Балалар әдемі әуен ырғағымен қолдарына жалауша ұстап залға кіреді, би қимылдарын көрсетеді.
Жүргізуші: құрметті қонақтар, сүйікті балалар бүгінгі біздің ертеңгілігіміз Отанымыздың Тәуелсіздік күніне арналады
-Балалар, Қазақстан 1991 жылы 16 желтоқсанда тәуелсіздік алды және егеменді ел болды.
Тәуелсіздік — ата-баба арманы
Тәуелсіздік жеңіс елді шарлады
Құтты болсын Тәуелсіздік мейрамы!
Бала:
Әнұраным – жан ұраным,
Айтар әнім – сөйлер сөзім,
Туған жерім – сағынарым,
Мәңгі – бақи шырқалады,
Республикам Әнұраны
Гимн
Жүргізуші:
Рәміздерім елдігімнің белгісі
Білу керек бала дағы ең кіші.
Рәміздерім -әнұран, ту, елтаңба
Рәміздерді жатқа білген жөн кісі
1бала:
Айналайын аспаннан
Біздің тудың бояуы
Оны халық қашанда
Биікке іліп қояды
2бала:
Елтаңбасы елімнің
Неткен көркем әдемі
Тұнығындай көңілдің
Ортада аспан әлемі
3бала:
Отанымның гүлі көп
Өсіп, баулап, баптаған
Бақытты елдің ұлы боп,
Жүргеніме мақтанам!
Ән «Достық»
Музыкасын жазған И.Нүсіпбаев
Сөзін жазған Е.Елубаев
Жүргізуші: Балалар,«Отан» деген сөзді қалай түсінесіңдер?
Балалардың жауаптары:
-Отан дегеніміз елім, жерім, бауырым, табиғатым
Жүргізуші: Ал, біздің балалар Отанға деген жылы сөздерін тақпақпен жеткізеді.
Отанды біз атамекен
Деп аялап атаймыз,
Өйткені оны мекен еткен,
Бабамыз бен атамыз
Отаным – өзегім сен,
От алдым өзіңнен мен.
Жаралдым топырағыңнан
Нәр алдым өзеніңнен.
Тазша бала(атпен шауып кіреді)
-Ассалаумағалейкүм!
Балалар: -Аман -есенсіз бе!
Тазша бала: -Балабақшаның қасынан шауып бара жатып, сендердің әсем әндеріңді естіп әдейі бұрылдым
Тойларың құтты болсын!
Қазақстан көркейе берсін!
Мен — Тазша баламын-
Көңілді, сергек, батылмын.
Достықты қастерлеймін
Ойынды, биді ұнатамын!
Жүргізуші: -Төрлетіңіз, біздің балаларды өнерлерін тамашалаңыз.
Құрметті қонақты отырғызады
1.бала
Алтын дәнді даласы бар,
Ақ күмістей қаласы бар.
Неткен сұлу, неткен көркем!
Осы менің туған өлкем.
2.бала
Асқар,асқар тауым бар
Қазыналы жерім бар
Көгінен нұр төгілген
Қазақстан деген жерім бар
Тазша бала: — Отан туралы, ел жайлы кім мақал –мәтел біледі екен?
3бала: Отан елдің анасы,
Ел — ердің анасы.
4 бала:Отан оттан да ыстық.
5 бала: Туған жердің күні де ыстық,
Үні де ыстық
Ән «Біз өмірдің гүліміз»
Сөзін жазған Ә. Дүйсенбиев
Әнін жазған Б Ғизатов
Тазша бала: — Рахмет, балалар! Сендермен ойын ойнап көңілім көтеріліп, рахаттанып қалдым. Бәрекелді! Жарайсыңдар! Өлең де, мақал-мәтел де
біледі екенсіңдер!
Еркелеткен төрінде
Елімізді сүйесіңдер
Ата-баба қалдырған
Байлығына иесіңдер!
(Қоржынын ашып, сыйлықтарын таратады)
Достарыма ашып құшағымды
Таратайын қоржынымдағы тағамымды.
Балалар: Рахмет!
Тазша бала балалармен қоштасып, атына мініп, қайтады.
Жүргізуші: Балалар, біз енді тойымызды дастархан жайып, топта жалғастырайық.
Турумбаева Гүлбану Ахметқызы,
Жаңаөзен қаласы
№ 25 «Толағай» балабақшасының
№14 МАД тобының тәрбиешісі