Мақсаты:
Білімділік: оқушыларды дүниедегі жақсылық атауларының бәрі күннің
нұрынан, ананың мейірімінен таралатынын ұғындыру.
Тәрбиелік: оқушылардың рухани адамгершілік, тұлғалық қабілеттерін дамыту, қыз балаларды сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: жас жеткіншектердің мәдени-бос уақыттын тиімді пайдалануға белсендіру.
Сынып cағатының түрі: сайыс
Көрнекіліктер:
I. Бірінші бөлімге «Ең көрікті және тартымды» (сайыстық бағдарлама): жеңімпаздарды анықтауға арналған жетондар, 8 наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған слайдтар.
Алдын-ала жұмысы:
Алдын-ала сайысқа қатысқысы келетін әрбір сыныптан топтар (6 оқушы), яғни, бірнеше қыз және ұл балалар таңдалынып алынады. Сайысты екі жүргізуші жүргізеді. Шақырылғандар әділ-қазылар мүшесі болады.
Сынып сағатының өтілу жолы:
1 Жүргізуші:
Әкелетін отбасына берекең,
Әз аналар арамызда көп екен.
Жыл құсындай көктем сайын оралар,
Құтты болсын нұрға толы мерекең!
Наурыз мейрам, жүректерге нұр сепкен,
Маңдайымнан сүйіп жатыр гүл көктем.
Жарығыңмен шуағыңмен күн – Ана,
Алып келдің жер бетіне гүл көктем.
Жүргізуші: Бүгін осы залда біз көктемнің ерекше мерекесі қыздар мен аналар мерекесін атап өтуге жиналып отырмыз. Құрметті аса қадірлі ұстаздар, қыз-қызғалдақтар. Қар астынан қылтиып бәйшешек бой көтергенде көктемнің алғашқы хабаршысындай болып Аналар мерекесі келеді. Бәйшешек соншалықты нәзіктігіне қарамастан қардың астынан бүршік жарады. Біздің ару қыздарымыз соншалықты нәзіктілігіне қарамастан барлық қиындық атаулыға төзімді.
— Ұстаздар және арулар! көктемгі күйден жарқырап, гүлдей құлпырған мерекелеріңіз — күн мерекелеріңіз құтты болсын!
Сонымен, бүгін біз осы залда «Тапқыр болсаң, талас жоқ!» атты сайысымызды өткізуге жиналып отырмыз.
Ортаға бүгінгі сайысымызға қатысатын топтарды шақырамыз. Топтар өздерін таныстырып, жылы лебіздік құттықтау сөздерін жеткізуі тиіс.
(Топтар орналасып болғаннан кейін сайыс басталады.)
Сайысымыздың кезеңдерімен таныстыру:
- 1. Таныстыру
- Анашым құдіреттіңнен айналайын
- Әріптер сөйлейді
- І-топтың “ән шашуы”
- суреттерді салыстыр
- ІІ-топтың “ән шашуы”
- Санамақ
- ІІІ-топтың “ән шашуы”
- “Қол өнер”
- 1. Таныстыру. Әр топ басшы тобын таныстырып ұранын айтады 5 ұпай.
- Анашым құдіреттіңнен айналайын. Әр топқа берілген Аналарға арналған екі өлеңді екі топ мүшелері орындауы тиіс (шумақтарын мәнерлеп жатқа айту).
- Әріптер сөйлейді. Берілген сұрақтарға осы әріптен басталатын
сөзбен жауап берулеріңіз керек.
1-топ. (А, Е, Т, О, С ).
- Қандай елде тұрасың?
- Математика пәні ұнай ма ?
- Досың кім ?
- Қазір жылдың қай мезгілі ?
- Қайдан келдің ?
- Әдемі қыздың арманы не ?
- Елтаңбада не бар?
- Бүгін қандай күн?
- Сенің көзің қандай?
- Жігіттер сырға таға ма?
- 2-топ (Ә, Б, М, Н, Д ).
- Жасың нешеде?
- Қандай тағамды ұнатасың?
- Бала оқытатын адам?
- Наурыз көжеге не салады?
5. Жерде не бар?
- Кім болғың келеді ?
- Сенің анаң қандай адам ?
- Сыныпта неше оқушы бар?
- Қыздар неден қорқады?
- Сәукелені қай кезде киеді?
3-топ (Қ, С, М, З, У)
- Мақал білесің бе ?
- Атың кім ?
- Жасың неше де ?
- Қандай қаланы білесің ?
- Сен тұратын қаланы ата.
- Бір зат есімді ата.
- Асан әнді қалай айтады ?
- Жазушыны ата.
- Қазақстанда қандай жануарлар бар ?
- Алма тәтті ме ?
І-топтың “Ән шашуы”.
- Суреттерді салыстыр. Әр топқа жеке суреттер беріледі, артықшылығын табу керек.
ІІ-топтың “Ән шашуы”.
- Санамақ. Сендерге ұсынылған суреттегі жануарлар реттін қатесіз 1 минутта санап шығу керек.
ІІІ-топтың “Ән шашуы”.
- “Қол өнер” Бұл сайыста әр топқа мерекелік ашық хат жасау керек, ашық хат талапқа сай әдемі болуы тиіс.
Оқушылар орындағанша бейне баян Нурлан Өнербаевтың «Анашым» әнінің бейне баянын тамашалаңыздар.
1-ші жүргізуші. Бұл сайыстың мәні дайындықсыз залдағы барлық нәзік жандарды мейрамдарын өлең жолдарымен немесе ән айту арқылы және т.б. өнерлерімен көрсету арқылы құттықтау қажет. Сонымен, қарсы алыңыздар!
Әділ қазылар ақылдаса отырып, барлық сайыстың қорытындысын шығарады.
Нурбергенова Индира Татарбековна
Жаңаөзен қаласы,
№ 9 орта мектептің
математика пәнінің мұғалімі