Home » Ашық сабақтар » Тобаякова  Жанат. Бес кезеңді білім сайысы

Тобаякова  Жанат. Бес кезеңді білім сайысы

Тобаякова  Жанат,
№ 29 орта мектептің
география пәні мұғалімі
Алматы облысы,
Талғар ауданы,
Бесағаш ауылы,

 Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, ой – өрісін дамыту үшін  және меңгерген білімін байқап, білім деңгейлерін көтеру мақсатында сайыс сабағын өткіздім.
Сайыс бес кезеңнен тұратындықтан, «Бес кезеңді білім сайысы» деп аталады.
Сабақты ұйымдастыру кезеңінде оқушылар қорапшадан (ауа, су, жер) фишкаларды алу арқылы – Атмосфера, Гидросфера, Литосфера атты
3 топқа бөлінеді. Оларға сайыстың бағдарламасы таныстырылып, әр топтан  бір бақылаушы сайланады. Әрбір дұрыс жауап үшін 1 ұпай қойылады.
Сайыс кезінде көрнекіліктер ретінде интерактивті тақта, тақырыпқа байланысты плакаттар, слайдтар пайдаланылды.
Сайыс барысы:

  1. «Тездет, бірақ қателеспе !» (3 топқа 5 сұрақтан)
  2. «Адасқан әріптер»
  3. «Сандар сөйлейді»
  4. «Географиялық пошта»
  5. «Сен білесің бе?» ойыны
    І  кезең  «Тездет, бірақ қателеспе!»  Әр топтан бір оқушы тұрып, сұрақтарға  «иә, жоқ» — деп  ғана жауап береді.

Атмосфера тобына:

  1. Жердің ішкі құрылысы 3 қабаттан тұрады. (иә)
  2. Жер бетіндегі тіршілік үшін маңызды атмосфера қабаты – мезосфера (жоқ)
  3. Дүние жүзіндегі ең лас теңіз – Жерорта теңізі (иә)
  4. Құм, қиыршық тас, малтатастар су өткізбейтін қабатты құрайды. (жоқ)
  5. Ауаның құрамы 78 % оттегі, 21% азот, 1%  басқа газдардан тұрады. (жоқ)

Гидросфера тобына:

  1. Ауаның жер бетіне түсіретін күші – атмосфералық қысым деп аталады. (иә)
  2. Жер бетіндегі ең биік тау – Тянь – Шань тауы (жоқ)
  3. Мұхит суының басты қасиеті – температурасы мен тұздылығы (иә)
  4. Өсімдік ауадан көмірқышқыл газын, ауа мен топырақтан суды бойына сіңіреді. (иә)
  5. Жер шарындағы тірі ағзалар таралған аймақ – термосфера (жоқ)

     Литосфера тобына:

  1. Тәулік ішіндегі ең төменгі температура күн шығар алдына сәйкес келеді.(иә)
  2. Таулар биіктігіне қарай – ойпат, қырат, үстірт болып бөлінеді. (жоқ)
  3. Каспий теңізі арқылы Қазақстан – Ресей, Әзірбайжан, Түрікменстан, Иран мемлекеттерімен байланысады. (иә)
  4. Ең құнарлы топырақ — күлгін топырақ. (жоқ)
  5. Солтүстік Америкадағы Ниагара сарқырамасының даусы 25 шқ – нан естіледі. (иә)

ІІ  кезең  «Адасқан әріптер» (Полиглот)
Оқушылар адасқан әріптерді орнына қойып, құралған сөздің орысша, ағылшынша аудармасын айтады.

ңбыжар –  жаңбыр дождь rain
зенө –
ажнура –
туаранаж –
тпрқоыа –
хұтим –
ырладб –
қыбал –
кекөтм –
тұлб –
қтапаб –
ікөсмідк –
қлуаұқрыңаса –
ибатағт –
етзңі –
ІІІ кезең  «Сандар сөйлейді»
Әр топ өздеріне берілген сандардың нені білдіретінін айтады.
Атмосфера тобына:         Гидросфера тобына:      Литосфера тобына:

3500 шқ                               2900 шқ                              15 кг

21 %                                     1 кг 33г                                0,60 С

-20  С                                     35%0                                     41%0

6995 м                                   11022 м                               8848 м

3/4                                         17,50 С                                  78%

ІV   кезең «Географиялық пошта» ойыны
Әр топ пошта жәшігінен бір конверттен алып, өз топтарының атына сәйкес  сөздерді жинап, артық сөздерді алып тастайды.
Конверттегі сөздер: жел, мантия, бұғаз, ядро, озон газы, жер қыртысы, эхолот, фауна, сейсмограф, шаң – тозаң, шығанақ, жазық, флора, тау, түбек, радиозонд.
V кезең «Сен білесің бе?» (Ұғым сөздердің анықтамасын табу)
Бриз –  теңіз жағалауынан соғатын, құрлық пен судың үстіндегі ауаның әртүрлі жылынуына байланысты бағытын тәулік ішінде 2 рет өзгертетін жел.
Эхолот –
Планктон –
Промилле –
Радиозонд –
Амплитуда –
Гейзер –
Пангея –
Кратер –
Флора –
Сайысымызды қорытындылап, жеңімпаздарды марапаттаймыз.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.