Home » Балабақша » Ата Заңым — ардағым!

Ата Заңым — ардағым!

30 тамыз Қазақстан Республикасының Конститутциясы күніне арналған мерекелік іс шара.

І Жүргізуші:  Сәлеметсіздер ме құрметті балалар, ата-аналар, ұжымдастар, қонақтар! Бүгінгі біздің ұйымдастырылған «Ата Заңым-ардағым» атты 30 тамыз Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған мерекелік іс-шараға қош келдіңіздер!

Қастерлемес даңқын кім

Қадірлемес салтын кім
Әнұраны елімнің Үні, тілі халқымның (ҚР әнұраны орындалады)

— Қазақстан Республикасы тәуелсіз, егеменді мемлекет. Еліміз тәуелсіздікті 1991жылы алды. Қазақстан мемлекеті өз егемендігін алған соң 30-тамызда 1995жылы өз Ата Заңымыз қабылданды. 30 тамыз –мемлекеттік мереке «Конституция күні» деп аталды. Биыл Ата Заңымызға 22 жыл толады. Өздеріңіз білесіздер, ол адамның, қоғамның, елдің құқығын қорғауға арналған. Әрбір елдің өз Ата заңдары болады. Заң болмаса, адам құқығы қорғалмайды, дүниеге келген бірінші күннен бастап сендер мемлекеттің қамқорлығындасыңдар.

ІІ  Жүргізуші: Тұлпардың беріп тынысын

Кемел болсын ұлы ісің!

Орнасын ұлы даламда

Ынтымақ пен ырысың!

Егемендігім – елдігім,

Баянды болсын теңдігім!

Дәуірдің күрестерінде,

Үзілмесін белдігің!

І  Жүргізуші: Дарытпай бойға кеселді,

Шайқалтпай күміс кесеңді,

Әділдік жолмен алып қал,

Тарихта кеткен есеңді.

Тамырын жайған тереңге,

Төзімің ұқсап еменге

Тамсанып тұрсын өзге жұрт

Қазақтың елі дегенде.

ІІ Жүргізуші: Ел тәуелсіздігімнің кепілі, келешегімнің кемелі – Конститутция күніне орайкелесі құттықтау сөзінбалабақшамыздың меңгерушісі Усенова Зауреш Орунбасарқызына сөз кезегі беріледі…

І  Жүргізуші:  Ендеше балалар, Ата заң туралы тақпақтарымызды айтайық! (16,9 топтар)

Амантай: Шарықтап, шарла көкте, көк байрағым,

Арманым, азаттығым көпке айғағым

Мен сенің салтанатты сағағыңа

Өлеңмен алтын шашақ шоқ байладым!

Құралбек: Отаным, Қазақстаным,

Жұмағым, ғажапстаным

Сен менің желеп жебеушім

Тәуелсіз Қазақстаным!

Жансая: Кең байтақ туған өлкем Қазақстаным

Мен сені әрқашанда мақтан тұтам,

Алтын дән,

Баршаны байлығымен таңқалдырған.

Ерсұлтан: Әлемге аян кең төрі,

Ұлдары батыр зерделі.

Алтын заңмен көркиер,

Егемен елдің ертеңі.

Нұрай: Ата заңым ардағым

Тәуелсіздік елдігім

Мақтан етем елімді

Қазақ жерім деп соққан.

Ержан: Ата заңым бар мұратым

Жалғыз кие жанды ұғатын

Жаңсақ болсаң жолға салып,

Тәубаңды еске алдыратын.

Сезім: Отызыншы тамыз бұл

Ел мерейін асырған

Жаса мәңгі Қазақстан

Ата Заңын тойлаған!

ІІ Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар! Өркендерің өссін!

І Жүргізуші: Қазақстан Республикасы Ата Заңымызбен елдігіміздің белгісі көк байрағымыз көкте желбіреп, әнұранымыз әлемге шырқалып жүр.

ІІ  Жүргізуші: Әрбір ел азаматының ендігі парызы осы құндылықтарды сақтау, қадірлеу, заңдарын орындау.

