Мұғалімдер күніне арналған «Сіздерге шын жүректен, ұстаздар!» атты мерекелік іс-шараның талдауы
06.10.17 күні мұғалімдердің төл мерекесі аталып өтілді. Іс-шараның мақсаты оқушылардың ұстаз қауымына деген сүйіспеншілігін білдіру, ұстаздар мерекесін атап өту болатын. Аталмыш іс-шараға мектеп оқушылары өте белсенді атсалысты. Мектеп директоры мектеп ұстаздарын мерекелерімен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Мерекеде ән де, тақпақ та, би де болды. «Жас ұлан» ұйымының балаларының дайындаған билері ұстаздар қауымын бір қуантты. Іс-шараға мектеп мұғалімдерінің барлығы қатысты. Ең бастысы мереке көңілді өтті.
Сабитбекова Диана Ерлановна
Рудный қаласы әкімдігінің «№ 19 орта мектебі» КММ
Балалар ісін ұйымдастырушы
Қостанай облысы