Home » Білім және тарих » Тарихсыз ел болмайды

Тарихсыз ел болмайды

Жас ұрпақ тәрбиесіне атсалысу үлкен толқынның қасиетті борышы саналады.         Президентіміз Н.Ә.Назарбаев “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” мақаласында еліміздің рухани түлеуінің сара жолын бастауға жол нұсқады. Бұл игілікті іске үлкенді-кішілі болып барша жұртшылық қатысып, әркім бір тамшы болсын өз үлесін қосса-тамшыдан теңіз түзілетінін де осы мақаласында айтып жеткізген еді. Бұдан түсінетініміз, ұлттық салт-дәстіріміз, тіліміз, дініміз бен діліміз, тарихымыз, әдебиетіміз мен мәденеиетіміз, ұлттық рухымыздың бойымызда мәңгі қалуын меңзейді.

Міне, осы тұста республика көлемінде, жер-жерлерде Елбасының рухани жаңғыру бағдарламасы аясында көптеген игілікті істер атқарылуда. Облыс басшысы Болат Бакауовтың қолдауымен  «Сакралды жерлерге саяхат» атты кең көлемді акциясы қыркүйек айының басында облыстық ардагерлер кеңесі, «Ауыл» партиясының облыстық филиалы мен «Әбу-Ханифа» қорының мүшелері мен облыстық зиялы қауым өкілдері бірлесіп облыстың бар өңірлерін аралап, нақты шаралар атқарылып жатыр.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында елдің тарихымен қанығып, жұртымен жүздесіп,  жас ұрпаққа патиоттық тәрбие беріп, ұрпақтар сабақтастығын дамыту мақсатында өлкенің тарихи орындарын аралауға шыққан 20-ға тарта облыстың зиялы қауым өкілдерінен құралғған топ мүшелері ат басын Павлодар облысы, Ақтоғай елді мекеніне тіреді.

Аталмыш «Әбу-Ханифа» қорының атқарушы директоры  Кенже Сәдуақасұлы Кенесбаев сапарың мәнісі мен мақсатын көпшілікке ұсынды.Сондай-ақ, ол кездесу барысында  «Туған жердің тарихын әр жас білу керек дейді. «Өлкенің әрбір тарихы мен қырқасы мен мұндалап тарихтан сыр шертеді. Әр елді мекенді алсақ та,сол өлкеден шыққан ұлағат иелері мен даналары, қасиет иелері, тұңғиығы терең аңыз-әңгімелері баршылық. Халқына суықта пана, ыстықта сая болған есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттер де жоқ емес. Жас ұрпақ біліп жүрсе, біз соған мұрындық болып, жол көрсетсек. Елге шыққан мақсатымыздың да негізгі төркіні — жас өскіндерге түсіндіріп-жеткізуді місе тұту. Сондықтан «Тарихсыз ел болмайды» дегендей,  өлке тарихына қанық, шежіресін жақсы білетін Бейсембі ақын сынды тарихты жақсы білетін азаматтар әр елден шығып, қатарымызға қосылып отырады.

Бағдарламаның басы киелі Ақтоғай елді мекенінң тұлғалар жатқан қорымдары мен мұражайы, нысандарын аралап, жергілікті халықпен, мектеп оқушыларымен кездесу өткізді.

   

Гернет жайлы білеміз бе?

Рухани жаңғыру аясындағы бағдарлама басы Павлодар облысы, Ақтоғай ауылында жерленген зерттеуші ғалым, экспедитор,  Солтүстік Мұзды Мұхиттары зерттеу барысында тұңғыш жаңалық  ашқан Евгений  Гернет бейітінің басына барып гүл шоқтары қойылды. Бұл шараға Спартак ауылы мектебінің оқушылары да жұмылдырылды.

Е. Гернет 1882 жылы Санкт-Петербордағы Кронштатта дүниеге келген. Биыл туылғанына 135 жыл толғалы отырған ғалым 1937 жылы зерттеу жұмысы барысында бірнеше керуен жолдарын дайындап, жанына біраз зерттеуші гидролог-ғалымарды алып саяхатқа шығып, зерттеу жұмысының жоба картасын жасайды. Осы жолғы сапарларында қыстың ерте түсуінен қатты суыққа үсініп, сапаршылардың көбі қаза табады. Кіна Евгений Гернетке аударылып, 1939 жылғы сот үкімімен Қазақстан жеріне: Павлодар облысы, Краснокутск ауданы, Спартак колхозынаа жер аударылып, «тыңшы» деген атқа да қалады.

