Home » Ашық сабақтар » ТЕХНИКА ҒАСЫРЫ (8-сынып)

ТЕХНИКА ҒАСЫРЫ (8-сынып)

 

Сабақтың мақсаты: 

Білімдік: интернационал сөздер арқылы жаңа мәтінді түсіну, сөздік қорын байыту.

Дамытушылық: «Триала» арқылы жасырын грамматиканы пайдалана отырып, оқушыларды қазақша дұрыс сөйлеп, өз ойын еркін жеткізуге баулу.

Тәрбиелік: Еңбексүйгіштікке, әлеуметтік жағдайың жоғары деңгейде болуы білімде екенін ұғындыру.

Сабақтың көрнекілігі: компьютер, магнитофон, Билл Гейтстің портреті, жаңа сөздер.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: дәстүрлі және инновациялық.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі

А) оқушыларды 3 топқа бөлу.

Ә) Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіру.

Тапсырма:

  1. Мәтінді зейін қойып, тыңдандар. Мәтінде интернационал сөздер бар. Сол сөздер арқылы мәтінді түсінуге тырысыңдар. Мәтінді тыңдайды.
  • Кәне, балалар, қандай интернационал сөздерді естідіңдер?
  • Жауап: электрон, компьютер, техника, «Майкрософт», корпорация, Билл Гейтс, миллион, доллар, интернет. Қабылдаудың 1-деңгейі.
  1. Енді алдарыңдағы ақ қағазға әр топ ақылдаса отырып, мәтіннен түсінгендеріңді суретке салыңдар.
  2. Әр топ өз салған суретін түсіндіріп, әңгімелеп береді. 2-деңгей.

1-топ. Біз компьютер салдық, себебі мәтін компьютер туралы деп ойлаймыз. Қазір компьютер өте керек. Мектепте, оқу орнында, дүкенде, вокзалда, банктерде.

2-топ. Біз Билл Гейтстің портретін және доллар салдық. Ол кісі өте бай, ақылды адам. «Майкрософт» корпорациясының иесі. Оның доллары көп, миллионер.

3-топ. Біз де компьютер салдық. Компьютер арқылы интернетке шығасың. Ол байланыс құралы. Интернет, электрондық пошта өте керек.

  1. Оқулықпен жұмыс. Мәтінге қажетті жаңа сөздермен жұмыс жүргізу.
  2. Қажеттілік — необходимость.
  3. Есепшот — счет.
  4. Интернет жүйесі — система интернета.
  5. Ықпал етеді — влияет.
  6. Сапалы — качественный.

Жаңа сөздерді мұғалім оқиды, оқушылар қайталайды, хормен, жеке-жеке. Мәтіннен осы сөздермен келген сөз тіркесін тауып оқиды.

Енди, балалар, мәтінді өздерің іштеріңнен 1 рет оқыңдар.

Тапсырма: 3 топ мәтінді дауыстап 3-ке бөліп, әр топ өзі оқыған бөлімге жоспар құрады және тірек сөздер жазады.

ЖОСПАР

1-топ, ХХІ ғасыр ғылым мен техника ғасыры өзгерістер әкелді.

2- топ, Билл Гейтс кім? табысы, іскер адам.

3- топ, интернет жүйесі және қолданатын, озық.

Жоспар және тірек сөздер тақтаға жазылады:

Әр топтан бір оқушы өз жоспары бойынша мәтінді тірек сөздерге сүйене отырып, мазмұндап береді.

Енді,1 оқушы мәтінді жинақтап бастан аяқ мазмұнын айтып береді: қабылдаудың 3 деңгейі «Триада» арқылы сөйлесу, яғни мәтінді ауызекі тілде қолдану.

Үш топтан бір оқушыдан шығып, бір-біріне сұрақ қойып, жауап алады.

1-топтан — Ольга, 2 – топтан — Евгений, 3- топтан — Инна.

Е: Инна, сен Ольгадан сұрашы, Ольгада компьютер бар ма?

И: Жарайды, Евгений сұраймын. Ольга сенде компьютер бар ма?

О: Әрине, Инна, менде компьютер бар.

И: Евгений, мен сұрадым. Ольгада компьютер бар екен.

Е: Жарайды, рақмет.

И: Ольга, сен Евгенийден сұрашы. Ол компьютерде не істей алады?

О: Инна, жарайды. Мен Евгенийден сұраймын. Евгений, сенкомпьютерде не істей аласың?

Е: Ольга, мен компьютерде сурет саламын, ойын ойнаймын, мәтін жазамын.

О: Инна, мен сұрадым. Женя мәтін жаза, ойын ойнай, сурет сала біледі.

И: ольга, жарайды. Мен өте ризамын.

О: Женя, сен Иннадан сұрашы. Ол интернет жүйесі арқылы байланыса ала ма?

Е: Ольга, мен Иннадан сұраймын. Инна, сен интернет жүйесі арқылы байланыса аласың ба?

И: Иә, қажетті мәлімет, білім аламын.

Е: Ольга, мен Иннадан сұрадым. Инна интернет жүйесі арқылы білімін толықтырады екен.

О: Ой, рақмет, Женя  мен қанағаттандым.

Тапсырма: Билл Гейтстің портреті:

  1. Сұрақ, бұл қандай адам?
Ақылды

Бай

Білімді

парасатты

Депутат

Банкир

Кәсіпкер

Жеке меншік

Шаруашылық иесі

Жақсы маман

Білім

Жақсы оқу

Тілдерді

Қазақ, орыс,         ағылшын

  1. Сұрақ. Қалай ойлайсыңдар, бай болу үшін не істеу керек? Маман,
  2. Жақсы банкир, депутат болу үшін не істеу керек?

Қорытынды: балалар, өздерің айтқандай, еліміздің белді, әйгілі бай азаматы болу үшін, білім қажет екен. Олай болса, сендер де білімді, озық техниканы меңгерген білікті, мемлекеттік тілді жетік білетін, шетелге де еркін шыға алатын азамат болыңдар.

Үйге тапсырма: 1-деңгей — сөздіктермен сөйлемдер жазып, мәтінге диалог құру, 2-деңгей — шығарма жазу «Маған компьютер не үшін керек?»

 

Петропавл қаласы № 17 ұлттық өркендеу
орта мектеп-кешенінің қазақ тілі мұғалімі
Ахметжанова Жанар Манапқызы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.