Home » Жаңалықтар » «Туған елге тағзым» экспедициясы Ақтөбедегі жаңа нысандарға саяхат жасады

«Туған елге тағзым» экспедициясы Ақтөбедегі жаңа нысандарға саяхат жасады

 

Назарбаев Зияткерлік мектептері оқушыларының еліне деген сүйіспеншілігін арттырып, бойына патриоттық сезім ұялату мақсатында 2012 жылдан бері «Туған елге тағзым» жобасы жүзеге асырылады. Жоба аясында әр өңірдің оқушылары Қазақстанның басқа облыстарына саяхат жасайды.

Биыл Ақтөбе қаласына келіп жеткен экспедиция құрамында Семейлік және Талдықорғандық Зияткерлер бар.

Ақтөбеде миллион халқы бар қала мәртебесін алу үшін бағытталған басты жобаны ретке келтіру жұмыстары қолға алынып отыр. Оның бірі қалада заманауи кешендердің салынуы. Солардың бірнешеуі «Батыс-2» ықшам ауданында, дәлірек айтқанда Назарбаев Зияткерлік мектебінің қасында орналасқан.

Оқушылар өз кезегінде шаһардағы жаңа жобалармен танысып, құрылыс жұмыстарын ішінен көрді. Ең алғаш ғылым мен білімнің, өнер мен спорттың тұтқасын ұстаған «Шығармашылық академиясы» ғимаратында болды. Академияда орныласқан обсерваторияда телескоп арқылы аспан әлемімен танысып, ғарышқа саяхат жасады. Балаларға 3Д форматында ғарыш туралы қысқа фильм көрсетілді.

Бүгінде Ақтөбеде «Нектар» құрылыс компаниясын білмейтін адам кемде кем. Сондықтан «Туған елге тағзым» тарихи-өлкетану экспедициясы аясында құрылыс аланына да саяхат ұйымдастырылды. Қала қонақтарын компания басшысы Шамиль Каспранов қарсы алып, құрылыс саласындағы ұзақ жылғы жұмысын баяндап, кәсіпорынның қалыптасу және дамы тарихымен бөлісті. Алғашында 7 адамнан құрылған кооперативте бүгінде 500-ден астам адам еңбек ететінің білген балалар қызығушылығын жасырмады.

  • Салынып жатырған нысандарға барарда біздерге арнайы киімдердің берілгені ерекше әсер қалдырды – бір сәтке өзімізді нағыз құрылысшы ретінде сезіндік, – деп Семейлік жас зияткер Ариф шыңын айтты.

 

  • Тұрғын үйлердің қалай салынатының құрылыстың басы-қасында жүріп білуге бүгін мүмкіндік туды. Және «ТЕТ-2019» жобасының басым көпшілігі жоғары сынып оқушылары болғандықтан, бұл жердің жұмысы кәсіби бағдар берді. Себебі балалардың арасында тек архитектура мен инженерия емес, бизнеске де бет бұрғысы келетіндер де бар, – деді Талдықорған мектебінің педагог-кураторы Шынар Базилбекова.

Шынайлығымен балаларды баурап алған мекеме басшысы Зияткерлік мектеп оқушыларына Жекпе-жек сарайын көрсетті. Өткен жылдың қазан айында Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасынан бастау алған «Туған жер» форумы аясында «Нектар» құрылыс компаниясы Ақтөбе қаласына спорт сарайын сыйға тарту еткен болатын.

«Асе» теннис орталығы да балаларға барлық ойын корттарын көрсетіп, мекеменің жұмысымен таныстырды. Оқушылар мен олардың жетекшілері спорт кешенінің заман талаптарына сай, мектепке жақын және толығымен жабдықталғандығын атап өтті.

Өңірде жылдың кез келген уақытында конькимен сырғанап, мұз айдынына хоккей көруге мүмкіндік бар. Бұл спорттық нысанның есігі тек кәсіпқой спортшылар үшін ғана емес, кез келген қала тұрғындары мен қонақтарына да айқара ашық екеніне Зияткерлердің көздері жетті. Себебі Семей мен Талдықорғаннан келген экспедиция мүшелеріне коньки тебуге мекеме тарапынан барлық жағдай жасалды.

Балалар Ақтөбе облысына сапарын Алия Молдағұлова атындағы мұражайдан бастады, онда батыр қыздың балалық шағы және ерлігі туралы көптеген қызықты ақпарат алды. Бағдарламаның екінші күнінде Қобда ауданына жол түсті. Мұнда балаларға облыстың қасиетті жерлеріне экскурсия ұйымдастырылды. Аймақтың тарихи ескерткіштерінен балалар Абат Байтақ кесенесіне және Қобыланды батырдың құрметіне ашылған мемориалдық кешенге барды.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.