Бүкіл әлемнің саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени және рухани жағдайына ықпал етіп отырған діни экстремизм мен терроризм. ХХІ ғасырдың ең бір өзекті мәселелерінің біріне айналып отыр.Террорлық актілерге итермелейтін антогонизмдер және қайшылықтар өсе түсуде. Қазіргі кезде дінифундементализм мен лаңкестік бір ғана аймаққа, бір ғана мемлекетке тән нәрсе болмай отыр. Әлемдік дәрежеде лаңкестікке апаратын діни экстремизм жалғаса түсуде. Түрлі топтар осыны пайдалану арқылы саяси экономикалық мәселелерді шешуге тырысуда. Қызылорда қаласының білім бөлімінің, облыстық білім басқармасының 2018 жылғы 04 желтоқсандағы № 07-17/6036 хатына сәйкес, Қазақстан Респуликасы «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» заңының 10-1 бабына (Терроризмге қарсы ақпараттық-насихаттық іс-қимыл) байланысты терроризмге қарсы жұмыстарды жалғастыру мақсатында 2018 жылдың 12 желтоқсанында Қалалық білім бөлімінің «Баларман» балабақшасында «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» балабақша қызметкерлерімен жиналыс жүргізілді. Негізгі жиын барысында қатысушыларды жиналыс мақсатымен және жиналыс жаднамасымен толығымен таныстырылып аталған жағдайлар орын алған жағдайда не істеуге болатынын және не істеуге болмайтындығы түсіндірілді. Жиналыс барысында аталған тақырып бойынша сұрақ қоюшылар болды. Соның бірі «Шаңырақ» ересек тобының тәрбиешісі Д.М.Қаладинқызы — «Егер бір таныс емес зат тауып алған жағдайда не істейміз?-деген сұрағына Егер бөтен зат немесе қорап секілді зат тауып алған жағдайда қасына жақындауға,ұстауға,орнын ауыстыруға болмайды, зат тұрған жерді оқшаулап қою керек ,тек ондай жағдай болған кезде басшылыққа хабарласу керектігін айтып өтті және (102,110,112) нөмерлеріне хабарласуға болатынын айтылды. Бастысы қауіпті діни әдебиетке тыйым болмай, діни терроримизмнің алдын алу мүмкін емес. Терроризмге қарсы күрестің бірден — бір жолы – олар туралы өз уақытында шынайы мәлімет беру. Бұл жерде әрине күнделікті ақпарат құралдарының рөлі өте жоғары. Әйтседе жас өспірім балалар үшін ақпарат құралдарының беретін мәліметі де жеткілікті емес, секталардың, экстремистік топтардың қауіпі туралы жастарды, жалпы халықты көбірек хабардар етіп отыру қажет. Әрбір азамат қоғам тыныштығы үшін діни терроризмге табанды түрде қарсы тұруы тиіс. Қазақ халқы ертеден — ақ бірліктің, ынтымақтың маңызын жете түсінген. Бабаларымыздан өсиет болып бізге жеткен «Бақ қайда барасың, ынтымағы мен бірлігі жарасқан елге барамын» — деген қанатты сөз бүгінгі күн ішінде өз көкейкестілігін жойған жоқ. Кемеңгер бабаларымыз «Алтау ала болса ауыздағы кетер, төртеу түгел болса төбедегі келер» деп елді бірлікке шақырып отырған. Сондықтан бәрімізге қастерлі тәуелсіздігіміздің нығаюы үшін, елімізде ұлтаралық және дінаралық татулықтың сақталуы үшін бір кісідей атсалысуымыз керек. Бірлігіміз бекем, тәуелсіздігіміз баянды болсын ағайын!
Абибуллаева Зухра Абдуллақызы
Қалалық білім бөлімінің
«Баларман» балабақшасыны КМҚК-нің
меңгерушісі
Қызылорда қаласы