Home » Жаңалықтар » Туған жерді жырлаймыз

Туған жерді жырлаймыз

Тарихы терең, табиғаты әсем, аты аңызға айналған ауылымыздың Мәдениет үйінде қараша айының 9-ы күні «Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  «Туған жерді жырлаймыз» атты іс-шара ұйымдастырылып өтті. Кітапхана меңгерушісі  Мәншүк Жолдығалиқызының  басшылығымен шараға мектептің 4 сынып оқушылары қатысты. Шара Мәншүк апайдың оқушыларды туған жерді құрметтеуге шақыру, Отанды сүюге дәріптеу сөздерімен бастау алды.

Шара барысында кітапханашы Фариза Салауатқызы оқушыларға туған жер тақырыбында бірнеше сұрақтар қойып, оқушылардың қызығушылығын арттырды. Ал мектеп оқушылары өздерінің қоржынындағы туған жерге арналған өлең шумақтарын тарту етті. Шара мақсатына жетті. Мұндай шараның ұйымдастырылуы оқушылардың жан-жақты дамуына мүмкіндік береді деп ойлаймын. Оқушылар ойларын еркін жеткізіп, сұрақтарға жауап беру арқылы туған жерді құрметтеу мен қорғауға деген жауапкершіліктерін арттырды деп нық сеніммен айта аламын. Осындай шаралар лайым көп болғай! Кітапхана ұжымына өзімнің және оқушыларымның атынан алғыс білдіремін!

Тажмуханова Ақманет Берикқалиқызы
Теректі ауданы, Шағатай ауылы,
Ы.Алтынсарин атындағы ЖОББМ
бастауыш сынып мұғалімі

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.