Қостанай қаласында орналасқан № 6697 әскери бөлімінде жас сарбаздар ант қабылдады. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай «Біздің қоғамның идеалы –ол өзінің тарихын, тілін, мәдениетін білетін, бұл ретте заманауи, шетел тілдерін меңгерген, алдыңғы қатарлы және жаһандық көзқарасы бар қазақстандық болу керек»-деп Президент «Төртінші өнеркәсіптік революция жағыдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында атап өтті. Отан алдындағы борышын өтеуге келген жастарымыз білімді де, білекті, жаһандық көзқарасты азаматтар болуға тиісті.
6697 әскери бөліміне келген екі жүзден аса сарбаздыр, жастары он сегізден енді асқан жас толқын, астықты өлкеге Қызылорда, Тараз, Павлодар, Атырау облыстарынан келген. Жүрек тебірентер рәсімге аталған аймақтардан сарбаздардың ата-аналары мен туыс-туғандары арнайы ат басын бұрғанда екен. Біреулері балаларының, ал екіншілері бауырларының ер жеткеніне көз жеткізіп айрықша тебіренді. Шара барысында Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы «Орталық » өңірлік қолбасшысының тәрбие жөніндегі орынбасары, полковник Имиров Савердин Карлович алғы сөзінде; «Сіздердің қызметтеріңіз –әрбір қазақстандық отбасының тыныштығы мен ертеңгі күнге деген сенімділігінің кепілі. Бұл жерде нағыз жауынгер болып шыңдаласыздар. Отанды сүю дәл осы жерден бастау алады. Сіздер бұл жерден отансүйгіштік , адамгершілік қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп әрі төзімді болуға үйренесіздер. Алдағы бір жылда Отан үшін қызмет етіп, Ұлттық намысымыздың туын биіктен желбіретесізденр!»-деп сарбаздарға кеңес берді . Кезекті сөз алған 6697 әскери бөлім командирі, подполковник Ипатов Ерлан Берікқалиұлы: «Бүгін біздің бөлімде салтанатты және атаулы күн. Жас сарбаздарымыз Қазақстан халқына,және оның заңды түрде сайланған Президентіне деген киелі сеніміділік, Отанымыздың абыройын,бостандығын және тәуелсіздігін қорғау» деп түйіндеді. Өз кезегінде олар оқу жаттығуда болған сарбаздарымыз Ант қабылдау салтанатты іс-шарасында дайындықтарының жоғарғы деңгейде екенін ата-аналары мен келген қонақтарға көрсетті. Олар саптық амалдарды,жауынгерлік қарудан ату машық-дағдысын,сондай-ақ жауынгерлік техниканы жүргізуді және тағы басқа әскери іс-қимылдарды меңгерген. Көпшілік алдында салтанатты маршпен жүріп өтті. Сондай-ақ,әскери бөлім оркестрінің сүйемелдеуімен патриоттық әндерде шырқалды. Отан алдында ант қабылдаған салдаттарымыз алдағы уақытта қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, қылмыстық атқару жүйесі мекемелерді күзету секілді аса жауапты міндеттер жүктеліп, әскери мерзім аралығында орындауға кірісетін болады.
Кіші сержант Қымбат Шұғайып
6697 әскери бөлімі, Қостанай облысы