Home » Мақалалар » ЖАҢАША ОҚЫТУ МЕН ОҚУ – ӨМІР ТАЛАБЫ

ЖАҢАША ОҚЫТУ МЕН ОҚУ – ӨМІР ТАЛАБЫ

Әлемдік білім беру жүйесі уақыт өткен сайын жылдам дамуда. Білім беруде мұғалімнің басты нысаны – оқушы. Ендеше, алдымыздан білім нәрімен сусындаған оқушыларымыз болуы керек пе? Оқушыларды осы деңгейге жеткізу үшін мүғалімдер қандай болуы керек? Білім «барлығы баланың өзі үшін», «баланың рухани байлығы үшін» деген ізгілік ұстаным негізделіп, баланың, адамның ойлау бейнесін өзгертуге бағытталған. Сонымен қатар, білім әдіснамалық негіздері біздің «қалай оқу керектігін үйренуге», «нені оқыту керек «мұғалімдер оқушыларды XXI ғасырға қалай дайындайды?» деген маңызды мәселелер жұмыс атқаруды талап етеді. Білім беру жүйесіндегі негізгі мәселелердің бірі – білім берудің тиімді жолдарының ізі болып табылады. Дұрыс ұйымдастырылған оқыту үдерісі жеке тұлғаның дамуына ететіндіктен, осы жұмысты ұйымдастыру барысында мұғалім үшін ең басты мақсат – сабақты әдіс-тәсілдерді дұрыс таңдау қажет.

Оқушыға білім беру – күрделі мәселе. Оқушыға саналы білім сапалы тәрбие беру үлгі факторларды ескеру керек. Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және адами құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, да және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқыту технологиясын еңгізу, білім беруді ақпараттандыру. Қазіргі кездегі ғылым мен техниканы деңгейі әрбір оқушыда сапалы және терең білім мен іскерліктің болуын, шығармашылықпен жұмыс істеуін, ойлауға қабілетті болуын талап етеді.

Елбасымыз Н. Назарбаев: «Ұстаздың алға қойған міндеті өте ауқымды: білім жүйесін іштей қайта құру және сол арқылы бүкіл қоғамды ағарту жүйесінің барлық аймағын өзгерту. Ол үшін ішкі қайта құру қажет: құрылымдық, қүндылық» деген. Мұғалімнің кәсіби білігін шыңдаудың үздіксіздігі оның шығармашық қабілетінің дамуының кепілі және өзіндік жеке педагогтік тәжірибесінің дамуының алды болып табылады.

Білім берудің негізгі мақсатына қатысты қазіргі қоғамда жаңа ұғым пайда болды.

Білім берудегі әлемдік бағыттарды талдай отырып, кәсіби педагогикалық маманға мына талаптар қойылады:

Білім беру сапасын жоғарылату;

Педагогтың шығармашылық, зерттеушілік қабілеттерінің өсуі;

Педагогтың рухани құндылық қабілеті жоғары болуы тиіс;

XXI ғасырдың мұғалімі оқыту мен тәрбиенің жаңа технологияларын үздіксіз меңгеріп, өз тәжірибесінде қолдануы керек;

Білімді интеграциялау;

Кәсіби қабілеттілік;

Интеллигенттік;

Бәсекелестікке қабілеттілік;

Рухани байлық.

Мұғалім, ең алдымен, оқушыда өзін-өзі дамыту қабілетін қалыптастыруға ат салысу керек. Өйткені, бұл – тұлғаны ұлттық және әлемдік мәдениетке үйлесуге апаратын сара жол. Бүкіл дүние өңіріндегі болып жатқан осындай құндылықтардың өзгеруі жаңа ғасырға жас ұрпақты дайындау әдетімен байланысты. Біздің қоғамға жаңа мағлұматтарды қабылдап қана қоймай, оны ойлана отырып, сыни талқылап, ой елегінен өткізе білетін оқушылар керек. Яғни, оқушылар мағлүматтар мен идеяларды өз беттерімен, тәуелсіз меңгеріп, осы алған мәліметтері пайдалы болатындай салулары керек. Олар жаңа идеяларды әр түрлі көзқараспен зерттеп, шынайылығы мен пайдасын талкылап, идеяның жалпы құндылығын анықтай алулары қажет. ХХІ ғасырға аяқ басқан жас ұрпақты жарқын болашаққа лайықты өмір сүруге жақсылап дайындау – білім беру саласында қызмет атқарып жүрген кез келген маман үшін кезек күттірмейтін мәселе. Яғни, механизм мен демократия идеялары басты бағыт болып түрған жаңа ғасырда білім беру жүйесіне жаңа тәжірибелер енгізу керек. Сонда ғана болашақта нәтижелі жұмыс атқарамыз.

Қорыта айтқанда, Елбасымыз өзі айтып өткендей, тілдік біліктілігі мен кәсіби біліктілігі ілгері деңгейде ұштасқан маман ғана елдің әлеуетін арттырумен қатар өзге елдердің мамандарымен бәсекеге түсуге қабілетті бола алатыны ақиқат. Еліміздің болашағы жарқын болуының кепілі – өзге елдермен иық тіресер жағдайда білімді де, білікті мамандардың көп болуы.

Жаңалыққа бейім, қазіргі әлеуметтік сұранысқа өздігінен ғылыми ізденістер мен зерттеулер жасайтын, тез шешім қабылдайтын, шығармашылықпен өзін-өзі үздіксіз дамытатын мамандарды заман талабына сай бағдарламалармен даярлауда «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша ПҚ БАИ үлесі зор.

 

Омарханова Светлана Имангалиевна
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының
Қоғаммен байланыс және баспа қызметі бойынша
бөлімінің жетекші маманы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.