Home » Білім және тарих » Тарихты тану – тегіңді тану

Тарихты тану – тегіңді тану

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың: «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында», — дегені бәрімізге белгілі.Сол жас ұрпақты ұлтжанды етіп тәрбиелеп, ел ертеніне сенімммен қарауда ұстазға  түсер салмақ басым.Бұл орайда тарихты түйсіндіру, салт –дәстүрге сүйсіндіру, өткенді өнеге ете білу  үшін ұстазға  білімнен бөлек біліктілік,шәкіртін  баурай білер шапағат қажет.Осындай адами құнды қасметтері бір басына сыйдырып жүрген ұлағатты ұстаздың біріҚарағанды қаласындағы  №92 гимназияның тарих пәні мұғалімі –Мактупова Бағдат Естайқызы.
Еңбек жолын сонау 1976 жылы Жайрем кентіндегі №30 орта мектепте тарих және қоғамтану пәні мұғалімі ретінде бастаған.Өзінің білікті маман екенін дәлелдеп, 1998 жылдан бастап Қарағанды қаласындағы 92 гимназияда тарих пәні мұғалімі болып қызмет атқаруда.
Бағдат Естайқызы адамдықтың ең басты қасиеті сыйластық деп біледі. Жоғары санатты ұстаз ұжымында сыйлы, шәкіртіне үлгі, ұлағатты жан.
Талай жыл білім саласында тер төккен танымал тұлғаның қалтқысыз қажырлы еңбегі  еленбей қалған емес. Жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін «Ыбырай Алтынсарин» белгісімен, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың алғыс хатымен, облыстық білім басқармасы, қалалық білім бөлімі мадақтамаларымен марапатталған.
Өз пәні бойынша және педагогика, психология, философия саласынан теориялық білімі жоғары, өзіндік білім алумен, білімін жетілдірумен айналысатын ұстаз. Жоғары тәжірибелі, жоғары санатты, Қарағанды қаласының «Алтын белгі» үміткерлерін, олимпиада жеңімпаздарын дайындаған ұстаз. «Қоғамның даму тарихы», «Қазақ рухының философиясы», «Тарих әлемі» атты бағдарламалардың авторы,  «Қазақстанның XVIII ғасырдағы саяси-экономикалық дамуы тақырыбындағы  оқытудың модульдік үлгісі» әдістемелік нұсқаулықтың авторы. «Руханилық – Тәуелсіз Қазақстанның саяси-әлеуметтік дамуындағы қажеттілік» тақырыбы бойынша республикалық деңгейдегі ашық сабағы республикалық телеарналардан ізгілік сабағы ретінде көрсетілді. «Азаматтану» арнаулы курсы бойынша республикалық деңгейде өткен «Демократиялық қоғам» тақырыбындағы ашық сабағы көпшілік көңілінен шыққан.
«Ұлттық рухты мектеп» мазмұнында өткен облыстық семинардағы «Билер институты. Билер кеңесі» тақырыбында ашық сабағы жоғары бағаланып, арнайы жинаққа енді.
«Оқушылардың білім-біліктілігін тексерудің түрлі әдіс-тәсілдері» тақырыбында облыс, қала мұғалімдерімен ББҚБА және ҚД институтында шеберлік шыңдау дәрісін оқып, өзінің іс-тәжірибесімен бөлісіп отырады. Шебер ұстаз кейінгі жаңа оқулықтарға, электронды оқулықтарға сараптама жасап, маман ретінде құнды пікірлерін білдіріп отырады. «Тарихты тану –тегіңді тану» — деп оқушыларға үнемі айта отырып, тектен нәр алған тозбайтынын түсіндіруден жалықпайтын жан.

Әсел Құсайынқызы,
Қарағанды облысы,
«Білім айнасы»

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.