Home » Мақалалар » Сүйіспеншілік-адамның басты қасиеті, ақиқат оның негізі, дұрыс әрекет-оның шынайы өмірі

Сүйіспеншілік-адамның басты қасиеті, ақиқат оның негізі, дұрыс әрекет-оның шынайы өмірі

Шыназбекова М
«І.Жансүгіров атындағы №30 жалпы орта мектебі»
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Мақсаты: Риясыз сүйіспеншілікпен ғана өмір мәнді болатынын оқушыларға ұғындыру.

Міндеттері:

-Өмірдің бар жақсылығын негізі махаббат сүйіспеншілік екенін түсіндіру;

-Адамды, Отанды, туған елін, ата-анасын, өмірді сүйе білу іскерліктерін дамыту;

-Мейірімділікті,қайырымдылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Сыныптан тыс.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, әңгіме-сұхбат.

Көрнекілік: Интербелсенді тақта, слайд, нақыл сөздер.

І.Ұйымдастыру кезең.

Шаттық шеңбері: Біз бүгінгі сабағымызды «Тілек шоғы» ойынымызбен бастаймыз.

Қолдарында гүлдері бар балалар дөңгелене тұрады.Мұғалім өзі бастап,оқушылар гүлді бір-біріне тілек айту арқылы ұсынады. Әдепті бол, білімді бол, сабырлы бол,мейірімді бол, аспаның ашық болсын, елімізде тыныштық болсын, бірлік, татулық болсын, кішіпейіл бол т.б.

Өзгелерге денсаулық тілеп, жақсылық жасасаң,ол өзіңе қайта оралады.

Сынып қағазға жазылған, мейірімділік, сүйіспеншілік, қайырымдылық, сабырлық деген сөздер арқылы топқа бөлінеді.

Ф.Оңғарсынова «Жетімнің монологы» бейнефильм.

-Балалар осы бейнефильмнен нені түсіндіңдер?

-Адамдардың бойында қандай қасиеттер құнды?

«Ана махаббаты» аңыз әңгіме.

Төле бидің алдында бір балаға таласқан екі әйел шешім сұрап келеді.Екеуі де «бала менікі»-деп бет қаратпайды.Біреуі «бұл баланы мен тудым, бесіктегі жатқан шағында ұрлап кеткен еді.Бұны пәлен жеріндегі алақандай қалынан таныдым» -десе, екіншісі «ұрлаған түгім жоқ,

9 ай көтеріп тапқан ұлым»-десе керек.

Сонда Төле би қолына қылыш алып «бұл баланы екеуіңе қақ бөліп берейін» — деп баланы қақ бөлмекші болады. Баланы 9 ай көтердім деген әйел бұл әрекетке міз бақпастан қарап тұрса, «ұрлатып алдым» деген әйел «ойбай-ай, шаппаңыз! Қайда жүрседе аман жүрсін!» — деп жер тізерлеп отыра кетеді.Сүйтіп Төле би баланы өз анасына қайтарып береді.

Сұрақтар:

1.Екі әйел Төле бидің алдына не үшін таласып келеді?

2.Төле би қолына қылыш алған кездегі мақсаты не еді?

3.Оқиғаның соңында не жеңеді?

Қорытынды: Байқадыңыздар ма, балалар,оқиғаның соңында әділдік риясыз махаббаттың жағына шықты.Өйткені риясыз сүйіспеншілік қана барлығын жеңе алады.

-Ал сүйіспеншілік, махаббат деген де ең алдымен кім ойыңызға түседі?

-Дұрыс, Ана.

Дәйек сөз. «Дүниеде ана махаббатынан қасиетті нәрсе жоқ.Оның алдын да адамды ынтықтырушы өзге дүниелер әлсіз келеді» В.Т.Белинский.

-Балалар ойланып көріңдерші жер бетіндегі ең әдемі сөз қандай? (АНА)

-Дұрыс балалар адам алғашқы сөзінде осыдан бастайды.Жер бетіндегі тілдердің бәрінде де осы сөз ерекше қастерлі.

-Неге ананың қолы ең қасиетті, аялы дейміз?

-Ал ананың жүрегін ең сенімді және сезімтал жүрек, оның сүйіспеншілігі неге ешқашан сөнбейді дейді?

-Неліктен көзінен еш уақытта еш нәрсе де қалтарыс қалмайды деді?

-Дұрыс балалар сенің жасың қаншада болсын-мейлі 5 жас болсын, мейлі 50 жас болсын, саған әрқашан ана керек, оның аясы, мейірімі керек.Сенің анаңа деген сүйіспеншілігің неғұрлым зор болса, өмірің де соғұрлым шексіз қуанышқа, шалқар нұрға бөленеді: Ана мен бала арасындағы сүйіспеншілік.

Әр топ «Ана мейірімі» тақырыбында эссе, нақыл сөздер, мақал-мәтелдер жазу.

Топпен ән айту «Ана туралы жыр»

сөзі: Ғ.Қайырбеков әні:Ш.Қалдаяқов

Шығармашылық жұмыс.

Әрбір топ өздерінің сүйіспеншілік туралы түсініктерін, оның өмірдегі көрінісін плакатқа коллаж арқылы жасайды.

І топ.Газет-журналдардан сурет қиып алып, желіммен жапсырады.

ІІ топ.Түрлі-түсті қағаздардан апплекация жасайды.

ІІІ топ.Түрлі-түсті қаламмен сурет салу арқылы көрсетеді.

Қорытынды: Осы шығармашылық жұмыс барысында біз өз арман-қиялымызды жарыққа шығара алдық.Ең бастысы бір-бірімізге деген сүйіспеншілік пен сыйластық таныта отырып, ортақ нәтиже шығара алдық. Ендеше әр күнде осы бір сүйіспеншілік сезімін жүрегімізде сақтап жүрейік.

Адам өміріндегі ең қадірлі нәрсе табыс емес,сүйіспеншілік.Сүйіспеншілікті қарапайым сөзбен айтып жеткізе алу мүмкін емес. Оны іспен ғана білдіре аласың.Себебі ол сезімнің бір бөлшегі. Ол адамдар арасындағы жылуды ұялатады.Үлкен сезімдерге бастау береді.Сүйіспеншілік жек көрушілік жоқ жерде ғана ұшқын алады.

Көзімізді жұмып,еркін жайғасайық.Енді, бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қандай жақсы нәрселерді үйрендік. Өзімізге нені алдық? Сол жөнінде ойланайық.Осының барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық.Жайлап, көзімізді ашуға болады.Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.