Home » Поэзия » Тарихқа тағзым (550 жылдық Қазақ хандығына арнау)

Тарихқа тағзым (550 жылдық Қазақ хандығына арнау)

Иншалла, қалың елміз қазақ деген,

Абай, Мұхтар даналарын әлпештеген

Қалмақ, жоңғар жауларына қарсы тұрып

Ұлан-байтақ кең жерін мекендеген.

 

Сыр ақтарсам елімнің тарихынан

Көзіме жас келеді моншақтаған

Халқымның жүріп өткен  сара  жолы

Мен үшін өнеге ол дараланған .

Бастасам орта ғасыр шенінен

Керей мен Жәнібектің дәуірінен

Үш жүздің басын қосқан  Абылайдың

Алмағайып өтпелі кезеңінен.

Халқымның  сол  кезде  аңсағаны

Бостандық пен теңдік  бар арманы

Алайда арманына  жету  үшін

Жазықсыздан  төгілген  жасы  болды.

Сұқтана жан-жағынан көзін тіккен

Сақатну қиын соқты жауларынан

Амалсыздан Әбілқайыр шешімімен

Бодан болып косылды көрші елімен.

Халқымның  күйзелтті қабырғасын

Жарлығы маусымдағы патшамыздың

Аманкелді бастаған көтеріліс

Шегі еді булыққан осы ызалықтың.

Одан бері көз алдыма күңіренген

Елестейді аштықтың көрінісі

Үзім нанға зар болып еңіренген

Сәбилердің, қарттардың аш бейнесі.

Түйіскен тоқсан жолдың торабында

Шарпыды демі репрессия дәуірінің

Елім деп еңіреген ерлеріне

Күйе жаққан қара түнек кезеңінің.

Жылдар ақты кезегімен асығып

Сұрапыл соғыс келді өз күшіне басынып

Ойран салып қалың ел ортасына

Аяулы әке, асыл жар қыршын кетті қырылып.

 

Соғыстан кейін  Кеңестік заманының лебі есті

Аспанда бейбіт құсын қалықтатқан

Қарапайым халықтың көзін байдап,

Жетегіне жүргізіп, алдап баққан.

Одан кейін естілді желтоқсан жаңғырығы

Шыңғырған үн, айқай-шу алаңдағы

Пәк жүрек, адал ниет жастарымның

Жазықсыздан жазықсыз қан болғаны.

 

Ал, бүгінде қол жеткіздік арманға

Көптен күткен бейбіт ашық аспанға

Ел бірлігін, ұлт тірлігін сақтаған

Нұр ағадай тұлға шықты ортадан

Ұлттық рух басталсын деп әріден

Киелі төс Ұлытаудың жерінен

Ежелгі дәстүр жалғастығын көрсетіп

Дүбірлетіп, айқара аштық Ұлытаудың есігін

Сіз бен біз куә болдық ұлылықтың барына

Зиялы қауым жиналған Сарыарқаның бойына

Тамырымнан сыр шертіп, арнадым мен өлеңімді

550 жылдық Қазақ хандығының тойына!

Есмағанбетова Қалдыгүл Әбікенқызы

Сәтбаев қаласы, «№15 жалпы орта білім

 беретін мектебі»КММ, қазақ тілі мен

әдебиеті пәнінің мұғалімі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.