Білім беру жүйесіндегі басты тұлға – мұғалім. Оның басты міндеті – әлемдік деңгейдегі үлгілерден тәжірибе ала отырып, ұлттық менталитеттен алшақтамай, заман талабына сай шәкірт тәрбиелеу.
Қуантай Амантайұлы басшылығымен құрылған «Білім айнасы» Республикалық ғылыми-танымдық газетінің тілшісі Мадина Серікқызы ОҚО, Төлеби ауданы, Ангарата ЖОМ 2017жылдың 5-қазанында «Педагогтардың шығармашылық дағдыларын дамыту» тақырыбында тренинг өткізді.
Бұл тренингте мұғалімнің БАҚ және әлеуметтік желімен жұмыс жасауды жан-жақты меңгертті.
Тренинг барысында біз мақаланың құрылымы, міндеті, түрі жайында мағлұмат алдық. Әрбір ұстаз өз мақсатына жету үшін жаңашылдыққа талпыну керек. Болашақта әрбір ұстаз жаңалықтың жаршысы бола білейік! Жаңалықты жатсынбай, заман талабына сай шешейік.
ОҚО, Төлеби ауданы, Ангарата ауылы
Ангарата ЖОМ мұғалімдері: Ақберова Нұржамал
Абдусаттарова Дилраба
Жанакбаева Надира
Бердалиева Эльмира
Молдатаева Лаззат
Слан Арайлым