Мақсаты: Тілдің дағдылары мен біліктерін, тілдік бірліктерді еркін және орынды қолдануды қалыптастыру.
Міндеттері: -Балалардың ауызша сөйлеу тілі компоненттерін дамыту
— Тілді естуді дамыту, сөздік қорды байыту. — Тілдесу дағдыларын (диологтік және монологтік) қалыптастыру. — Сөйлеу әдебінің нормаларына баулу.
— Тілге, оның байлығы мен көркемдігіне деген қызығушылық пен сүйіспеншілікті тәрбиелеу.
Тіл – табиғаттың үлкен сыйы. Тіл арқылы адамзат тілдесудің үлкен мүмкіндіктеріне қол жеткізеді, қарым — қатынасын біріктіреді, және көзқарастарын қалыптастырады. Дүниенің қыр-сырын танып білуге жол ашады. Сондықтан, тілдің дамуына, әсіресе мектеп жасына дейінгі бала тілінің дұрыс қалыптасуына ерте бастан ерекше мән берген жөн.
«Тіл халық қазынасы» дегендей балалардың сөздік қорын байыту, ой-өрісін жетілдіруде сөйлеуді дамыту сабағының рөлі ерекше. Сөйлеуді дамыту мазмұны оқу бөлімдері бойынша ұйымдастырылған, олар күтілетін нәтижелер түрінде берілген оқу мақсаттарын көздейтін бөлімшелерден тұрады. Сөйлеу дамыту ортасының негізгі қағидасы ол тіл. Ал оның негізгі бағыттары мыналар:
«Сөйлеуді дамыту» Тыңдалым және айтылым болып бөлінеді
- Дыбыстарды дұрыс айтуды қалыптастыру. (Екпінді дұрыс қолдана отырып, сөздер мен сөз тіркестерін анық және нақты айту)
- Сөздік қорды толықтыру. (Сөздерді тақырыптық топтарда біріктіреді, сөйлегенде жалпылауыш сөздерді, қолжетімді бейнелі сөйлеуді қолданады. Белсенді сөздікті сөздерді сөйлемге біріктіретін, ойды тиянақтайтын айтылғандарды жалпылайтын сөздермен толықтырады.
- Оқиғаларды болжау. (Сөздің басын есітіп, сөздерді болжайды.
- Тілдік нормаларды сақтай отырып, түрлі қарым-қатынас жағдаяттарына қатысу.(Алуан түрлі
- Тыңдаушының назарын аудару. (Қарым-қатынас құралдары арқылы, алуан түрлі лексикалық және грамматикалық құралдарды; сөздерді оқиғаларды қолданады.
- Берілген тақырып бойынша әңгіме құру.
Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда 4 негізгі мақсат қарастырылады.
- Ауызша сөйлеуге үйрету, сөздік қорын дамыту, айналадағы дүниені, табиғатты бақылату, таныту арқылы сөз қорын жаңа сөздермен байыту, заттың атын, ажырап айтатын сөздерді үйрету,
- Сөз дыбыстарын дұрыс айту. Сөйлеуде ауыз қуысы арқылы дұрыс дем алып, дем шығара білуге үйрете отырып, дауыссыз, қатаң, ұяң дыбыстарды естілуіне қарай дұрыс, анық айтуға үйрету.
- Грамматикалық категорияларды үйрету. Зат есім іс-әрекеттерді білдіретін сөздерді қосып сөйлем құрастыру. Сөздерді жіктеп, септеп, жекеше, көпше айтуға уйрету.
- Байланыстырып сөйлеуді дамыту
Балабақшада тәрбиеленіп жүрген баланың тілі де, ой-өрісі де үйде жалғыз жүріп өскен баладан анағұрлым жақсы дамиды. Онда баланың тілін жаттықтырып, ой-өрісін дамытуға көп көңіл бөлінеді. Әсіресе, баланың жас ерекшелігіне қарай айтылатын қызықты тартымды өлеңдер, тақпақтар, жаңылтпаштар бала ұғымын кеңейтумен бірге, дыбыстарды дұрыс айтып үйретуге баулиды, сөздік қорын байытады.
Балалар өз бетінше шығармаларды айтып, шығарманың мазмұны мен ойын дұрыс жеткізіп, диалогтегі адамдардың сөздерін мәнерлі жеткізуге икемделеді.
Тілдің грамматикалық сөйлеу мәдениетін игеруде баланың сәби шағынан басталып, біртіндеп жетілетін кезең. Сондықтан баланы балабақшада оқыту мен тәрбиелеу бағдарламасында белгіленген оқу іс-әрекеттің көп уақыты балалардың тілдерінің дамуына, көркем сөз өнеріне баулуға, мәнерлеп сөйлеуге, тіл мәдениетіне жұмсалады.
Балабақшада тілдік қатынастың ең маңызды түрі ауызша сөйлеп үйрену жатады. Ол болса сөздерді байланыстырып айту арқасында жүзеге асады. Сөздің байланысты айтылуы баланың тілдік және ақыл — ой дамуымен біртұтас жүреді. Мектепке дейінгі шақта бала тілі икемді келеді, сондықтан — да балалармен жүргізілетін жаттығу түрлері әр алуан. Балалардың жас ерекшелігіне қарай топтарды үлкейген сайын тіл дыбыстарын айтып, үйренуге арналған жұмыс түрлері біртіндеп күрделене береді. Балабақшада жүргізілетін тәрбие, білім беру үрдісінде дыбысқа байланысты жаттығу түрлері кешенді түрде іске асырылады..
Сөздің дыбыстық жағын меңгерту
— Бала тілін зерттеп, қай дыбысты айта алмайтынын анықтау;
— Артикуляциялық аппаратты дайындау кезеңі
— Сөз, сөйлем, өлең, жұмбақ, жаңылтпаштарды айтқызып, дыбыстарды үйрету.
Қорыта айтқанда балалардың ана тіліндегі дыбыстарды анық айтып, дұрыс сөйлей білуге балабақшада берілер тәрбиенің ықпалы зор.
Қазіргі заман талабына сай оқу — тәрбие үрдісін ұйымдастыру, яғни әр баланы жеке тұлға ретінде қабылдап, мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерді ойына, бойына шақ әдеби мұралармен сусындатып тәрбиелеу, тәрбиешінің алға қойған міндеті.
Үрзада Сұлтанбекқызы ИСТАМКУЛОВА,
№18 бөбектер бақшасы тәрбиеші,
Ақсу қаласы,
Павлодар облысы.