Home » Мақалалар » Табысты мектеп – ел болашағының кепілі

Табысты мектеп – ел болашағының кепілі

XXI ғасыр мұғаліміне қойылатын талаптар зор. Мұғалім өзіндік жеке көзқарасы бар, соны қорғай білетін, жігерлі тұлға зерттеушілік, ойшылдық қасиеті бар маман, білімді де білікті көп оқитын, көп білетін, білімін күнделікті ісіне шебер қолдана алатын, оқушыны өз бетінше білім алуға үйрете алатын болуы керек. Қазіргі мұғалімде ұйымдастырушылық, құрылымдылық, бейімділік, сараптамалық қабілеттері болуы тиіс. Өз ісін абыроймен атқаратын ұстаздың оқушылары да жетістік шыңынан көрініп, мектеп қанжығасына өз үлестерін енгізетіні сөзсіз. Сол себепті де, табысты мектептер қатарынан көріну бағытында мектеп ұжымының әр ұстазы талмай еңбек етуде. Басшы ретінде педагог кадрлардың біліктілігін арттыру бағытындағы жұмыстың маңызы зор деп есептеймін.

Мектепте еңбек ететін педагог кадрлардың ішінде жоғары санатты — 27, оның ішінде 18 педагог-зерттеуші, І санатты — 11, оның ішінде 4 педагог-эксперт, ІІ санатты — 9, оның ішінде 3 педагог-модератор жұмыс жасайды. Ұстаздар қауымы білім мазмұнын жаңарту бағдарламасы аясында білім берумен қатар, оқушыларға үш тілде білім беруді жүзеге асырады.

8-сыныптардың физика, информатика, химия, биология пәндері ағылшын тілінде оқытылады. Биология пәні мұғалімдері Ш.С.Турашева мен Н.С.Сембинова, физика пәні мұғалімі Б.Т.Қасымжанова, информатика пәні мұғалімі Р.Т.Исенова В1,В2 деңгейін меңгерген.

Сапалы білім, саналы тәрбиенің жүргізілуіне байланысты мектеп оқушылары түрлі сайыстарға, пән олимпиадаларына қатысып, жүлдегер атануда. 2017-2018 оқу жылының нәтижесі бойынша «Үздік ұйым» номинациясы бойынша 2,0 млн.-ның иегері атанып, мектептің материалдық-техникалық базасының нығаюына үлкен көңіл бөлінді. Атап айтсақ, 8-11 сыныптардың негізгі оқу пәндері бойынша 18 оқушысы қалалық пән олимпиадасының жүлдегері атанды. Биология пәнінен 1 оқушы І орынға, 6 оқушы ІІ орындарға, 11 оқушы ІІІ орындарға ие болды. Оқушылар арасында қашықтықтан ұйымдастырылатын сайыстарға қатысуда біршама өсті. «Дарын» ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен, өткен «Ақбота» республикалық интеллектуалдық сайысында 17 оқушы орынға ие болды. «Пони» халықаралық сайысында 32 оқушы тапсырыс беріп, бірінші кезең қорытындысы бойынша, 10 оқушы жүлдегер атанды. ҚР тұңғыш Президенті күніне арналған «Менің Отаным — Қазақстан» атты XVIІI аймақтық  экологиялық оқушылардың ғылыми-тәжірбелік конференциясында бір оқушы ІІ орын, екі оқушы сертификатқа ие болды. «Дарын» ғылыми-практикалық орталығының ғылыми- зерттеу жұмысы сайысының қалалық кезеңіне 1-7 сыныпар бойынша барлығы 4 оқушы, 8-11 сыныптар бойынша екі оқушы қатысып, бір ІІ орын, екі ІІІ орынға ие болды. «Жарқын болашақ» олимпиадасының қалалық кезеңінде «Әнші бұлбұлдар» номинациясы бойынша 5 сынып оқушысы Толғанай Рахметова ІІІ орын, 11 сынып оқушысы Нұргүл Ахметова «Тілші-әдебиетшілер» номинациясы бойынша ІІ орын, Аида Кабдрахманова ІІІ орын, Мадина Камзина «Көркем сөз» номинациясы бойынша жүлдегер атанып, облысқа жолдама алды.

Мектеп оқушыларының түрлі сайыстарда өз білім деңгейлерін, өнерлерін көрсетулері тікелей ұстаздардың еңбегі болып табылады. Осы орайда мектеп мұғалімдерінің түрлі деңгейдегі марапаттарын мақтан етуге боларлық. Педстарт республикалық олимпиадасында төрт жүлделі орын, I республикалық «Үздік педагог» педагогика олимпиадасы І орын — 4, ІІ орын — 1; «Жыл үздіктері — 2018» байқауы — Диплом, Қазақстан педагогтар қауымдастығы «Педагогика саласының үздігі» — 1 (Макенова А.К.), USTAZ tilegi-1, республикалық дәстүрлі интернет олимпиада ІІІ орын, «Дарынды балалармен жұмыс жасау» атты республикалық олимпиада ІІІ орын, сабаққа арналған ең жақсы презентация» атты ІІ дәрежелі Дипломмен марапатталды.

