Home » Ашық сабақтар » «Тиін мен қасқыр» ертегісін мнемотехника арқылы әңгімелеу

«Тиін мен қасқыр» ертегісін мнемотехника арқылы әңгімелеу

Қатынас: Көркем әдебиет

Мақсаты: Балалардың сөздік қорын молайту.

Міндеттері: Ертегі мазмұнын көрнекі құралдарды қолдана отырып әңгімелеп беруге үйрету.

  • Логикалық біртінділік түрінде ертегіні жүйелі құру біліктерін бекіту;
  • Жабайы аңдардың мінез-құлқын ажырата білуде мнемотехниканы қолдану;
  • Сөздер мен сөз тіркестерін тіл ішінде белсендіру;
  • Дамыту міндеттері:
  • Психикалық үрдістерді дамыту, есте сақтау, зейін, көрнекі-әрекеттілік ойлау;
  • Бейнелер мен таныс символ белгілерін құра білуге үйрету;
  • Жануарларға деген жағымды көзқарасқа тәрбиелеу, оларға қамқор болуға үйрету, жануарларды аялауға тәрбиелеу. Ертегі желісін символдар арқылы есте сақтап, әңгімелеуде қолдану іскерлігін дамыту.

Керекті құралдар: теледидар, сызба-тіректер (символдармен), жолақшалар әрбір балаға жеке тіректер, тиін ойыншығын, мұнара, ермексаз. Ертегіге байланысты мазмұнды сурет (үлкен суретте), таяқша, көмекші құралдар (жағымды, жағымсыз түстер, ермексаз, тақтайша, сүлгі, су).

Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, сиқырлы таяқша бойынша әңгімелеу – мнемотехника әдісі.

Сөздік жұмыс: залым, қатігез.

Алдын-ала жұмыс:

  • Жабайы аңдардың символдарын қарау, талқылау (қасқыр, тиін, аю).
  • Үнтаспадан аюдың, қасқырдың дыбысын есту.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру. Жылу шеңбері. Балалар дөңгелене тұрады. Бір-біріне жылы сөздер айтады.

-Балалар, бүгін біз сендермен «Тиін мен қасқыр» ертегісін әңгімелеп үйренеміз. Ертегіде «қатігез, залым» деген жаңа сөздер кездеседі. Ол “жаман” деген сөз. Ал енді, балалар, бәріміз барып, үстел үстінде жатқан сәбіздерді алып, жартымыз жаңғактарды алып, суреттер бейнеленген орынға барып отырайық.

-Кім жаңғақтарды алса, тиіннің баласын мүсіндейді, кім саңырауқұлақ алса, олар ертегіні әңгімелеуге басқа орынға барады (балалар бөлінеді, екі орталыққа отырады); бірінші топ сәбіз бейнеленген шығармашылық орталығына барып отырады.

Тәрбиеші шығармашылық орталығында отырған балаларға келеді.

  • Балалар, бізге тиін қонаққа келіпті. Кәне, тиіннің қандай екенін әңгімелеп берейікші.  Тәрбиеші үстел үстіндегі мұнараға тиінді бірте-бірте шығара отырып, сұрайды.
  • Бұл не? (1-ші қабат) (тиін)
  • Ол не жейді? (2-ші қабат) (жаңғақ, саңырауқұлақ)
  • Ол қандай жануар? (3-ші қабат) (жабайы)
  • Ол қайда тұрады? (4-ші қабат) (орманда)

Мұнараның төбесіне ары қарай шығады. Осылайша тәрбиеші тиін ойыншықты мұнара бойынша апарып сұрайды, ал балалар жауап береді.

  • Тиін қандай? (балалар тиінді қолдарымен ұстап көреді: Жұмсақ, үлпілдек).
  • Ал, енді тиінге көмектесейік, — деп, тәрбиеші тиінді жасау үлгісі бойынша ретімен түсіндіріп береді. Алдымен тиіннің денесін жасаймыз, содан кейін басын, басына құлағын шымшып шығарамыз. Осыдан кейін құйрығын, сосын екі қолын, екі аяқтарын жасаймыз. Ең соңында тиіннің бет әлпетін таяқшамен сызамыз.                                        
  •  Тәрбиеші басқа топшадағы балаларға келіп, ертегі мазмұнын мәнерлеп оқиды. Екінші рет сызба арқылы тағы бір рет айтып шығады. Тәрбиеші содан кейін:
  • Балалар, қазір теледидардан осы ертегінің желісін көріп, қай жерде оқиға болып жатқанын кім айтып, әңгімелеп береді? — дейді. Бір баладан сұрайды. Тәрбиеші:
  • Ал, енді осы ертегіні алдарыңдағы ертегі желісінің суреттерін ретімен қоя отырып, әңгімелеп бересіңдер,- дейді. Балалар ертегіні ретімен қоя отырып әңгімелейді. Келесі тапсырма бойынша тәрбиеші түсіндіреді.
  • Бұл ертегіде қаңдай кейіпкерлер болды? Сол кейіпкерлерді жолақшаға қойындар және түспен белгілеңдер.

Сергіту сәті:

Мен тиінмін, тиінмін

Қысқа жылы киіндім

Қоймам толы жаңғаққа

Іші жылы үйімнің.

Тәрбиеші: Балалар, менде сиқырлы таяқша бар, қане, мен таяқшаны сермегенде 2 топ өз орындарыңмен ауысыңдар (теледидардан сиқырлы таяқшаның дыбысы естіледі).

Қорытынды. Өз — өзін бағалау.

Тәрбиеші: Тиін сендерге сыйлық әкеліпті. Егер де кім ертегіні ұғып алса, тиінді жақсы мүсіндесе – үлкен жаңғақ алады, ал егерде ертегіні ұқпай қалса немесе тиінді мүсіндей алмаса – кішкене жаңғақты алады.

Мақтау, мадақтау.

А.Қ. Садыкова

№33 балабақша МҚКК

Павлодар қаласы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.