.4 рет.
  6. Степте жәй жүріс.8 рет.
  7. Степке екі аяқты алма кезек қою, сонымен қатар екі қолды алға, артқа созып шапалақтау 8 рет.
  8. Степті қолға алып, оңға, солға бұрылу 8 рет.
  9. Стептің жанында тіземен отырып, степке қолды қойып, кеудемен төмен жоғары көтерілу 8 рет.
  10. Қолды степке қою, стептен алға қолды алма кезек қойып, б.қ. оралу 8 рет.
  11. Степке міну дем алу. Стептен түсу дем шығару.

Жоспар бойынша өткізілетін оқу іс-әрекеті аптасына 2 реттен жалпы дамыту жаттығуларының орнына енгізілген болатын. Қазіргі таңда аптасына 3 реттен өткізіледі.

Жоспар бойынша степ аэробика жаттығуларын ересек топтардың оқу іс-әрекетінің жалпы дамыту жаттығуларында көре аласыздар.

Әр топта бес, алты немесе оданда көп баладан тұратын топ құрылады.

Сондай-ақ тәрбиешілер арасында да топ құруды жоспарлап қана қоймай, оны жүзеге асыруды жөн көрдік.

Ересек «Жұлдыз» тобының балалары.

Ересек «Бәйшешек» тобының балалары.

Ересек «Аққу» тобының балалары.

Қортындылай келе, айтарым спорт тек қарсыласпен белдесуге ғана тәрбиелемейді, сонымен бірге батылдыққа, өмір қызығына, көз жетпес кеңістікке, алға ұмтылушылық және дене қабілеттерінің дұрыс жетілуіне тәрбиелейді. «Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде» демекші салауатты өмір салтын ұстана отырып дені сау ұрпақ тәрбиелеп шығаруға ат салысайық.

Айтбаева Альфия Шерипбаевна

Маңғыстау облысы, Мұнайлы аудандық білім бөлімінің

№8 «Алтын сақа» балабақшасының

дене шынықтыру маманы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.