1943 жылы 5 жылы өтеліп, Қазанға баруға рұқсат берілді. Галина есімді қызына бармақ  болып, қуанышты хабардан жүрегі  шыдамай, кенеттен қайтыс болған екен. 1956 жылы Гернеттің қызына оның жерленген жерін көрсетеді. 2011 жылы Галина Гернет әкесіне арнап «Он умер от радости» деген кітап жазған. Ол өзінің қолтаңбасы бар кітапты мектепке сыйға тартыпты.

Карта жасаған, зерттеуші, ғалымның поляр мұз басуына байланысты зерттеген  еңбегі кейін дәлелденген.

Өнер саңлағы

Осы сапарда тағы бір тоқтаған аялдама, бұл —  қазақтың дарынды біртуар ұлы – Естай Беркімбайұлының қорымы. Талант иесінің сүйегі Ақтоғайда жерленген. Бұл зиратты сол кездегі аудан әкімі Әбілқақ Балғабайұлы 1993 жылы Естайдың басы көтерілмей жатыр деп, қорымды жаңартуды ұйымдастырған екен.

Елімізге оң аяқпен қадам                                                    

                                   басты,

Әр елге жақсы іспен

                                араластың,

Естайдың ауылына

                                    сәлем жолдап,

Сіздерге басымды иіп амандастым.

Қазақ елі әлемді таң қылуда,

Еліміз күннен-күнге жаңғыруда.

Мінекей, алыстан кеп азаматтар,

Ортада сыйластықпен сән құруда, -деп ақтоғайлық ақын Бейсембі Мұқажанов көпшілікке сәлемі мен ниетін  жеткізді.

Естай ақын халықтық музыка дәстүрін нақышына келтіріп орындаған өнерлі жан. Сазгер әндік-ақындық ортада өсіп, Жарылғапберді әнші, Ақан сері, Біржан салдың өнерімен сусындаған. Талантты жас өнер иелерінің жыр, дастандар мен толғауларды орындау мәнерін бойына үйірген. Естай олардың тек әншілік-орындаушылық өнерде ғана емес, сазгерлік өнерін де ілгері дамытты: көптеген «Бір мысқал», «Майда қоңыр», «Ашу — пышақ», «Шоқ қара ағаш» сынды әндер шығарғанын да Бейсембі ақын сөз барысында келтіріп өтті.

Анасы Күлипа мен ағасы Байтолым белгілі әншілер болғандықтан, өнері Естайға да дарып, 20 жасында-ақ, белгілі әнші атанған.

Бабалардың тағдырлары әрқилы. Өмірге деген көзқарастары кең,  талас пен тартысқа толы болды. Тарих беттерінде махаббаттарын елге паш етіліп, ән мен жеткен Естай мен Қорланның махаббатын білмейтін қазақ кемде кем болар? Махаббаттарының дәлелі сол, жүрегінің түбіне сәуле шашқан сол бір айлы түндегі Қорланның Естайға берген жүзігі екен.

Осы ретте Мұхтар Шаханов былай суреттейді:

...Менің бақытым да, барым да,

Қорлан берген алтын жүзік жарқырап,

51 жыл сәуле шашты жолымда.

…Қорланымның көзі болған жүзікті,

Өтінемін өлгеннен соң, көрге бірге         

                                                 жерлесін.

Серт пен сөзге ұмытшақтау өлкеде,

Ғашық болып өлу қандай мәртебе?

Тірлігімде шабыт берген бұл жүзік,

Жарық беріп, жатсын маған көрде де,-деп келтірген.

Сәуле мен үміт берген жүзікті о дүниеде де жарық берсін деп досына аманат етіп, адалдық сезім, ақ ниет, достығын кіп-кішкене жүзікке сыйғызған Естай ақынның махаббаты неткен биік десеңізші?

Оқиға кейіпкері зиратының басына күннің суығына қарамастан топ мүшелерімен бірге ауыл халқы, мектеп оқушылары да келіп зиярат етіп, Мәшһүр Жүсіп Көпеев орталық мешітінің өкіл имамы,  Нариман қажы өнер иесінің рухына арнайы құран бағыштады.

Тайқоңырда тұз болған

Ақтоғай ауданының  орталығындағы тағы да бір жаңадан қойылған ескерткіштің бірі – «Мәңгілік ел».

1938 жылы Ертіс ауданының Қызылағаш болысына бөлініп, оған дейін «Тұз түйген» атанып келген  Куйбышев, Краснокутск, 1994 жылдардан бастап Ақтоғай деп аталатын ауданнның бүгінгі келбеті жаман емес. Ауыл ақсақалдарының ұйытқы болуымен орталыққа «Мәңгілік ел» ескерткіші орнатылған. Ақ тамнан Ертіс жағасына қарай  салған. Ал пароход дәл осы жерге келіп тоқтаған деседі. Бұл болашақ ұрпаққа тарих болып қалары сөзсіз.