Тәрбие үрдісін ізгілендірудің және мектептен тыс тәрбие жұмысын жетілдірудің негізгі шарты — оқушыларға даралап ықпал ету тәсілі болып саналады. Оқудан бос уақытында жасөспірім ортақ істің ұйымдастырушысы, белсенді қатысушысы болуға үлкен мүмкіндік алады. Іске қатысушы ретінде, ол алдына міндеттер қояды, оларды шешу жолдары мен құралдарын таңдайды, ақпарат алады, жеке тұлғаның дамуы, ержетуі және әлеуметтік бағытталуы іске асады.

Осыған байланысты біздің мектебімізде оқушының бос уақытын ұйымдастыру жүйелі түрде қолға алынған. Оқушының шығармашылығын дамыту, рухани байыту мен интеллектуалдық ахуалын кеңейту үшін жағдай жасалынған, оқушылардың бос уақытын ұйымдастыруда шығармашылық-техникалық үйірмелер және спорт секциялар, үстел үсті ойындар қызметі ұйымдастырылды. Үйірмелер саны — 15, оның ішінде жеті топ робототехника, қамтылған оқушылар саны – 220, спорттық секциялар – 15, оның ішінде төрт топ шахмат ойыны, барлығына қамтылған — 435 оқушы.

2018 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыстық «Шаңырақ» жобасы жүзеге асырылуда. Мектебімізде антикоррупциялық мәдениетті қалыптастыру барысында ұстаздар, ата-аналар қауымы және Қамқоршылық кеңес мүшелері арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Облыстық «Аdalfriends» жобасы аясында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Мектебіміздің спорт залында сейсенбі, бейсенбі, сенбі күндері кешкі сағат 19.00-ден ата-аналар мен ұстаздар үшін волейбол, баскетбол спорт ойындары өтеді. Қалалық “Жігіт сұлтаны” байқауында 7 «Ә» сынып оқушысы Бейсен Айдын “Өнерлі жігіт” аталымы бойынша Дипломмен марапатталды. 11 «А» сынып оқушысы Мадина Камзина “Алтын микрофон” сайысында аталымға ие болды. Аяжан Дакенова “Бұрымды ару” сайысында бас жүлдеге ие болды. Қалалық тоғызқұмалақ ойыны спартакиадасына мектебіміздің 8 сынып оқушысы Жанбек Арыстанбек қатысып, І орынға және 7 сынып оқушысы Нұрғазы Кеулимжаев ІІІ орынға ие болды. Павлодар қаласында «Арт-созвездие» атты I халықаралық фестивалінде мектебіміздің оқушылары: Мариям Ғабиден «Саржайлауым» атты әнімен Гран-при, Бейсен Айдын «Туған ел» әнімен І орын, Толғанай Рахмет халық әні «Әгугай» І орын, Дина Айболат «Егемен ел — Қазақстан» әнімен ІІ орындарға ие болды. Павлодар қаласында өткен «Ақпараттық-коммуникациялық теxнологиялар білім беруде» атты облыстық конкурсына оқушымыз Мирас Ғабиден және робототеxника үйірмесінің жетекшісі Парида Жұман қатысып, сертификатқа қол жеткізді.

Атап көрсеткендей, жоғарыда көрсетілген нәтижелер мектеп оқушылары мен  ұстаздар қауымының мақтан етер жетістіктерінің бір үлесі ғана болып табылады. Мектеп ұжымы шығармашылықпен еңбек етіп, оқушылардың бәсекеге қабілетті тұлға болу жолында бар күш-жігерлерін салады деп сеніммен айта аламын.

ХХІ ғасыр – білімділер ғасыры. Ұлы жазушы М.Әуезов «халықты халықпен, адамды адаммен теңестіретін — білім» деген екен. Олай болса, әлемнің білім кеңістігін еркін ашып кіретін, дүниежүзілік мәдениетті танып, ұлттық төл мәдениетті қастерлей білетін, рухани жан дүниесі бай, ой-өрісі дамыған жоғары білімді белсенді ұрпақ тәрбиелеу ұстаздар қауымының басты міндеті болып қала бермек.

Мусабекова Назигуль Махметовна,
Павлодар облысы Екібастұз қаласы
№11 жалпы орта білім беретін мектебінің
директоры.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.