Home » Балабақша » Табиғат қонақтары

Табиғат қонақтары

Мақсаты: Балаларды табиғат қонақтарымен таныстырып, оларға көмектесуге, қамқор болуға тәрбилеу. Құм терапиясын қолданып балалардың ой-қиялын, саусақ қимылын дамыту. Өздеріне еркін сурет салып, өз ойларын жеткізуге дағдыландыру.

Шаттық шеңбері:   Біз қандаймыз, қандаймыз,

                                   Шұғылалы таңдаймыз.

                                   Жарқыраған күндейміз,

                                     Ренжісуді білмейміз.

— Балалар, бүгінгі көңіл-күйлеріңіз қандай? Бізде бүгін ерекше күн болмақ, себебі біздің бәріміз бір-бірімізді жақсы көңілді екендерімізді көріп тұрмыз.

Осы, әдемі көңіл күймен бүгінгі оқу қызметімізді бастайық. Кішкене табиғатымыз жайлы әңгімелесейік.

— Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? Күзде табиғатта қандай ерекшеліктер болады? Күзде неше ай бар?(балалар жауаптары тыңдалады)

Топқа есік қағып, жылап Кірпі келеді.

Кірпі: — Сәлеметсіздер ме, балалар! Балалар, маған көмектесесіңдер ме?

Тәрбиеші: — Кірпі, дос, сізге не болды, көңіл-күйіңіз жоқ қой?

Кірпі: — Мына күздің қоңыр салқын желі менің тікенектерімді ұшырып кетті, тікенектерімді көбейтіп бересіңдер ме? Маған ормандағы жыртқыш аңдардан қорғалуыма қиын боп тұр және жемістерімді жинап балаларыма жеткізуім керек.

Тәрбиеші:- Балалар, кірпі досқа көмектесесіңдер ме? (балалар жауаптары)

Ойын: «Тікенектерді дұрыс орналастыр»

Ойын шарты: балалар ермексаздан кірпі жасап, оның арқасына кеспеден тікенек орналастыру керек (балалар ойынға қызу кіріседі)

Кірпі: -Балалар, рақмет енді тікенегім дұрыс, түгел орналасты, енді менің жемістерімді қалай саламын?

Тәрбиеші:- Қане, балалар кірпінің жемістерін арқасына жинауға көмектесейік.

Ойын: «Жемістерді сал және сана»

Ойны шарты: балалар қатты қағаздан қиылған алмаларды кірпінің тікенегіне салып, санайды (кірпі балаларға рақмет айтып, шығып кетеді)

Сергіту сәті:      Күндей болып күлеміз,

                             Гүлдей болып өсеміз.

                             Қарлығаш болып ұшамыз,

                           Көбелек болып қонамыз.    

Желдің гуілдеп соғып, ызыңдаған дыбысымен тырсылдап Жаңбыр кіреді топқа.

Жаңбыр: — Балалар, сәлеметсіздер ме, мен жоғарыдан сендердің ойындарыңды көріп, сендерден мен жайлы не білесіңдер екен бақылауға келдім.

Тәрбиеші: — Сәлеметсің бе, Жаңбыр, біздің балалар алдымен саусақтарына жаттығу жасап алсын.

Саусақ-жаттығу: Жаңбыр жауса

Тырс-тырс.

Айтады гүл,

Дұрыс-дұрыс.

Жаңбыр жауса

Тырс-тырс.

Айтады қыр,

Ырыс-ырыс. (балалар ойнап, орындайды)

Тәрбиеші:- Балалар, сендер білесіңдер ме, жаңбыр қайдан жауады?(жоғарыдан) Неден пайда болады? (бұлттан)

Дұрыс айтасыңдар, демек қазір біз жаңбырға құмда бұлттың суретін салып берейік.

Құмда сурет салу ережесі туралы тәрбиеші үйретіп, түсіндіре кетеді. Балалар құмда өз ойларындағы ақша және сұрғылт, қоңыр бұлттарды қиялдана отыра салады.

Бұлт: — Жарайсыңдар, рақмет, балалар, сендер өте ақылды, тапқыр, жаңашыл балалар екенсіңдер.

Қорытынды: Балаларға сұрақтар қоя отырып, алған білімдерін қорытындылайды. Балаларды мадақтап, жақсы қатысқан балаларға жұлдызшалар береді.

Саитгалиева Назым Ибрагивона,

№5 «Балбөбек» балабақша тәрбиешісі,

Манғыстау облысы, Мұнайлы ауданы,

Қызылтөбе-2 ауылы,

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.