Home » Балабақша » Туған күніңмен, «Айналайын»!

Туған күніңмен, «Айналайын»!

       Ағымдағы жылдың желтоқсан айының он төртінші жұлдызында қаламыздың «Айналайын» бөбектер бақшасының ашылғанына 1 жыл болады.

Бір жаста бал бөбек тәй-тәй басып, тұсауы кесіледі. «Айналайын» да қала ішіндегі балабақшалар арасында дәл сондай бөбек болып отыр қазіргі таңда. Өзінің алғашқы «туған күнінде» артқа үңілсек, балабақшаның жетістіктері аз емес.

Батталова Гүлжан Күнкашбайқызы меңгеріп келе жатқан мектепке дейінгі білім беру мекемесі айрандай ұйыған ұжымға айналды. Бүгінгі таңда «Айналайын» балабақшасы Ақсу қаласында интербелсеңді тақтамен барлық тобы қамтамасыз етілген тұңғыш балабақша. Балабақшаның ерекше жарқын, жеңіл, жайлы атмосферасын айтып кетпесе болмайды. Атам қазақ «атына заты сай» деген екен. Шынымен де балабақшамыз мені жұмысқа орналасуға келген алғаш күнімнен-ақ өзінің жылулығымен баурап алды. Кіре берістен-ақ жарық, есіктері ашық түсті, едендеріне дейін аппақ заман талабына сай екендігі көзді қуантады. Жарқын жүздеріменен тазалаушы апайлар қарсы алады. Асханадан мұрынды жаратын бөбектер рационына сай пісірілген аспаздарымыздың тағамдарының иісі сезіледі. Медициналық блокта балалар денсаулығын қадағалайтын мейірімді медбикелеріміздің жүздері қашан да жайдары. Біздің бөбектер бақшамызға бір кіріп шыққаннан-ақ ұжымның бірлігі сезіледі. Балақайлардың жан-жақты дамуына толықтай жағдай жасалған.

Әдіскерлері Әсел Мақсұтқызы Әлиасқарова мен Ризагүл Болатбекқызы Салтанова үнемі жаңалыққа, ізденіске ұмтылып, педагогтардың жұмысын жан-жақты етіп ұйымдастыра біледі. Жуырда ғана «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты Елбасымыздың мақаласы аясында «Деңсаулық сабағы» деп бастау алған жобаны жүзеге асырды. Бұл балалардың, ата-аналардың, тәрбиешілердің бірлесіп атқарған зор еңбегі.. Білуімізше, салауатты өмір салты осы бағдарламаның бір бағыты болып табылады. Кәсіподақ басшысы Мейрамгүл Жағыпарқызы Сейтенгазинова ұжымның жұмыстан тыс уақытын, мейрамдарын тамаша ұйымдастыра білетін көңілі дархан жан. Балабақшамыздағы он екі топтың тәрбиешілері, ән-күй мұғалімдері, хореограф, дене шынықтыру инструкторлары өте тату, бір-бірлерімен үнемі байланыста болады. Бөбектердің жайлы жағдайларын жасау жолында жұдырықтай жұмылады. Мен осындай білімді мамандармен, бір ұжымда жұмыс жасағаныма қатты қуанамын. Педагогтардың ойлары да бір-бірімізбен үндесіп, бір-бірімізді сөзссіз-ақ түсінетін жағдайға аз уақытта қол жеткіздік. Семинарлар өткізіп, педагогтар өзге мектепке дейінгі ұйымдармен тәжирибемен алмасты. Қуантатыны семинар меймандары риза болып қайтты. «Айналайын» бөбектер бақшасының жас мамандары бірлесіп өзекті мәселелерді талқылап, жұмыстан тыс уақытында бірге ән салады, ағылшын тілін үйренеді. Осындай дарынды меңгерушіміз, кәсіби деңгейлері өте жоғары әдіскерлерімізді, көңілдері жайдары педагогтарымызды, бірлігі жарасқан ұжымымызды мақтан етемін. Алғашқы туған күнің құтты болсын, сүйікті балабақшам! Барлық әріптестерімді шын жүрегіммен құттықтаймын! Биіктен көріне бер, «Айналайын» бөбектер бақшасы!

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.