Home » Жаңалықтар » Кітап – ақылшың, досың

Кітап – ақылшың, досың

Кітап әлемдегі құпиялы ұлы ғажайыптардың бірі. Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында қолға алынған «Туған жер» арнайы жобасының «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы негізінде мектебімізде түрлі іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

Созақ ауылындағы Науайы атындағы жалпы орта мектептің кітапханасында «Кітап — ақылшың, досың» тақырыбында 2 «Д» оқушыларымен дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел оқушылардың бойына кітапты досындай жақсы көріп, аялай білу қасиетін сіңіру және кітап оқуға шақыру мақсатында өткізілді. Дөңгелек үстелде кітапханашылар Ғ.Сатыбалдиева, А.Еркінова, қазақ тілі мұғалімі Ж.Сәңкібаева, психолог Г.Тастанова және бастауыш сынып мұғалімі З.Әбдуғаппаровалар кітаптың пайдасы туралы, берері мол рухани қазына екендігі жайлы әңгімеледі. Балаларда өз ойларын, кітап туралы білген өлең және нақыл сөздерін айтты. Қасиетті жұма күні өткізілген бұл іс-шара балаларды толғандырып, кітап оқуға деген құлшынысын оятты.

Исмайлова Махсуда,
ОҚО, Созақ ауданы, Созақ ауылы
Науайы атындағы жалпы орта мектебі
бастауыш сынып мұғалімі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.