Тайқоңырда тұз болған.  Ресейде тұз болмай, пароход  келіп, сонымен осы арадан 30-40 шақырым жерден тұз тасыған. Тұз үйген содан қалған атау. Алғаш рет Атнамыс ауылынан келген бай Тоқтас деген атамыз  алғаш өзінің үйінің қадасын осы жерге тіреген. 1916-18 жылдары келіп үй салған деседі.

Ақтоғай ауылының тұрғыны Құрманәлі Ерғали Тоқтас байдың ұрпағы көрінеді. Ол өзінің сөзінің былай тарқатады:

-Тоқан деген атамыздан Көкей, Нау рыз, Жаншора есімді ағайынды туыстар жалғасып төртінші атадан қосылады. Бәрі бірігіп,  мал өсіріп, шарауашылықпен айналасқан. Түйемен тұз тасыған. Кәмпескелеу кезінде Тоқтас, Усачев, Мәрден, Қабыл деген азаматтар ұсталып, біздің атамыз Новосібірге Тоқтас пен Мәрдендер жер аударылып, 10 жылын өтеп, еліне келгесін,  қудалаудың ізі денсаулыққа сыр беріп, 3-4 жылдан соң, дертінің зардабынан қайтыс болған.

Еліне қамқор болған. Жылқы, қара малдан сауын берген. Ел аралап жүріп, қайтара алмаған шаруалардың малдарына кешу жасап, қайырымдылық білдірген жан, — дейді сөзінде.

Ер есімі — ел есінде

   

Кішкене ғана Қожамжар ауылының  Қазақ хандығының 550, Ұлы Жеңістің 70,ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ашылған мұражайдың іші де тұнып тұрған тарих.

Ауылдан  ҰОС 500-ге жуық жауынгер аттанған. 173-і елге аман оралған. Рассветтік Павел Ефимович туралы 1969 жылы «Жерлес тер ерлігі» тақырыбында шыққан мақаланы көріп, зерттеп, Нововаршавкаға 3 мәрте барып,  бауырластар зиратын көріп, Мәншүктер жатқан зираттағы жауынгерлердің рухтарына тағзым етіп, дін қатты заманда дұға жасап қайтқан Қуаныш қажы ағаларының сөзі мен әңгімесіне келгендер әбден қанықты.

«Қуаныш Болатұлының 9 сыныптан армандаған арманын зауытта істейтін құрылысшы ұлын апарып, Псковқа 7 ескерткіштің бірі деп апарып тас қойған.  Қарапайым ағамыз айта алмағасын, орысша сол жердегі әртүрлі ұлт өкілдеріне жеткізгенде, көздеріне жас алды.

Кезінде асығыс жасалып, 200 адамның аты ғана жазылған ескерткішті МҮ-нің алдына әкеліп, қалған 117 жауынгердің атын жазып ескерткіш тақта орнаттық. Тылда еңбек еткендердің де еңбегін елеп, олардың да аттары тасқа қашалды»,- дейді ауылдың жанашыры, атпал азамат Жұмабек Қамзин.

Бекбау ата кім болған?

   

Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында ел зиялыларының Ақтоғай еліне барып, елдің  ішін аралау сапарларында бағдарламаға енген рухани орынның бірі, Ақтоғай ауданы, Қожамжар ауылының шетінде орналасқан  — «Бекбау Ата» зираты болды.

Киелі орынға зиярат етуге барған күні «Төріне береке қонған ел» атты кітапты  қолымызға таратқан еді.  «Бекбау Ата» мешітінің 10 жылдығына арналған. Сондай-ақ, туындыға жас ұрпаққа үлгі, өнеге болсын деп рухани тәрбиенің діни аспектілері кіргізілген. Бұл кітапта қасиет иесі Бекбау бабаның көптеген ерекше қасиеті мен діндарлығы туралы жазылған.

Осы кітаптың демеушісі, және де Ақтоғай ауданында Бекбау Ата, Жандарбек  ата мешіттерін, асхана салған,  басқа да құрылыстар мен нысандарға, қарт адамдарға көмегін жасап жүрген арда азамат, жомарт жан, халықтың баласы Жұмабек Қамзин.

Ал, екі дүниенің адамы болған Бекбау ата қасиетінің ерекшелігіне келетін болсақ, ол жеке әңгіме.

 

                                           Л.Теміртасқызы

Білім айнасы

Павлодар облысы

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.