Мақсаты: балалардың теңізге деген қызығушылығын арттыру, судың қасиетін, теңіздің адамға тигізер пайдасы туралы, теңізден алынатын байлығымыз жөнінде түсінік беру. Балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру.
Көрнекі құралдар: теледидар, кеме макеті, балық суреттері, су асты өсімдіктерінің суреттері, глобус, жұмбақтар, теңіз және кәдімгі су.
Билингвалді компенент: теңіз – море – sea ,балық – рыба – fish.
«Монтессори» технологиясы бойынша
Шеңбердің барысы:
Балалармен амандасу, гүл шоқтарын жеке-жеке беріп, үш тілде амандасады.
Шаттық шеңбері:
Табиғатым тамаша
Көз тоймайды қараса.
Табиғатты аялап
Жүрейікші жараса.
Сәлем саған, Жер ана!
Сәлем саған, Нұрлы күн!
Аман-есен болайық,
Бейбітшілік қалайық!
Ұйымдастыру кезеңі. Кіріспе сөз:
— Балалар, біз бүгін кемемен саяхатқа шығамыз.
— Кемемен қайда жүзуге болады?
— Суда, теңізде, мұхитта
-Дұрыс, балалар.
— Бәріміз мына жер шары немесе глобусқа көз салып көрейікші. Жер шарының үштен екі бөлігін су алып жатыр. Жер бетіндегі барлық адамдардың тіршілігі сумен байланысты.
Ал енді біздер қандай теңіздің жағасында тұрамыз?
— Каспий теңізінің.
— Өте дұрыс.
— Енді теледидарға қарайық (слайд көрсету). Балалар бұл слайдтан көріп отырғанымыздай, өткенде біз теңізге бардық, бұл сол кездегі тускен суреттеріміз. Теңізге барғанда оның шеті көрінбейтінін байқадық, ондағы жүзіп жүрген кемелерді көрдік. Сонымен бірге теңіз бақалшағымен, теңіз құмымен, теңіз балдырларымен таныстық. Сонымен бірге өзімізбен бірге теіңз суын ала келгенбіз.
Біз көк стаканға теңіз суын, екінші ақ стаканға кәдімгі суды құйып, мұздатқышқа қатырып койғанбыз. Бірақ кәдімгі су қатып қалған, ал теңіз суы қатпаған, себебі теңіз суы тұзды, ащы болып келеді. Сондықтан ол қатпайды. Теңіздің суын іше алмаймыз. Жазда теңізге шомыламыз.
Теңізден адам жеуге болатын балық, теңіз капустасы сияқты өнімдерді аламыз және де ас тұзын осы теңізден аламыз.
Енді бәрін мына суретке қараңдар, мында теңізде кездесетін балықтардың бір тобы – камбала, сазан, кефаль, дельфин т.б
Ал мынау – теңіз астында кездесетін өсімдіктер: маллюскілер, калмарлар, сегізаяқ.
- Балалар, теңіз туралы аз ғана мәлімет алдық, енді саяхатқа шыға берсек болады. Саяхатқа шығу үшін бізге не керек?
- Кеме.
- Дұрыс, кәне, кемеге (макетке) орналасайық.
Айналамыз бәрі су-су. Теңіз – өте үлкен, онда апталап жүруге болады..
Енді маған кім су, теңіз туралы тақпақ айтып береді?
Дамир Біз келеміз кемеде
Су бетінде тербеліп
Соқса егер салқын жел,
Дем аламыз тыныстап.
Ақсұңқар: Толқындары бас ұратын жағаға
Аққулары сыланатын жағаға.
Көк теңізге көп барамын
Ойнаймын кәрі Каспий жағасына.
Манас: Каспиге мынау қарашы
Жетпейді көздің шарасы
Кеткендей боп тұр астасып
Аспан мен жердің арасы
Інжу Сылдырлайды мөлдір су
Мөлдір суға қолыңды жу
Жуынсаң сен әрдайым
Аппақ сенің маңдайың
Тазалықтың досы
Су дегенің осы
Сергіту сәті
Көзімізді жұмамыз
Балық болып жүземіз
Ұстап алып біреуін
Қазанға әкеп саламыз.
Балалар мына жаққа қараңдар! Бізге қарай балық жүзіп келе жатыр.
— Қандай балық болды екен?
— Алтын балық қой
Алтын балық: Қош келдіңіздер, балалар, менің мекеніме, мен сендерді әркез күтіп жүремін. Мені таныдыңдар ма?
— Сіз – алтын балықсыз
— Иә, дұрыс, мен сендерге тапсырма ала келдім.
Жұмбақ жасыру:
Жылға қуып ағады
Ағып көлге барады.
Ішсең шөлің қанады
Шешуін кім табады? ( Бұлақ)
Құйрығы жерге тимейді
Жотасы күнге күймейді (балық)
— Енді мен сендерге су туралы мақал-мәтелдер айтып берейін, естеріңе сақтап жүріңдер!
- Бұлақ көрсең көзін аш.
- Су ішкен құдығыңа түкірме
- Судың да сұрауы бар.
— Жарайсыңдар, балалар, өте білімді балалар екенсіңдер!
— Өте жақсы! Енді мен кетейін. Келесі кездескенше, сау болыңдар!
(Балық кетеді)
Балалар біз де енді саяхатымызды аяқтап, балабақшамызға қайтайық.
Монтессори материалмен жұмысқа жіберу.
Жұмыс жасап болғаннан кейін шеңберге отырып, қорытындылау.
Дидактикалық ойын: «Не жасырынған?»
Шарты: Мына тасты ашып, жасырынған заттың атын ата!
Басбаева Ұлбөпе
«Құлыншақ» балабақша тәрбиешісі
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы,
Құрық ауылы