Home » Ашық сабақтар » Табиғат сыйы. Саңырауқұлақтар

Табиғат сыйы. Саңырауқұлақтар

Ортаңғы топ «Ботақан»

Білім беру саласы: «Әлеумет», «Шығармашылық»

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Экология негіздері, мүсіндеу.

Мақсаты: Табиғаттың жанды нысандары туралы түсініктерін нығайту. Күз мезгілінде орманда немесе ылғалды жерде өсетін өсімдіктің бір түрі – саңырауқұлақпен таныстыру. Оның пайдасы, тіршілігі туралы түсіндіріп, оның түрлерімен таныстыру. Балаларға күн мен түннің өзгеруі, жемістердің пісуі туралы түсініктерін қалыптастыру. Ермексазбен балаларға саңырауқұлақтың бейнесін мүсіндеуге үйрету. Балаларды тазалыққа, ұқыптылыққа баулу.

Әдіс-тәсілдері:

  1. Жылулық шеңбері.
  2. Табиғат сыйы, яғни табиғаттағы өзгерістермен таныстыру, әңгімелеу.
  3. Дидактикалық ойын: «Не жоқ?»
  4. «Саңырауқұлақ» саусақ ойыны.
  5. Балалармен жеке жұмыс.
  6. Балалардың жұмыстары бойынша мадақтап, көрме ұйымдастыру.
  7. Сергіту жаттығуы
  8. Сұрақ-жауап арқылы қорытындылау.

Көрнекілігі: саңырауқұлақтың суреті, ермексаз, тақтайша, сүлгі.

Сөздік жұмыс: саңырауқұлақ.

Билингвалды компонент: саңырауқұлақ – грибок

Ұйымдастыру кезеңі:

  • Жылулық шеңбері

 

Күннің шуағы керегеде ойнайды.

Ұста, ұста тезірек.

Міне кішкентай дөңгелек.

Әне кетті, міне кетті

Қашып кетті төбеге.

 

(Тәрбиеші кішкентай айнаның көмегімен күннің шуағын түсіріп, өлең жолдарды оқиды)

  • Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
  • Жылдың неше мезгілі бар, қане атайықшы?
  • Күз мезгілінде неше ай бар?
  • Қыркүйек, Қазан, Қараша.

— Балалар, күз мезгілінің ерекшеліктерін атап өтіңдерші: Күн салқындайды, жаңбыр жиі жауады, құстардың барлығы жылы жаққа ұшады, күн қысқарып, түн ұзарады. Осындай табиғаттың ерекшеліктерін білеміз. Бұл – күз мезгілінде болатын ерекшеліктер.

2. Балалар, өткен оқу-қызметімізде өсімдіктер әлемімен таныстық. Сол өсімдіктер, яғни тірі жанды өсімдіктердің бір түрі, ол – саңырауқұлақ. Саңырауқұлақ орманда, ылғалды жерде, талдың етегінде көптеп кездеседі. Саңырауқұлақты үй жағдайында тағамға да пайдаланады.

Суреттен немесе слайд арқылы саңырауқұлақтарды көрсету. Олардың тіршілігімен және қайда өсетіндігі туралы түсінік беру.

  1. Дидактикалық ойын: «Не жоқ?»

Ойынның шарты: Тәрбиеші үстелдің үстіне көкіністердің суретін қояды, балалар суреттерді түгендеп қарайды, балалардың көздерін жұмып, ал тәрбиеші бір көкөністің суретін жасырып қояды, балалар көздерін ашып, қайсы көкөніс жоқ, соны атайды. Балалар ойынды қайталайды.

  1. «Саңырауқұлақ» саусақ ойыны.

Шынашағым орманға бар,

Шылдыр шүмек, саңырауқұлақ тап,

Ортан терек тазалап ал.

Балаң үйрек қуыра сал.

Бас бармағым, барлығын жеп

Өсіп қапсың толып.

Балалар тәрбиешімен бірге қайталайды.

  1. Балалар, мына суретке назар аударайық. Бұл – саңырауқұлақтың суреті. Біз осындай саңырауқұлақты ермексаздың көмегімен мүсіндеп жасауымызға болады. Ендеше біз қазіргі оқу қызметімізде ермексаздың көмегімен саңырауқұлақты мүсіндейтін боламыз. Алдымен ермексазды алып жұмсартып, сопақша пішінді дайындап шығарамыз, содан кейін қалпақшасын дөңгелектетіп алып, алақанымыздың ортасына салып, жаймендеп жалпайтамыз. Содан кейін сопақшасына жабыстырып, саңырауқұлақтың бейнесін шығарамыз. Балалар тәрбиешінің айтуы бойынша жұмыстарын аяқтайды.
  2. Сергіту жаттығуы

Отырамыз, тұрамыз,

Басымызды бұрамыз.

Қолымызды жаямыз.

Құстай болып ұшамыз.

Аяқты біз басамыз,

Тез-тез қадам жасаймыз.

Қол соғамыз жабыла.

Қане, қане тағы да.

  1. Тәрбиеші үлкеннің көмегінсіз жақсы орындаған балаларды мадақтап, көрме ұйымдастырады.

8.Оқу-қызметін сұрақ-жауап арқылы қорытындылау.

— Балалар, бүгін біздер оқу-қызметімізде немен таныстық?

— Саңырауқұлақ қайда және қандай жерде өседі?

— Саңырауқұлақтың қандай түрлерін білесіңдер?

— Ермексаздың көмегімен нені мүсіндедік?

Өз бетінше суретті әдемі етіп аяқтаған балаларды мадақтау.

 

                          Ескалиева Рысты Кымызгалиевна

№59 «Ақбөбек» балабақшасының

                             тәрбиешісі,

Атырау қаласы, Ақжар селосы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.