Home » Жаңалықтар » «ТЕЛЕФОНСЫЗ АПТА» АКЦИЯСЫ

«ТЕЛЕФОНСЫЗ АПТА» АКЦИЯСЫ

Зерттеу жұмыстары шеңберінде «Үміт» балалар үйінің тәрбиеленушілер кеңесі ересектер ұжымы және балалар арасында ерекше «Телефонсыз апта» экспериментін өткізуді ұсынды. Балалардың қатысушыларға әзірлеген өтініші былайша естілді: «Ересектер мен балаларды эксперимент акциясына қатысуға шақырамыз: «Телефонсыз апта!» Ұялы телефондарыңызды алыңыздар және адамша жұмыс істейік! Сіз күніне неше рет қолыңызға ұялы телефонды уақытты қарау, интернетке кіру, поштаны тексеру үшін аласыз? Жауабы белгілі: «Көп». Ғалымдар өз ұялы телефонымызға сұмдық тәуелділікке тап болғанымызды растайды. Олардың зерттеулеріне сәйкес, телефонның жоқ болып кеткені, батарейкасы отырып қалған немесе апаратты сөндіруге тура келетінін байқап, біздің 53%-ымыз қатты дүрлігеді және күйзеліске түсе бастайды. Психологтар бұған ғылыми термин – номрфобияны ойлап тапты. Бізде үнемі желіге шығуға, вацапқа қарауға, жаңалық топтамасын қарағымыз келіп тұрады және құдай сақтасын сіздің ұялы телефоныңыз сөнбесін, вайфайыңыз болмай қалмасын. Біз абыржимыз. Біз әр түрлі әлеуметтік желілерге тіркелеміз, бірақ не үшін екенін түсінбейміз.

Жаңа фобииден құтылу оңай ма және бір апта ұялы телефонсыз жүре алам ба? Бұл сұрақты өзіңізге қойыңыз. Бұл әлемде қанша керемет бар екенін айналамызға қарап, түсінуге мүмкіндік беретін керемет экспериментті бірге өткізейік!

Өтініш —  күн сайын өз жағдайыңызды және «Мен бір апта бойы қалай телефонсыз жүрдім» көпшілік алдында сөз сөйлеуге дайындалғаныңды сипаттау. Тура бір аптадан кейін акт залында «Мен және менің телефоным» іс-шарасында кездесеміз.

Экспериментке 32 адам қатысты, оның 8-і педагогтар. Акция соңына дейін үш ер бала шыдай алмады, олар өздерінің эксперимент соңына дейін күте алмайтындарын айтты. Оның аяқталуына бір күн қалғанда тағы екі қыз бала телефондарын алып кетті, олар өз телефондарын қатты сағынғандарымен түсіндірді. Күн сайын акция қатысушылары өз жағдайларын сипаттады. Мысалы, 7-сынып оқушысы Кристина Данилова: «Бүгін менің телефонсыз өткізген бірінші күнім. Мен аса ашушаңмын! Мүмкін мен телефонымды аламын?» — деп өзінің көңіл-күйін сипаттады. Екінші күні: «Бүгін мен аздап жақсымын, бірақ  үнемі телефон туралы ойлай беремін. Сосын мен оқыдым, сурет салдым және мектеп туралы ойладым». Үшінші күні: «Мен телефон туралы мүлде ұмыттым, бірақ ол бәрібір маған қажет!» Төртінші күні: «Менің телефон туралы ойлауға уақытым жоқ болды, мен достарыммен сырластым, кітапханаға бардым, екі бес алдым, себебі өздігімнен дайындалуға көп уақыт бөлдім». Бесінші күні: «Менің телефон туралы ойлауға уақытым жоқ. Қызық. Мен онсыз үйреніп кеттім». Алтыншы күні: «Мен акцияның одан әрі жалғасуына келісемін. Телефонсыз проблемалар аз. Бұрын мен телефонды қолданғаным үшін мұғалімдерден жиі ескертулер алатынмын. Менде оқу машығы жақсарды, себебі бір ай бұрын кітапханадан алған кітапты соңына дейін оқып шықтым!» Жетінші күні: «Ертең бізге өзіміздің телефондарымызды қайтарып береді. Бірақ, маған бұл акция қатты ұнады, енді оған қуанарымды не қуанбасымды білмеймін. Бірақ, мен бір нәрсені түсіндім: телефонсыз өмір сүруге болады және контактеден көрі достарыңмен кездесіп сырласқаның жақсы. Тағы да мен кез келген мақсатқа жету үшін өзіңнің күш-жігерің қажет екенін түсіндім және ол менде бар! Мен өзімді мақтан тұтамын!» Барлық балалар және ересектер, акция қатысушылары өздерінің басынан кешкендері туралы пікір алысты және телефонсыз әлем де өзінің жақсылығы мен бірегейлігін жоғалтпайтыны туралы қорытынды шығарды.

Әрине, эксперимент қатысушылары сыйлықсыз, тәттілерсіз қалған жоқ. Ең бастысы балалар акцияның мерзімі мен атауын өзгертіп, «Телефонсыз бір ай. Менің қолымнан келеді. Ал сен ше?» қайталау туралы ұсыныс жасады. Акция сәуір айына белгіленді.

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.