Хор:«Қазақстаным менің»

І Жүргізуші: Мерекемізді әрі қарай жалғастырамыз, тағы да кезекті тақпақтарға берейік.(6,7,10 топтар)

Альфия: Ғұрпымыз бар ел сенген,

Дәстүрлі — ең ізгі.

Әділдікпен өлшенген,

Заңымыз бар негізгі.

Рауза: Бас иетін бар адам

Әрбір сөзі салмақты.

Қорғар бәле жаладан,

Ата заң бұл ардақты!

Алтынбек: Алтын Заңым қорғайды,

Бар адамның теңдігін.

Әділетті қолдайды,

Арқа тұтып, ел бүгін.

Абылай: Отан туы желбіреп

Көз тартады құбыла

Біз қараймыз елжіреп

Туған жердің туына

Назым: Ән ұраным жан ұраным

Айтар әнім, сөйлер сөзім

Туған жерім сағынарым

Мәңгі бақи шырқалады

Республика әнұраны!

Адилья: Елбасы елді қорғайды

Халық қамын ойлайды.

Осындай жақсы адамның

Жақсылығы тарайды.

Жасмин: Қорға дейді баланы

Қолда дейді ананы

Ел тілегі жазылған

Құтты болсын Ата Заң!

Қайсар: Асыл өлкем ерекше

Қазақстаным мерекең

Беп белгілі мекенің

Сенің ғажап мекенің.

ІІ Жүргізуші: Бәрекелді жарайсыңдар! Топтастырылған «Флешмоб» қабыл алыңыздар!

І Жүргізуші: Еліне арналатын тілегі шын,

Ей ұлым – Отанымның түлегісің!

Іргесін туған елдің тіреп тұрған

Қадірін Ата Заңның білемісің?!

ІІ  Жүргізуші: Ешкім де мін таға алмас елдігіме!

Дауласып жармаспайды белдігіме

Бойында Ата Заңның өріліп тұр

Даламның кеңдігі де, теңдігі де!

  • дей келе кезегімізді тағы да тақпақтарға берейік. (8,14 топ)

Айда: Отан туы желбіреп

Көз тартады құбыла

Біз қараймыз елжіреп

Туған жердің туына

Мөлдір: Ән ұраным жан ұраным

Айтар әнім,сөйлер сөзім

Туған жерім сағынарым

Мәңгі бақи шырқалады

Республика әнұраны!

Нұртас: Отызыншы тамыз бұл

Ел мерейін асырған

Жаса мәңгі Қазақстан

Ата Заңын тойлаған!

Нариман: Ата заңым ардағым

Тәуелсіздік елдігім

Мақтан етем елімді

Қазақ жерім деп соққан.

Жансая: Өмірден әділдікпен бақ табатын,

Құқығым қорғалды деп шаттанатын,

Өзіңдей жас өркендер келеді өсіп

«Бұл біздің – Ата Заң деп мақтанатын!»

Інжу: Әр бабы әр тармағы жойылмайды,

Шектеу де және тегін қойылмайды!

Келісім – шарт жасасқан барлық шет ел

Қазақтың Ата Заңын мойындайды!

Алихан: Болған мен бұл өмірде айлаң күшті,

Ел үшін кім тындырар қайран істі!?

Еліңнің дамуы мен дағдарысы

Ол дағы Ата Заңға байланысты!

Ерсұлтан: Бағынған өз заңына жұмыр ғалам,

Сондықтан Күннен Жерім суынбаған.

Қоғамның сан саласын реттейтін

Әрбір заң Ата Заңнан туындаған.

І Жүргізуші: Конституция мерекесімен құттықтау сөзі балабақшамыздың тәрбиешісі Клара Исенбайқызына береміз

Құрметті қонақтар, балалар! Хош сау болыңыздар!

Тұяқова Мереке Аманжолқызы
Жаңаөзен қаласы,
№ 25 «Толағай» балабақшасының

№14 «Жас Қанат» МАД тобының тәрбиешісі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.