Home » Ашық сабақтар » СҰРАУЛЫ  СӨЙЛЕМ

СҰРАУЛЫ  СӨЙЛЕМ

Сабақтың мақсты: 1) Білімділік: Сұраулы сөйлемнің айтылу  мен жазылуын үйрете отырып, балалардың байланыстырып сөйлеуін  жеңілдету, белсенділігін  арттыру. Жаттығу  жұмыстарын орындау арқылы сызба бойынша  сөйлем құрауға үйрету.

2) Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын молайту, өз ойларын дұрыс жеткізе  білу  дағдыларын  қалыптастыру, оқушылардың байқампаз  іскерлігін, шығармашылық  ойлау қабілеттерін арттыру.

3) Тәрбиелік: Ауызбіршілікке, ұстамдылыққа, адалдыққа, достыққа, әділдікке, жылдам ойлауға тәрбиелу.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың түрі: топтық жұмыс

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, оқыту, әңгімелету.

Сабақтың көрнекіліктері: интерактивті   тақта, сөзжұмбақ, суреттер, шарлар.

I.Ұйымдастыру

Психологиялық  дайындық. — Қайырлы күн балалар! Күніміз сәтті болсын!

  Қараңдаршы, бәрің сондай қуанышты, бір-біріңе күліп қарап, жайдары ақ жарқын болып  тұрсыңдар. Сендердің көздеріңнен мейірімділіктің, жақсылықтың, қамқорлықтың, сүйіспеншіліктің белгісін көріп тұрмын.

Жарқырап күн шашылды,

Айналаға нұр шашылды.

Қайырлы күн!

Біз көңілді баламыз,

Қайырлы күн! Сәлемдесіп аламыз.

Қазір бізге қандай сабақ? (қазақ тілі)

Қазақ тілі – анаң, атаң,

Қуат алар Отан да одан.

Қазақ тілі – халық тілі,

Тіл аманда – халық тірі

Мұғалімнің сұрағы: Оқушвылар жауабы:

Әрбір адам? Досым, сыныптасым

Әрбір сабақ? Үйрену, оқу, іздену

Әрбір сөзің ? Шындық, бірлік, адалдық.

— Ендеше балалар  бүгінгі сабағымызға  сәттілік тілейміз.

Топқа бөлу. 1-топ: Хабарлы сөйлем

2-топ: Сұраулы сөйлем

II.Үй тапсырмасын сұрау

174-жаттығу

Қызығушылығын ояту. Топпен жұмыс. Әрбір топ екі сұраққа жауап береді.

«Сәйкестендір» тесті

Жазушы                                    сурет салады

Ақын                                        әңгіме жазады

Суретші                                   өлең шығарады

Енді сұрақтарға жауап берейік.

— Сендер жаңа «Сәйкестендіру» тесті арқылы қандай сөйлем құрадық?

— Хабарлы  сөйлем

-Ал, енді осы сөйлемдерді  қолдана отырып, менің сұрақтарыма жауап беріңдерші. Жазушы не істейді? Ақын не істейді? Суретші не істейді?

— Мен не істедім?

— Иә, мен сендерге сұрақ қойдым. Ал ол сұрақтарды не үшін қойдым?

— Дұрыс сендерден жауап алу үшін қойдым. Сонымен, жауап алу мақсатымен  айтылған сөйлемдерді сұраулы сөйлемдер  деп айтады.

Сұраулы сөйлемнің соңында сұрау белгісі (?) қойылады.

III. Жаңа сабақ. Сұраулы сөйлем

Оқулықпен жұмыс. 175-жаттығу.

  • Өлең шумақтарын мәнерлеп оқытып, салыстыру.
  • Өлеңде қандай ұқсастық бар?
  • Ал, айырмашылығы неде екен?
  • Қай ақын сұраулы сөйлемді пайдаланған?
  • Аққу туралы не білеміз?

Екі топқа тапсырма: 1-топ: Аққулар туралы мақал-мәтелдер құрастыру

                                     2-топ: Аққулар туралы жұмбақтар құрастыру

176-жаттығу.Тақтамен жұмыс

Мәтінді тізбектеп  оқытып, не туралы айтылғанын сұрап, сұраулы сөйлемдерді   көшіріп  жаздырту.

— Көке, мынау не төбешік?

— Илеу деген не?

— Бүкіл құмырсқа  бір-ақ  үйде тұра ма?

— Олар тату тұра ма?

Құмырсқа туралы не білетіндерін сұрау.

Сергіту сәті

177-жаттығу. Мына жайыттарды  білу үшін  сөйлемдер құра.

Екі топқа тапсырма:

1-топ: — Сабақтың нешеде басталғанын білу үшін;

— Сыныптағы кезекшінің есімін білу үшін;

2-топ: — Асқардың сабаққа неге кешіккенін білу үшін;

  • Қазақ тілінде  неше жуан   дауысты дыбыс бар екендігін сұрау.

Қорыту:

Топтастыру әдісі:

«Мен бастаймын, сен жалғастыр» ойыны

1-топ: 1. Сөйлем   айақталған………………………………. (ойды білдіреді)

  1. Сөйлем сөзден…………………… (құралады)
  2. Сөйлемдегі сөздер…………… (бөлек жазылады)

2-топ: 4. Сөйлемнің бірінші …………… (сөзі бас әріппен басталып жазылады)

  1. Хабарлы сөйлемнің соңына…………… (нүкте қойылады)
  2. Сұраулы сөйлемнің соңына……………….. (сұрақ белгісі қойылады)

Бағалау: «5» болсын балалар бағамыз,
Білімнен бақыт табамыз.
Өнер-білім  көп бақыт,
Өсе берсін санамыз.

Топтар бір-бірін бағалайды.

Үйге тапсырма беру: 179-жаттығу
Рефлексия

Жаңасай негізгі мектебінің бастауыш сынып
мұғалімі Чыкаева Кульбаршын Советовна
Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Сүмбе ауылы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.