Home » Жаңалықтар » Талапты бала — талпынған құстай

Талапты бала — талпынған құстай

№177 жалпы білім беретін мектеп оқушыларының арасында үнемі түрлі деңгейдегі байқауларға қатысып, жүлделі орындар иеленіп жүрген талантты балалар көп-ақ. Осыған орай, соңғы аптадағы мектеп оқушыларының жетістіктерімен бөлісуді жөн көріп отырмын.

    «Жастар жаққан жұлдыз» атты балалар мен жасөспірімдер арасындағы Республикалық көркем сөз, ән-би байқауына қатысып, өнер көрсетіп, ерекше дарындылығымен тәнті еткен бір топ оқушыларымыз түрлі дәрежедегі дипломдармен марапатталды. Олар — 3«Ә» сынып оқушылары: Мағзұм Қарақат, Байғазы Мөлдір, Қадырбай Балнұр, 3 «Ж» Токан Елмұра, Курбанбек Абдынур, 3«В» Телжан Нұржанат, Айтбай Ибраһим, Айтмұханбет Саян, 3«А» Ноян Ақерке, Нүсіпбек Елнұр, 3«Е» Батырхан Тұмар, 4 «В» Рахимбекова Айнара.

    Жас натуралистер станциясында өткен «Армысың, алтын күз!» атты қалалық байқауға қатысқан оқушылар Асан Бекаман, Умирбаева Алуа, Қырғызбай Дианалар диплом, алғыс хаттармен марапатталды. Пән мұғалімі — Нартбаева Айгүл Байғабыловна.

7Б сынып оқушысы Юсупбай Ақмарал өзін-өзі тану пәнінен өткен қалалық олимпиадада жүлделі ІІ орын иеленді. Пән мұғалімі — Бекенова Балжан Сейілбековна.

«Қазақстан Ұстаздары» орталығының ұйымдастыруымен өткен пәндік олимпиадада ағылшын тілі пәні бойынша Серікәлі Ұнар, Сарсен Балауса, Қаблаш Санжар, Аскер Аяулым, Әділхан Элеонора І дәрежелі дипломды иеленді. Пән мұғалімі Борамбаева Луиза Адиловна.

10 сынып оқушысы Құлмаханбет Бибатыр еркін күрестен Республикалық жарыста жүлделі ІІ орын иеленіп, әлем чемпионатына жолдама алды. Жетекші тренер — дене шынықтыру пәні мұғалімі Құлдыбаев Нүркен.

Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының ұйымдастыруымен 4 сыныптар арасында теннистан өткен жарыста Елеусіз Ізгілік, Кадырбек Нұрхат, Сағынбек Әмір сынды оқушыларымыз жүлделі орын иеленді.

Бокстан Алматы қаласының ашық турниріне қатысқан Алиев Райымбек, Данияр Диас пен Бақбергенов Болат І орын, Ахан Нұрбақыт ІІ орын иеленді.

Балапандардың қанаттары талмай, сұңқар болып биікке самғай берсін деген ізгі тілек білдіреміз.

     

Есимбекова Гүлдана Алтынбекқызы

№177 ЖББМ

Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары

Алматы қаласы, Жетісу ауданы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.